• Басты
  • COVID-19: Ұлыбритания, Чехия және Польша шектеу шараларын жеңілдетті, ал Болгарияда ТЖ режимі ұзартылмақ

COVID-19: Ұлыбритания, Чехия және Польша шектеу шараларын жеңілдетті, ал Болгарияда ТЖ режимі ұзартылмақ

17 Мамыр, 2021 14:19

Ұлыбритания коронавирусқа қарсы шектеу шараларын жеңілдетуді жалғастырмақ. Бірақ елдегі медицина қауымдастығы «үнділік» штамның тез таралуы мүмкін екенін ескертіп жатыр. Сонымен қоса, Франция да коменданттық сағаттың шектеу шаралары жеңілдетуде. Қытайда 400 миллионға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина алған. Польшада және Чехияда мейрамханалар қайта жұмыс істей бастады. Әлемдегі COVID-19 пандемиясы туралы Strategy2050.kz тілшісінің шолу материалынан оқи аласыздар.

Ұлыбртанияда шектеу шаралары жеңілдетілді

Коронавирустың «үнді» штамының таралу мүмкіндігінің жоғары екеніне қарамастан, дүйсенбіден, яғни бастап Ұлыбританияда карантин кезінде енгізілген кейбір ережелер алынып тасталды. 

Үйдің ішінде алты адамға дейін жиналуға болады. Сонымен қатар, кафелер, барлар мен мейрамханалар келушілерді тек жазғы верандада ғана емес, сонымен бірге ғимараттың ішінде де қабылдай алады.

Ал, көшеде 30 адамға дейін рұқсат берілген. Мұражайлар, кинотеатрлар мен стадиондар өз жұмысын біртіндеп қалпына келтіре бастайды. Дүйсенбіден бастап жаттығу залдарында жаттығулар жасауға мүмкіндік бар. Англия тұрғындары «жасыл» аймақ тізіміндегі (COVID-19 аурушаңдығы төмен) елдерге бара алады және оралғаннан кейін олар карантинді сақтамаса да болады.

Шотландияда бүгіннен бастап алты адамға дейін кездесуге рұқсат етіледі. Мейрамханалар мен пабтарда алкогольдік сусындарды ғимарат ішінде тек 22: 30-ға дейін беруге рұқсат етіледі. Сондай-ақ, Шотландия тұрғындарына қосымша карантинсіз «жасыл» аймақ тізіміне енген елдерге баруға рұқсат етіледі.

Уэльсте де осылай жеңілдіктер енгізіледі деп жоспарланған.

Бұл үкіметтің жоспарындағы шектеулерді жеңілдетудің үшінші кезеңі. 21 маусымда төртінші кезеңін іске асыру барысында қолданыстағы шектеулердің барлығын алып тастау көзделген.

«Үнділік» штамының қауіптілігі туралы

Алайда, дәрігерлер мен ғалымдар шектеулердің алынып тасталуы коронавирустың «үнділік» нұсқасы елде тарала бастаған кезіне сәйкес келгенін айтып, алаңдаушылық білдіріп отыр. Мамандардың сөзінше, бұл нұсқасы басқаларына қарағанда өте жұқпалы болып саналады.

Сенбіде британдық медицина қауымдастығы шектеулерді қазір алып тастаудың зардаптары кері әсер етуі мүмкін екенін алға тартып отыр. Аталмыш қауымдастықтың мәлімдемесінде шектеулердің алынып тасталуы аурудың күрт өсуіне әкелуі мүмкін екендігі баса айтылған: біріншіден, жаңа штамның таралуы әлдеқайда тез, екіншіден, елдің жастарына әлі вакцина егілмеген. Олардың айтуынша, бұл қазіргі кезде тез таралып, вакцина алып үлгермеген топқа кері әсерін тигізуі әбден мүмкін.

Британдық Денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок азаматтарға коронавирустың үнділік нұсқасы өрт сияқты тез таралуы мүмкін екенін ескертті, әсіресе вакцина алмаған адамдар көптеп жұқтыруы мүмкін.

Ол елдің барлық тұрғынын шектеулер алынып тасталғаннан кейін де мұқият болуға, әрдайым жеке сақтық шараларын ұстануға шақырды.

