• Басты
  • COVID-19: Ұлыбританияда екпе алғандар саны 15 млн-ға жетті, ал Чехия, Жаңа Зеландия ТЖ режимін ұзартты

COVID-19: Ұлыбританияда екпе алғандар саны 15 млн-ға жетті, ал Чехия, Жаңа Зеландия ТЖ режимін ұзартты

15 Ақпан, 2021 15:37

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы коронавирустың зертханадан шығу ықтималдығы төмен екенін жеткізді, алайда олар қытай үкіметінің толық ақпарат бермегенін айтып отыр. Ал кейбір елдер жаңа карантин шараларды енгізіп жатыр, атап айтсақ, Жаңа Зеландияда ең үлкен қала коронавирус жұқтырған үш адамның тіркелуіне байланысты жабылды, Чехияда төтенше жағдай режимі екі аптаға ұзартылды. Ұлыбритания елдегі вакцинацияланғандардың саны 15 миллионға жеткеннен кейін локдаунды тоқтатуды жоспарлап отыр. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Ұлыбританияда вакцина салдырғандар саны 15 млн-ға жетті

Британдық дәрігерлер коронавирусқа қарсы 15 миллионнан астам адамға вакцина екті. Бұл туралы елдің премьер-министрі Борис Джонсон Twitter-де жазды. Оның сөзінше, бұл - үлкен жетістік.

Бұған дейін Ұлыбритания билігі 15 ақпанға дейін 15 миллион адамға вакцина егуді мақсат етіп қойды. Бұл жағдайда вакцинацияның алғашқы дозасы алдымен егде жастағы азаматтарға, медициналық қызметкерлерге және қауіп-қатер тобына жататындарға салынуы керек. Себебі, бұл санаттағы азаматтар Ұлыбританиядағы Covid-19-дан қайтыс болғандардың шамамен 90%-ын құрады.

Дүйсенбіден бастап екпеге 65-тен асқан азаматтар шақырылатын болады. Акцияның келесі кезеңдерінде жас шегі азаяды, яғни 65 жасқа дейінегілерге салына бастайды. Ал, күзге дейін вакцина елдің барлық ересек азаматтарына қолжетімді болуы тиіс.

Ұлыбритания қазір әлемде бір тұрғынға шаққанда коронавируспен байланысты қайтыс болғандар саны бойынша үшінші орында. Елде қыс басталған кезде ауру мен өлім-жітімнің саны едәуір артты, бірақ қатаң карантин шаралары мен вакцинациялаудың жалғасуы олардың санын азайтуға көмектескен. 14 ақпандағы жағдай бойынша, жаңа жұқтырған 11 мың адам тіркелген, ал 258 адам қайтыс болды.

Жалпы, коронавирустың салдарынан 117 мыңнан астам адам қайтыс болды, пандемия кезіндегі ауру жұқтырғандардың жалпы саны 4 миллионнан астам адамға жеткен.

Ухандағы ДДҰ сарапшылары алғашқы нәтижелерін жариялады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ухань қаласындағы миссиясы маңызды нәтижелерге қол жеткізді және оны есептен шығаруға болмайтынын айтты британдық вирусолог Джон Уотсон, ДДҰ коронавирус пандемиясының себептерін зерттейтін сарапшылар тобының мүшесі.

Өткен аптада ДДҰ зерттеудің алғашқы нәтижелерімен бөлісті. Атап айтқанда, мамандар коронавирустың зертханадан шығу ықтималдығы өте аз екенін мәлімдеген болатын.

Профессор Джон Уотсон зерттеуді өзінің әріптесі, микробиолог Доминик Двайердің БАҚ-қа бергенінен мәлімдемесінен кейін Қытай билігі мамандарға Covid-19-бен ауырған науқастардың алғашқы белгілері туралы деректерді қысқаша мазмұнын ғана ұсынғанын айтты. Оның айтуынша, мәлімет толық емес.

