• Басты
  • Жаңалықтар
  • COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда

COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда

3 Қыркүйек, 2021 18:03

ДДСҰ мәліметтері бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 218,2 миллионнан асқан, олардың 4,5 миллионнан астамы қайтыс болған. Расталған ковиджағдайлардың саны бойынша АҚШ көш бастап тұр. ДСМ мәліметінше, елімізде өткен тәулікте 10161 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан. Толығырақ әлемдегі және еліміздегі эпидемиологиялық жағдай туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Әлемдегі короновирус жағдайлары

ДДСҰ мәліметтері бойынша әлемде коронавирус жұқтырған 218,2 миллионнан астам жағдай тіркелген. Қайтыс болғандар саны 4,5 миллионнан асқан. Расталған жағдайлардың саны бойынша АҚШ көш бастап тұр. Онда 39 миллионнан астам адам вирус жұқтырған. Үндістан екінші орында 32,8 миллион, үшінші орында — Бразилия 20,7 миллион, төртінші орында — Ресей, бесінші орында — Ұлыбритания 6,8 миллион Францияда және Түркияда COVID-19-ның 6 миллионнан астам жағдайы тіркелген.

Еліміздегі эпиджағдай

Елімізде өткен тәулікте 10161 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. ДСМ мәліметінше, Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 117 адам көз жұмған Ал 1 қыркүйектегі дерек бойынша, коронавирус белгілері бар пневмонияның 358 жағдайы және 21 өлім жағдайы тіркелген. Сондай-ақ, 170 адам емделіп шыққан. 3 қыркүйектегі жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының дерегінше, Қазақстанның 3 облысынан басқа өңірлер әлі «қызыл» аймақта орналасқан. Нақтырақ айтар болсақ, Қызыл аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. Сары аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары болса, жасыл аймақта Түркістан облысы орналасқан.

Үндістанда 45 352 жаңа COVID-19 оқиғасы тіркелді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігі соңғы 24 сағат ішінде Үндістанда 45 352 жаңа COVID-19 оқиғасы және вирустық инфекциядан 366 адам қайтыс болды деп мәлімдеді. Қайтыс болғандар саны 439 895 адамға жеткен. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда шамамен 3 20 63 616 адам COVID-19-дан емделіп шыққан. Вакцинаға келетін болсақ, осы уақытқа дейін елде 67 09 59 968 адам вакцина алған. Бейсенбідегі жағдай бойынша Үндістанда инфекцияның 47092 жаңа жағдайы тіркелді, бұл екі айдағы ең жоғары көрсеткіш.

Моңғолияда коронавируспен ауырғандардың антирекорды тіркелді

Моңғолияда коронавируспен ауыратын науқастардың күнделікті өсімі бойынша антирекорд тіркелді яғни 3 805 жағдай анықталды. ДДСҰ мәліметтері бойынша, тамыздың соңында әлемде коронавирустың таралу қарқыны үш айлық жоғары деңгейге келді, ал Оңтүстік-Шығыс Азияда пандемия кезінде ауру тіркелімдері рекордтық көрсеткіштерге жетті.

Черногорияда ковидпен ауруханаға жатқызылғандар саны өсуде

Қоғамдық денсаулық сақтау институтының мәліметінше, 2 қыркүйектегі жағдай бойынша ауруханаға жатқызылғандардың саны алдыңғы күнмен салыстырғанда 35-ке артқан. Қазіргі уақытта Черногорияда коронавирустың 8 337 белсенді жағдайы тіркелген. Эпидемия басталғаннан бері Черногорияда коронавирусты жұқтырудың жалпы саны 115 956 адамды құраған. Ауру салдарынан 1732 адам қайтыс болған.

Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін

2 қыркүйекте TVR Moldova телеарнасында ұлттық компанияның вакцинация жөніндегі үйлестірушісі Нинель Ревенконың хабарлауынша, Молдовада коронавирустың таралу қарқыны арта берсе, онда елде эпидемиологиялық қауіптіліктің "қызыл кодын" енгізуге тура келеді. Оның сөзінше, соңғы 14 күнде 100 мың тұрғынға шаққанда 142 жағдай болған. Ол республикада "қызыл кодты" енгізу жаңа карантиндік шектеулер енгізу қажеттілігіне алып келетінін атап өтті. Сарапшының пікірінше, жағдайдың одан әрі дамуы көбінесе ел тұрғындарының әрекеттеріне байланысты. Ревенко карантиндік шаралар күшейген жағдайда мектептер халықаралық ұйымдар ұсынғандай, ең соңында жабылатынын мәлімдеді.Соңғы мәліметтер бойынша, Молдовада пандемия кезінде 68 105 коронавирус тасымалдаушысы анықталып, оның ішінде соңғы тәулікте 4877 жағдай тіркелген.

