- Басты
- Жаңалықтар
- COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
Бүгін үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталып, соңғы екі аптада сырқаттанушылық көрсеткіші 11%-ға төмендегенін атап өтті. Сонымен қоса, министрліктің алдағы екі айға жасаған болжамы жөнінде айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

«Бүгінде жасыл аймақта 8 облыс бар. Атап айтсақ, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстары және Шымкент қаласы. Сары аймаққа Қазақстан Республикасы мен 5 облыс кіреді, олардың қатарында Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары бар. Қызыл аймақта 4 облыс қалды, атап айтсақ, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары», - деді Алексей Цой.
Жалпы, ведомство басшысының сөзінше, Қазақстанда соңғы екі айда ауру көрсеткіші 4,5 есеге, ал өлім көрсеткіші 4,8 есеге төмендеген.
Оның мәліметінше, Қазақстанда 1 тамыздан бастап жұқпалы төсек орындарының жұмыспен қамтылу көрсеткіші 56-дан 37%-ға, реанимация төсек-орындары 45-тен 30%-ға төмендеген. Резервте 30 мыңнан астам төсек бар.
«Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты уақытша инфекциялық нысандарды жабу жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың 25 тамызы мен 18 қазаны аралығында барлық облыста 103 нысан жабылды», - деді министр.
Сонымен қоса, министр 1-компонентпен 8,2 млн-ға жуық адам егілгенін атап өтті. Ал, 7,3 млн-нан астам адам екінші компонентін салдырған, Тұрғындарды КВИ-ға қарсы вакцинациялау жалғасуда.
Бұдан бөлек, министрлік алдағы 2 айға коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың болжамын жаңартқанын атап өтті.
«Болжамға сәйкес, пессимистік сценарий бойынша қарашада тіркелген жағдайлардың орташа тәуліктік саны 1,800 жағдайға дейін, желтоқсанда 2,350 жағдайға дейін жетеді. Нақты сценарий бойынша қарашада 1650 жағдайға дейін, желтоқсанда 1600 жағдайға дейін», - деді Алексей Цой.
Ал, оптимистік сценарий бойынша, қарашада 1500 жағдайға дейін, желтоқсанда күніне 1100 жағдайға дейін жетуі мүмкін деп болжанып отыр.
Сонымен бірге, ведомство басшысы Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп КВИ-дің алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды бақылауды және жүзеге асыруды жалғасып жатқанын атап өтті.
Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша, әлемде 244 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Күніне 3000 мыңнан астам жағдай тіркелуде. Ал, 4,9 миллионнан астам адам қайтыс болды.
Айта өтейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймағының мәліметі бойынша, соңғы екі аптада 54 елдің ішінде 35 елде сырқаттанушылық көрсеткіші артқаны байқалған. Соңғы 14 күнде аурушаңдықтың ең көп өсімі Польшада байқалып отыр, онда жұқтырғандар саны - 160%-дан астамға, Венгрияда – 120%-дан астамға, Грузияда – 110%-дан астамға, Әзірбайжанда – 104%-ға өскен.
ЕуроДДҰ-ның 19 елінде сырқаттанушылықтың артуы төмендеді, соның ішінде Израильде 58%-ға, Испанияда 28%-ға, Швейцарияда 16%-ға, Черногорияда 4%-ға және Италияда 3%-ға азайған.

-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді
-
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер
-
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай
-
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді
-
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр
-
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер
-
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады
-
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары
-
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру
-
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды
-
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты
-
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр

