• Басты
  • Жаңалықтар
  • COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда

COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда

25 Қараша, 2021 18:38

ДДСҰ мәліметтері бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 260 миллионнан асқан, ал Қазақстанда өткен тәулікте 946 адамнан коронавирус анықталған. Қазіргі уақытта бірнеше елдерде ауру саны қайта өсуде.Толығырақ әлемдегі эпидемиологиялық жағдай туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Елдегі эпиджағдай

Қазақстанда 2021 жылғы 25 қарашадағы өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта орналасқан. "Сары" аймақта Нұр-сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары. Қалған өңірлердің бәрі "Жасыл" аймақта. Өткен тәулікте 1392 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Әлемдегі эпиджағдай

ДДСҰ мәліметтері бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 260 миллионнан асқан. COVID-20 инфекциясының 19 миллионнан астам жағдайы бар елдер қатарына АҚШ, Үндістан және Бразилия кіреді. АҚШ-та вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың саны бойынша әлі де көшбасшы. Елде 48 091 937 коронавиру жұқтырғаны анықталған. Өлім саны 775 397 құраған.Жұқтырғандар саны бойынша екінші орында Үндістан тұр. Онда расталған жағдайлардың саны 34 544 882-ге жеткен. Елде вирус жұқтыру салдарынан қайтыс болғандардың саны 466 980 адамға жеткен. Коронавирустың таралуы бойынша әлемде үшінші орында Бразилия. Пандемия кезінде 22 43 112 жағдай тіркелген, оның ішінде 613 339 адам қайтыс болған.

Еуропалық аймақта коронавирус жұқтыру саны өсуде

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, Еуропалық аймақта COVID-19 жұқтыру саны өсуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маска режимін сақтауды және тәуекел тобына жататын адамдарға вакцина салуды ұсынып отыр. Өткен аптада ДДҰ Еуропалық аймақ елдерінде COVID-19-дан орташа есеппен күніне 4 200 адам қайтыс болды, бұл қыркүйек айымен салыстырғанда екі есе көп. Еуропа мен Орталық Азияда қайтыс болған адамдардың басым бөлігі КВИ жұқтырғандар. ДДҰ Еуропалық аймағының 53 елінің 25-інде жақын арада ауруханаларда орын қалмауы мүмкін, ал келесі жылдың наурызына дейін 49 елде науқастарға интенсивті терапия палаталарында орындар жетіспейді деп болжап отыр. ДДҰ мәліметтері бойынша, көктемге қарай осы аурудан қайтыс болатындар саны 2,2 миллионнан асуы мүмкін.

«Вирусқа қарсы күресу үшін және қатаң шектеулер қолданбау үшін «вакцина плюс» тәсілін қолдануымыз керек. Бұл дегеніміз вакцинацияның толық курсынан өтіп, мүмкіндік болса қосымша үдеткіш дозасын алу қажет», - деп атап өтті ДДҰ Еуропалық бюросының басшысы Ханс Клюге.

Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді

Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соңғы бір күнде 4 мыңнан аса адам дертке шалдығып, елде коронавирусты жұқтырудың тәуліктік рекорды тіркелген. Елде интенсивті терапия бөлімінің 70 %-ы науқастарға толған. Сеулде бұл көрсеткіш 83 %-ға жеткен. Науқастар санының күрт артуына байланысты ауруханаларда шұғыл жаңа төсек-орындар дайындалып жатыр. Оңтүстік Коеря денсаулық сақтау министрлігі ресми өкілінің хабарлауынша, ауруханаға ауыр халде жеткізілген науқастар саны күн сайын артып келеді. Әсіресе, жасы 60-тан асқан қарттардың вирусты жұқтыруы көбейді.

Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар көбебде

Францияда 6 мен 10 жас аралығындағы балалар арасында COVID-19 ауруын жұқтырғандар санының күрт өскенін атап өтті. Ауру көрсеткіші кәмелетке толмаған 100 мың балаға шаққанда 340 жағдайға жетті. Қараша айының басында бұл көрсеткіш 80 болған Дәрігерлердің айтуынша, мұндай деректер балалар арасында COVID-19-ның өте белсенді тарағанын көрсетеді. Кәмелетке толмағандар мен жоғары сынып оқушылары арасында COVID-19 ауруы өте жоғары екені атап өтілді. 11-14 жас аралығындағы балалар арасында 208 коронавирус жағдайы тіркелген.

 

Барлық жаңалықтар