Сонымен бірге, АҚШ пен Ұлыбритания үкіметтері де зерттеудің толық жүргізілмегеніне алаңдаушылық білдірді, өйткені Бейжің ғалымдарға еркін жұмыс ітеуге мүмкіндік бермегенін айтады.

Ал, Қытай билігі болса, миссияға барынша қолдау көрсеткенін баса айтты.

Алайда, зерттеу тобының мүшесі, профессор Уотсон Қытайға сапар бұл бірнеше ай немесе жылды қажет ететін процестің бастамасы екенін айтты. Ол Қытай билігі барлық ақпаратты бермегенін алға тартты, бірақ сарапшылар «көптеген» мәліметтерге де ие болған.

Жаңа Зеландия Оклендті жабады

Жаңа Зеландия коронавирус жұқтырған үш жағдай тіркелгеннен кейін елдің ең үлкен қаласы Оклендке қысқа, бірақ қатаң карантин енгізбекші. Бұл қаланың оңтүстігінде тұратын бір отбасының мүшелері, яғни анасы, әкесі мен қызы.

Анасы, ол әуе тасымалдаушыларды тамақпен қамтамасыз ететін киім жуатын компанияда жұмыс істейді. Енді билік алдымен оның барлық байланысқа түскен азамттарды табуға тырысады. Бұл туралы Жаңа Зеландия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы хабарлаған.

Премьер-министр Джасинда Ардерн биліктің «тез және батыл» әрекет етуге шешім қабылдағанын мәлім етті.

Оклендтегі бұғаттау үш күнге созылады, осы уақытта ел билігі вирусқарсы тестілеу жасап, оның таралуы жөнінде қосымша ақпарат алуды жоспарлап отыр. Осы уақыт ішінде 1,7 миллион тұрғын үйде отырып, тек жұмыс пен тамақ сатып алу үшін ғана сыртқа шығуы тиіс. Қаладан кіруге және шығуға шектеу қойылған.

Пандемия басталғаннан бері Жаңа Зеландия басқа елдермен салыстырғанда Covid-19 таралуына қарсы күресте әлдеқайда жақсы жетістіктерге жетті. Билік тез арада қатаң шаралар қабылдап, шекараға жергілікті тұрғындардан басқаларына кіруге тыйым салды. Нәтижесінде, бес миллион халқы бар елде вирустың 2,3 мыңнан астам жағдайы тіркеліп, 25 адам қайтыс болды.

Чехияда төтенше жағдайды режимі ұзартылды

Өткен жексенбіде Чехияда төтенше жағдай аяқталуы керек еді, бірақ премьер-министр Андрей Бабиштің үкіметі соңғы сәтте аймақ басшыларымен келісе отырып, оны екі тағы аптаға ұзартты.

Бұған дейін ел парламенті режимді ұзартуға қарсы дауыс берген, бірақ заң үкіметке карантинді барлық 14 облыстың басшыларының өтініштері бойынша жоюды талап етуге мүмкіндік береді.

Парламентарийлер коменданттық сағат, қоғамдық іс-шараларға тыйым салу және қызмет көрсету орындарын жабу сияқты карантиндік шараларды тоқтату үшін күресті. Чехия билігі өлім-жітім мен Covid-19 жаңа жағдайларының өршуіне, сондай-ақ ауруханаларға науқастардың келуінің алдын алуға тырысуда. Егер қазанда коронавируспен байланысты өлімнің жалпы саны 700-ге жуық болса, онда ақпанның ортасына қарай бұл көрсеткіш 18 мыңға дейін өсті.

Қазір 10,7 миллион адам тұратын Чехия халықтың үлесіне шаққандағы өлім саны бойынша әлемде үшінші орында, жаңа жағдайлар бойынша Еуропада екінші орында.

Германия жексенбіде Чехиямен және Австриямен шекараны тексеруді енгізетіндігін мәлімдеді, өйткені бұл елдерде жаңа Covid-19 штамдарының жағдайлары көп.

Барлық жаңалықтар