• Басты
  • COVID-19: Пандемия екінші толқынының шарықтау шегі қарашаның екінші жартысында болуы мүмкін
21 Қазан, 2020 13:04

COVID-19: Пандемия екінші толқынының шарықтау шегі қарашаның екінші жартысында болуы мүмкін

Әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны әлемде 40,7 миллионға жетті. Ал 30,4 миллион адам емделіп шықты, 9,2 миллион адам әлі күнге ем қабылдап жатыр. 1 миллион 125 мың науқас қайтыс болды. Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай туралы Strategy2050.kz тілшісі дайындаған материалдан оқи аласыздар.

COVID-19: Пандемия екінші толқынының шарықтау шегі қарашаның екінші жартысында болуы мүмкін

Бүгінде АҚШ-та, Еуропа елдерінде және Ресейдегі жағдай тұрақты емес. Үндістан мен Австралияда жұқтырғандар санының азайғаны байқалуда, ал Қытай өзінің экономикасының қайта қалпына келгенін айтты.

Әлем елдерінің денсаулық сақтау органдары қарашаның екінші жартысында пандемияның екінші толқынының шарықтау шегі болуы мүмкін екенін айтады. Қазіргі уақытта әлем елдерінің үкіметі карантин шаралармен ғана шектелуде, өйткені олар бизнеске зиян келтіргісі келмейді, сонымен қоса жаппай вакцинацияның салыстырмалы түрде ерте басталуына сенім артып отыр.

Ұлыбритания

Үлыбританияда коронавирусқа қарсы вакцинаның тиімділігі мен сапасын анықтау мақсатында егілген 18-30 жас аралығындағы 90 британдыққа әдейі мұрын арқылы вирус жұқтырмақшы. Бұл келер жылдың қаңтар айына жоспарланып отыр. Мамандардың айтуынша, аталмыш зерттеу – әлемдегі осындай бағыттағы жасалған алғашқы зерттеу болмақ.

Еріктілердің қауіпсіздігі бірінші кезектегі мәселе болады. Олардың жас болуы және жағдайларының тәулік бойына бақылауда болуы сынақтың сәтті өтетініне кепілдік береді.

«Адамдарға белгілі патоген арқылы вирусты жұқтыру оңай қабылданған шешім емес. Бірақ мұндай зерттеулер маңызы зор. Коронавирусқа қарсы вакциналар мен терапияларға тезірек қол жеткізу үшін бұл өте қажет», - деді профессор Питер Опэншоу BBC басылымына берген сұхбатында.

Бағдарламаның тағы бір жетекші қатысушысы, Лондон императорлық колледжінің докторы Крис Чу оның командасы 10 жылдан бері басқа вирустармен осындай тәжірибелер жүргізіп келе жатқанын және ешқандай кері әсері болмағанын айтты.

Үкімет зерттеу жұмыстарына 33,6 миллион фунт стерлинг (шамамен 43,5 миллион доллар) бөлген.

Аргентина

Аргентина АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей мен Испаниядан кейін коронавируспен ауырғандар саны миллионнан асқан әлемдегі алтыншы мемлекет болды. Дүйсенбіде жаңа жағдайлардың саны 13 мыңға жуықтады.

Франция

Францияда мамырдан бері алғаш рет реанимация бөлімшелеріндегі коронавируспен ауыратын науқастардың саны екі мыңнан асты. Парижде және оған жақын орналасқан бөлімдерде олар жансақтау бөлімдеріндегі төсектердің жартысынан астамын иеленген. Франция дүние жүзінде аурудың саны бойынша 8 орында (910 мың), ал қайтыс болғандар саны бойынша 9 орында (33,6 мың).

Чехия

Чехияда өткен сегіз айға қарағанда қазан айының басынан бастап коронавирустың салдарынан көп адам қайтыс болды. 100 мың тұрғынға шаққанда жұқтырғандар саны бойынша бұл ел Еуропада бірінші орында.

Пандемия басталғаннан бері жұқтырғандар саны рекордық деңгейге жетті, яғни 11,1 мың адам жұқтырған. Өткен аптада Чехияда барлар, мейрамханалар, спорттық клубтар мен кинотеатрлар жабылды. Жексенбіде 2000-ға жуық футбол жанкүйерлері карантин шараларына наразылық білдіру үшін Прагада полициямен қақтығысты.