Австралия коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне қарамастан карантинді жеңілдетуде

Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында күніне 1200 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырып жатқанына қарамастан карантинді жеңілдету туралы шешім қабылданған. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, көшеде спортпен шұғылдануға қойылған шектеу толықтай алынады. Соның ішінде, вирустың таралу ошағына айналған Сидней де бар. Спортпен айналысуға берілетін уақыт бір сағатпен шектелмейді. Алайда, кешкілік уақытта коменданттық сағат жалғаса береді.

Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында тұрғындардың 70%-ы вакцинаның бірінші компонентін салдырған, осыған байланысты карантинді жеңілдету туралы шешім қабылданған екен. Штаттың премьер-министрі Глэдис Береджиклянның айтуынша, далада спортпен шұғылдану ауру жұқтыруға қатты ықпал етпейтіндіктен шектеуді алу туралы шешім қабылданған. Сондай-ақ, соңғы 24 сағатта Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында 1288 адам коронавирус жұқтырған. Штатта барлығы 29202 адам ауруға шалдығып, 163 адам көз жұмған. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Аустралияда барлығы 56 560 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 1019 адам қайтыс болды.

Аустралия үкіметі елде төтенше жағдайды 17 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Осы шешімге байланысты, мемлекет әуежайларда маска тағуға және КВИ-ге тест тапсыруға міндеттеген. Сондай-ақ, круиздік лайнерлердің ел аумағына кіруіне тыйым салынды.

Оңтүстік Корея ең ірі америкалық фармацевтика концернінен коронавирусқа қарсы вакцинаның 1 миллионнан астам дозасын алды

Moderna препаратының 1,02 млн дозасы, Румыниядан сатып алынған Pfizer вакцинасының 526,5 мың дозасы бүгін Сеулге жеткізілді.Аптаның соңына дейін ел тағы 4,98 миллион доза вакцина алуы керек. Қазіргі уақытта Оңтүстік Корея үкіметі Covid-19 вакциналарының 193,4 миллион дозасын, соның ішінде AstraZeneca, Moderna, Janssen және Novavax вакциналарын жеткізуге келісім жасады.

Жапония коронавирустың ауыр жағдайлары туралы хабарлайды

Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі бейсенбіде жасанды желдету аппараттарын қолданып, қарқынды терапия алған коронавируспен ауыратындардың саны бүкіл ел бойынша 2158 адамды құраған. Бұл бүгінгі күннің ең үлкен саны, сейсенбіде орнатылған алдыңғы рекордтан 48-ге көп.

Токиода коронавирустың 3099 жаңа жағдайы расталды деп мәлімдейді. Күнделікті санау апта сайын 11-ші күн қатарынан төмендеуді көрсетеді. Елордада коронавирустың расталған жағдайларының жалпы саны қазір 349841 адамды құрайды.

Әзербайжанда ковид төлқұжаты енгізілді

Әзербайжанда мейрамханалар мен сауда орталықтарына барған кезде талап етілетін міндетті ковид төлқұжаты енгізілді. Бұл құжат үйлену тойына барған кезде де қажет болады. Мұндай талап елдегі Министрлер кабинетінің қаулысымен қабылданған. Эпидемиологиялық модельдеу әрбір үшінші американдықтың 2020 жылы коронавируспен ауырған болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Ғалымдардың пайымынша, өткен жылы 110 миллионнан астам АҚШ тұрғыны SARS-CoV-2 вирусын жұқтырған болуы әбден мүмкін, мұндай зерттеу нәтижесін Nature ғылыми журналы жариялады. ДДҰ Колумбияда анықталған коронавирус штамын мониторингілеу тізіміне енгізді. Ол грек алфавитінің «мю» әрпімен белгіленген. Бұл тізімдегі штамдар аурудың жұқпалылығына, ауыр ағымына әсер ететін генетикалық өзгерістерге, сонымен қатар иммунитет және диагностикалау мен терапиядан алшақтау мүмкіндіктеріне ие.

Түркияда карантин талабы күшейді

Түркия елі коронавирус инфекциясынан болатын өлімді азайта алмай отыр. Қазіргі таңда елде бір тәулікте Covid-19-дың асқынуынан 290 адам қайтыс болған. Бұл cоңғы төрт айда орын алған рекордтық көрсеткіш болып отыр. 30 сәуірде 394 өлім жағдайы тіркелген болатын. Өткен күндері коронавирусты жұқтырудың тағы 23 946 жаңа жағдайы анықталды. Сондықтан ел билігі карантин шараларын қатаңдату туралы мәлімдеген. Сондай-ақ, вакцина алмаған барлық азаматтар кинотеатрларға, тамақтану орындарына және басқа да қоғамдық орындарға барған кезде міндетті түрде коронавирусқа тест тапсыратын болады.

 

Барлық жаңалықтар