• Басты
  • COVID-19:Ұлыбритания келесі аптада вакцинациялауды бастайды, ал Макрон мен Меркель Еуропа елдерін бірыңғай саясат ұстануға шақырды

COVID-19:Ұлыбритания келесі аптада вакцинациялауды бастайды, ал Макрон мен Меркель Еуропа елдерін бірыңғай саясат ұстануға шақырды

3 Желтоқсан, 2020 12:22

БҰҰ Рождествоға дейін жүз мың теңізшіні үйіне қайтарудың жолдарын қарастырып жатыр, ал Ұлыбритания егде жастағы адамдарды Pfizer вакцинасымен вакцинациялауды бастамақ. Франция шаңғы маусымы жөнінде, сонымен қатар вакцинация сертификатының пайдалы және кемшін тұстары туралы көрші мемлекетттермен дауласауда. Әлемдегі пандемия жағдайы жөнінде Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыздар.

Джонс Хопкинс Университетінің деректері бойынша, әлемде 64 миллионға жуық адам Covid-19-мен ауырып, 1,5 миллионға жуық адам қайтыс болды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы барлық елдерді теңізшілерді өнеркәсіптің негізгі қызметкері етіп тағайындауға шақыратын қарарды бірауыздан қолдады, нәтижесінде жүз мыңдаған адам Рождествоға дейін үйлеріне оралуға мүмкіндік алды. Өйткені әлем бойынша қозғалыстың шектелуіне байланысты жүздеген сауда және круиздік кемелер экипажы алты айдан астам уақыт өз порттарына орала алмай жүр.

Жапония парламенті өз азаматтарын ақысыз вакцинацияламақ. Бұл туралы заңды мақұлдады. Бірақ осыған байланысты жапондықтар вакцинациядан мәндетті түрде өтуі керек. Осылайша, Жапония Covid-19-ға қарсы міндетті түрде жаппай вакцинацияланған әлемдегі бірінші ел бола алады.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Жапонияда 153,3 мың адам жұқтырған, ал 2, 137 адам қайтыс болған. Бұл көрсеткіш көптеген елмен салыстырғанда жақсы деуге болады, дегенмен, ел экономикасына бірқатар зиян келтіргені анық. 

Соңғы тәулікте Түркияда коронавирус жұқтырған 190 адам қайтыс болып, антирекордтық көрсеткішке жетті. Елдің барлық жерінде кешкі 21:00-ден таңғы 5: 00-ке дейін коменданттық сағат енгізіліп жатыр.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы Covid-19 пациенттерімен байланыста болған адамдар үшін карантин мерзімін 14 күннен 7-10 күнге дейін қысқартпақ. Бұл жеңілдіктің себептері әлі айтылған жоқ. Сонымен қатар, елде аурушаңдық пен өлім-жітім көрсеткіші қарқынды түрде өсіп жатыр.

Еуропа елдері

Франция өз азаматтарына көршілес Испания мен Швейцариядағы шаңғы курорттарына саяхаттауға тыйым салмақ. Аталған елдерде шаңғы маусымыашылуы мүмкін. Ал француз билігі елдегі курорттар кем дегенде қаңтардың аяғына дейін ашылмайтынын мәлім етті.

Франция президенті Эммануэль Макрон мен Германия канцлері Ангела Меркель Альпі елдерінің басшыларын, сондай-ақ тау шаңғысы өнеркәсібі дамыған басқа Еуропа елдерін осы қыста халықтың денсаулығының қауіпсіздігі үшін бірыңғай саясат ұстануға шақырды.

Германияда соңғы тәулікте коронавирустан 487 адам қайтыс болды. Дегенмен, инфекцияның жалпы динамикасы төмендеген.

Италияда тау шаңғысы курорттары қаңтардың ортасына дейін ашылмайды. Рождество мен Жаңа жылдық мерекелер кезінде ел аймақтары арасында жүруге қатаң шектеулер қойылмақ. Желтоқсан бойы елдің көпшілігінде сағат 21:00-де коменданттық сағат енгізілмек.

Өткен сәрсенбіде Австрия үкіметі елді келесі аптаға жоспарланған екінші жалпыхалықтық локдауннан шығару жоспарын талқылады. Қазіргі уақытта бірінші кезекте дүкендер мен мектептер ашуды жоспарланған. Мұғалімдерге коронавирус тестілеуі теріс болған жағдайда ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Жоғары сынып оқушылары мектепке орала алады, бірақ міндетті түрде маска киюі тиіс. Қонақүйлер, барлар мен ойын-сауық орындары жабық күйінде қалуы мүмкін. Рождество кезеңінде тау шаңғысы курорттары тек австриялықтардың өздері үшін ашылады, бірақ түнеу мүмкіндігі жоқ.

Латвия төтенше жағдайды 11 қаңтарға дейін ұзартты. Бейсенбіден бастап жаңа ереже енгізілді, ол қазірдің өзінде елде «2 + 2» деп аталды, яғни қоғамдық орындарда 2 метрлік қашықтықта кездесулер екі адамнан аспауы керек. Сауда орталықтары демалыс күндері жабық және барлық қоғамдық орындарда, соның ішінде мектептерде маска киб керек. Латвия премьер-министрі елдегі жағдайдың өте ауыр екенін мәлім етті.

Бельгиядағы реанимация бөлімшелеріндегі коронавирус жұқтырған науқастардың саны қазан айының соңынан бері алғаш рет 900-ден аспады.

Ұлыбританияда 2 желтоқсанда екінші локдаун ресми түрде аяқталды. Елде үш деңгейлі қауіп-қатер жүйесі жұмыс істейді: орташа, жоғары және ең жоғары. Әртүрлі ауырлықтағы шектеулер бүкіл елде қолданыла береді. Отбасымен және достарымен кездесу үшін жеңілдіктер тек Рождество кезеңінде, 23-27 желтоқсанда ғана жасалмақ.

Сонымен бірге Ұлыбритания әлемде бірінші болып Pfizer / BioNTech Covid-19 вакцинасын қолдануды мақұлдады. Халықты вакцинациялаудың бірінші кезеңі келесі аптада басталмақ. Бірінші кезекте қарттар мен жабық мекемелердің қамқорлығындағы азаматтарға салынатын болады. Клиникалық сынақтар көрсеткендей, бұл 95% тиімді және барлық жастағы және этникалық топтағы адамдар үшін төзімді екенін белгілі болды.

Барлық жаңалықтар