Бельгия

Бельгиядағы пандемияның екінші толқынын цунами деп атаған дұрыс деді елдің денсаулық сақтау министрі Франк Ванденбрюкке. Ол билік не болып жатқанын бақыламай отырғанын атап өтті.

9-16 қазанда елдегі жұқтырғандардың орташа тәуліктік көрсеткіші өткен аптаның көрсеткішінен 79%-ға асып түсті. 13 қазанда пандемия басталғаннан бері рекордтық көрсеткішке жетті, яғни жұқтырғандар саны - 12 051-ге жеткен.

Коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша жан басына шаққанда Бельгия әлемде Перу мен Сан-Марино штатынан кейін үшінші орында. Елдегі барлық барлар мен мейрамханалар дүйсенбіден бастап төрт аптаға жабылды. Фрэнк Ванденбрюк Брюссельдегі және елдің оңтүстігіндегі жағдайды Еуропадағы ең қауіпті жайдай деп баға берді.

Иран

20 қазанда Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Сима Садат Лари соңғы тәулікте 322 ирандықтың коронавирус инфекциясынан қайтыс болғанын, жалпы өлгендердің саны 31 034-ке жетті деп мәлімдеді.

«Соңғы тәулік ішінде COVID-19 инфекциясының шамамен 5039 жаңа жағдайы анықталды, 2254 адам ауруханаға жатқызылды», - деді ол.

Ол Иранда бүгінгі күнге дейін вирустың бар-жоғын анықтауға арналған 4 570 243 сынақ жасалғанын атап өтті.

Германия

Өткен тәулікте Германияда коронавирус инфекциясын 7595 адам жұқтырғаны белгілі болды. Бүгінде олардың жалпы саны 380 мыңнан асты, бұл туралы 21 қазанда Германия денсаулық сақтау министрлігінің құрылымына кіретін Роберт Кох институты хабарлады.

Институттың мәліметтері бойынша, бүгінгі күні республикада анықталған SARS-CoV-2 жұқтырғандардың жалпы саны 380 762-ге жетті.

Сонымен қатар, Германияда сол уақытта 39 науқас COVID-19 ауруынан қайтыс болды және қазіргі кезде қайтыс болғандардың жалпы саны 9875-ке дейін өсті.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта елде 302 мыңнан астам адам аурудан емделіп шыққан.

Түркия

Соңғы тәулікте Түркияда коронавирус инфекциясын 1,8 мыңнан астам адам южұқтырғаны анықталды. Бұл туралы 21 қазанда елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, өткен тәулікте республикада 1894 жағдай тіркеліп, олардың жалпы саны 351 413-ке жеткен.

Сонымен қатар, осы уақытта Түркияда COVID-19-дан 74 пациент қайтыс болды, демек, қайтыс болғандардың жалпы саны 9,445-ке дейін өсті.

Сонымен бірге, қазіргі кезде елде 306 939 адам аурудан емделіп шыққан. Айта өтейік, пандемия кезінде коронавирусқа 12 641 126 тест өткізілген, оның 116 565-і соңғы тәулікте болған,

IA REGNUM хабарлағандай, бір күн бұрын Түркияда тәулігіне коронавирустық инфекцияның 2026 жаңа жағдайы анықталды.

Үндістан

Үндістанда тәулігіне жұқтырғандар саны шілдеден бастап алғаш рет 50 мыңнан аз.

Басқа елдер

Ирландия, итальяндық Ломбардия, Испанияның Наварра және Бавариядағы Берхтесгаденер ауданы екі апта бойына қатаң карантинге жабылды. Тұрғындарға үйлерінен тек жұмыс, сауда және басқа да өмірлік қажеттіліктер үшін ғана шығуға кеңес берілді.

Лондон Хитроу әуежайынан Италия мен Гонконгқа ұшатын жолаушылардан сейсенбіден бастап тіркеу кезінде тестілеуден өтуі міндеттелді. Нәтиже бір сағатта дайын болады. Құны - 80 фунт (шамамен 105 доллар). Бұл тәжірибені келу кезінде коронавирустың теріс сынағын талап ететін барлық елдерге тарату жоспарланып отыр.

Барлық жаңалықтар
66.249.66.90, 192.168.88.100