• Басты
  • COVID-19: Үнді штамы, әкімшілік айыппұл және күшейтілген карантин шаралары

COVID-19: Үнді штамы, әкімшілік айыппұл және күшейтілген карантин шаралары

23 Маусым, 2021 17:19

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді. Сонымен қоса, вице-премьер елдегі вакциналау барысы, үнді штамы және күшейтілген карантин шараларына тоқталып өтіп, азаматтарды вакцина алуға шақырды. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Үнді штамы: локдаун енгізілмейді

Вице-премьер Ералы Тоғжанов елде үнді штамының табылуына байланысты локдаун енгізуге қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, әзірге локдаун енгізудің аса қажеттілігі жоқ. 

«Біз коронавирустың үнді штамына байланысты республика аумағында локдаун енгізудің қажеті жоқ деп санаймыз. Күн тәртібінде мұндай мәселе жоқ. Ведомствоаралық комиссияның соңғы отырысында Нұр-Сұлтанда нақты шектеу шаралары қабылданды. Мұның бәрі алдын-алу шаралары. Қызмет көрсету салаларында, әсіресе адамдар көп шоғырланған жерлерде шаралар қолданылды. Әрі қарай шешім қабылдау елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты», - деді вице-премьер.

Сонымен қатар, «дельта» штамы қауіпті екенін атап өтті. Вице-премьер Ералы Тоғжановтың айтуынша, бұл басқа штамдармен салыстырғанда жұқпалылығы мен адам өміріне қауіп төндіру жағынан алғанда ықтималдығы 60%-ды құрайды. Орташа алғанда бір адамнан 5-6 адам инфекцияны жұқтырады. Сондықтан да, ол барлық қауіпсіздік шарасын сақтауға шақырды.

Халықтың 28%-ы вакцинаның бірінші дозасын алды

«Өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды қауіпсіздікте ұстаудың оңай әдісі бар. Әлем басқа әдісті әлі ойлап тапқан жоқ. Біз бұл туралы бірнеше рет айтқан болатынбыз. Ауру қаупін азайту үшін сізге вакцина егу керек. Сондықтан, мен кез-келген қазақстандыққа өз денсаулығы мен жақындарының және туыстарының денсаулығына қамқорлық жасауды және тезірек COVID-19-ға қарсы вакцина алуды қатаң түрде кеңес бергім келеді», - деді Ералы Тоғжанов.

Сонымен қоса, вице-премьер бүгінде еліміздің медициналық ұйымдарында вакцинаның жеткілікті қоры бар екенін хабарлады. Оның мәліметінше, осы жылдың ақпан айынан бастап елімізге шамамен 7 миллион доза вакцина жеткізілген.

«Бүгінгі күні 4,6 миллион доза қолданылды. Оның ішінде 2,8 миллион адам бірінші компонентпен егілді, бұл вакцина алған халықтың 28%-ын құрайды. Екінші компонент 1,7 миллион адамды қамтиды», - деді Ералы Тоғжанов.

Сонымен бірге, Ералы Тоғжанов елімізде вакцина алғандар санын көбейту мақсатында жұмыстар күшейтілетінін атап өтті. Оның айтуынша, күніне вакцина алғандар санын 70 мыңға жеткізу міндеті қойылған.

Осылайша, ол вакцина алуға бәріне мүмкіндік беру керек екенін еске салды. Вакциналардың қажетті мөлшері Қазақстанда бар екенін де атап өтті.

«Біз вакцина алуды ерікті деп айттық. Бірақ жаңа қиындықтарды ескере отырып, біз жаңа шара қабылдауға мәжбүр болып отырмыз. Біздің мақсатымыз - азаматтардың вакциналарға қолжетімділігін қамтамасыз ету. Шындығында, мен қазірдің өзінде Қазақстанда вакцинаның үлкен қоры бар деп айтқым келеді», - деді ол.

Сонымен қатар, Ералы Тоғжанов екі апта ішінде қосымша 2 миллион вакцина жеткізу жоспарланғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол вакцина алушылар санын көбейтуге сұраныс күшейтілетінін баса айтты.

«Тұтастай алғанда күнделікті ставканы 70 мың вакцинаға жеткізу міндеті қойылды. Біз бұны орындауға тырысамыз», - деді Ералы Тоғжанов.

Ashyq жобасы

Бұдан бөлек, Ералы Тоғжанов Ashyq қосымшасының жұмысына тоқталып өтті. Оның айтуынша, «Ashyq жобасы тиімді, бұл 9 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілеріне пандемия кезінде жұмыс істеуге мүмкіндік берген.

«Бүгінде Ashyq жобасына 4 миллионнан астам қолданушы тіркелді, елдегі мыңдаған адамның мәртебесі минут сайын тексеріліп отырады. Алайда, жоба кейбір азаматтар өздерінің мәртебесін біле отырып, санитарлық талаптарды бұзуды жалғастыра беретіндігін көрсетіп отыр. 2021 жылдың сәуір айынан бастап Ashyq арқылы 9,6 мыңнан астам карантин режимін бұзғаны анықталған. Олардың жартысы ПТР тестінің оң нәтижесі бар адамдар», - премьер-министрінің орынбасары.

Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов кешегі өткен ведомствоаралық комиссияның шешіміне тоқталып өтті. Оның сөзінше, көрші елдердегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына және «дельта» штамының анықталуына байланысты елордада карантин шаралары күшейтілген.

«Бұл бірінші кезекте сауда және ойын-сауық орталығының, сауда үйлерінің жұмыс уақытын қысқартуға қатысты, бұл тамақтану объектілеріне, жабық азық-түлік емес базарларға, көпшілік шараларды ашық аспан астында өткізуге тыйым салуға қатысты», - деді вице-премьер.

Кімдерге әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Бұдан бөлек, ол ел тұрғындары денсаулығының қауіпсіздігіне қауіп төндірген адамдар тобына әкімшілік айыппұл салынатынын атап өтті.

«Шындығында, бүгінде санитарлық талаптарды сақтамай, біздің ел тұрғындарының денсаулығының қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін адамдар бар. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі карантин режимін бұзғандарға 30 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуды көздейтін қосымша ережелер қабылдады. Немесе бұл 87 мың 510 теңгені құрайды. Бүгінгі күні 19 адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде 5 адамға айыппұл салынды», - деді Ералы Тоғжанов.

Ол бұл бағытта жұмыс жалғасатынын, барлық карантин талаптарын бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Шеттен келгендер үйде оқшауланады

Сонымен қсатар, баспасөз мәжілісіне қатысқан ҚР ДСМ ССК төрағасы Айжан Есмағамбетова үнді штамының таралуын алдын алу мақсатында қабылданған шараларға тоқталып өтті.

«Үндістаннан вирустың жаңа штамдарының әкелінуінің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасына басқа елдерден және Үндістан Республикасынан соңғы 14 күн ішінде келген барлық азамат ПТР әдісімен covid-19 тестінің және covid-19-ға қарсы вакциналаудың теріс нәтижесі бар анықтаманың болуына қарамастан, үйде оқшауланады», - деді Айжан Есмағамбетова.
Сондай-ақ, Айжан Есмағамбетова 20-дан астам қызметкері бар ұжымдарға вакцина алу қажет екенін атап өтті.

«Біз ұйымдасқан команда дегенде 20 адамнан тұратын ұжым екенін түсінуіміз керек. Яғни, 20-дан астам адамнан тұратын кез-келген топқа, егер медициналық қарсы көрсетілімдері болмаса, міндетті түрде вакцина алу керек апта сайын ПТР анализі қажет екенін атап өткім келеді, - деді Есмағамбетова.

Сонымен қоса, ол бүгінде бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы әзірленіп жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, талаптар тізімі жақында жарияланады.  

Вакцина қоры жеткілікті

Сонымен бірге, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой КВИ-ға қарсы 4 вакцинаның қолжетімді екенін еске салып, вакцина қоры жеткілікті екенін атап өтті.

«ҚР азаматтарын вакциналау үшін вакцинаның 4 түрі қолданылады. Қазіргі уақытта өңірлерде КВИ-ға қарсы вакциналардың жеткілікті қоры бар. Атап айтсақ, I компоненттің 1,1 млн дозасы және II компоненттің 1,4 млн дозасы, оның ішінде бірінші және екінші компоненттің 800 мыңнан астам «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасы, «QazVac» вакцинасының 30 мыңнан астам дозасы; «Hayat-Vax» вакцинасының 400 мыңнан астам дозасы және "КоронаВак"вакцинасының 400 мыңнан астам дозасы бар», - деді Алексей Цой. 
Сонымен бірге, министр Қазақстанның әрбір жетінші азаматы вакцина алғанын атап өтті. Оның сөзінше, бұл - үлкен жетістік.

«Басқа вакциналарды күтудің қажеті жоқ. Барлық вакцина елде қолжетімді екенін түсіну өте маңызды. Олар қауіпсіз, тиімді, дәлелденген және шамамен 2,9 миллион адам осы вакциналарды алды. Тиімділігі жақсы, біз вакцинаның көмектесетінін көріп отырмыз », - деді ол.

Бұдан бөлек, Алексей Цой елде коронавирусты қайта жұқтырған жағдайлар бар екенін еске салды.

«Өзім ауырдым, енді ауырмаймын деп ойлау өате. Өйткені, бұрын КВИ-мен ауырғандар Қазақстанда тағы да ауырады. Бүкіл әлемде осындай статистика бар - көптеген адамдар ауырады және ауырады», - деді ол.

Оның сөзінше, екінші рет ауырған азаматтардың көпшілігі қайтыс болып жатыр. Сондықтан, өзін және отбасын қорғау үшін міндетті түрде вакцина алу керегін тағы бір еске салып өтті. 

Барлық жаңалықтар