Болгария төтенше жағдай режимін маусым айының соңына дейін ұзартпақ

Болгария билігі төтенше эпидемиологиялық режимді маусымның соңына дейін ұзартпақ. Бұл туралы жексенбіде елдің бас санитарлық дәрігері Ангел Кунчев bTV арнасына берген сұхбатында айтты.

Жақында осыған байланысты тиісті шешім қабылданады деп күтілуде. Сондай-ақ, халықты вакциналауға арналған пунктердің жұмысы кеңейтіледі, вакцина алғысы келетіндердің барлығы алдын-ала жазылмай-ақ екпе алуға мүмкіндік алады.

Қазіргі уақытта елде 1 113 000-нан астам адамға вакцина егілді, оның ішінде 413 000-нан астамы екінші дозаны қабылдады.

Түркияда локдаун аяқталды

29 сәуірде түрік билігі коронавирустың таралуына қарсы күрес аясында енгізген толық локдаун дүйсенбіде аяқталды.

Енді азаматтарға автобустар мен пойыздарда толымдылығы 50%-бен жұмыс уақытынан тыс уақытта қоғамдық көліктер мен қалааралық сапарға рұқсат етіледі. Ал, карантин шаралары кәмелетке толмағандар мен 65 жастан асқан қарт адамдар үшін әлі де сақталады.

Сонымен қатар, сауда орталықтары, шаруашылық және галантереялық дүкендер жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Азық-түлік дүкендері мен базарлар демалыс күндері жұмыс істейді, бірақ тек 10:00-ден 17:00-ге дейін ғана.

Сонымен қатар, коменданттық сағат жұмыс күндері 21: 00-ден 05: 00-ге дейін, ал демалыс күндері тәулік бойғы коменданттық сағат 1 маусымға дейін сақталады.

Түркияның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, бүгінгі күнге дейін республикада коронавирусқа қарсы 25 миллионнан астам адам вакциналанған, оның 15 миллионға жуығы вакцинаның бірінші компонентін алған.

Польшада мейрамханалар жұмыс істей бастады

Польшада алты айдан кейінгі толық локдауннан кейін террасасы бар мейрамханалар қайта ашылды, ал ғимараттардағы қызмет көрсету 28 мамырдан бастап қайта жалғасады.

Францияда коменданттық сағаттың шектеу шаралары жеңілдетілмек

Франция сәрсенбіден бастап мұражайлар, театрлар, кинотеатрлар мен концерт залдарын қайта ашылмақ, бірақ ғимараттағы адамдар саны шектеулі болмақ. Сонымен қатар, үйден себепсіз шығуға тыйым салған елдегі коменданттық сағаттың шаралары жеңілдетіліп, екі сағатқа алғы жылжытылған. Мәселен,енді 21: 00-ден бастап елде коменданттық сағаттың шаралары күшіне енеді. Елде сенбідегі жағдай бойынша, 20 миллион француз кем дегенде вакцинаның бірінші дозасын алған.

Чехия ашық аспан астындағы мейрамханаларды ашпақ

Чехиядағы мейрамханалар, кафелер мен барлар коронавирусқа байланысты дүйсенбіде алты айға жуық үзілістен кейін өз террасаларында қонақтарға қызмет көрсете бастайды. Әкімшілік пен қызмет көрсетуші персонал санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік стандарттарының максималды сақталуын қамтамасыз етуі керек. Мұны полиция қадағалайтын болады.

Террассалардағы мейрамхана үстелдерінде биліктің талабы бойынша бір уақытта 4-тен көп емес адам отыра алады. Бұл ереже тек бірге тұратын бір отбасы мүшелеріне ғана жүрмейді.

Мейрамханалар мен кафе қонақтары коронавирусқа қарсы тесттің теріс нәтижесі бар сертификатты көрсетуі тиіс. Бұның вакциналаудың толық циклынан өткен азаматтарға қатысы жоқ. Қажет болса, оларға вакциналанғаны туралы құжатты қызмет көрсету персоналына көрсетсе жеткілікті. Сонымен қоса, коронавируспен бұрын ауырған азаматтар да жазғы терассаларда отыруға мүмкіндіктері бар.

Бұдан бөлек, мектеп асханалары, мейрамханалар мен қонақүйлердегі асханалар, мекемелер мен кәсіпорындардағы асханалар ашылып жатыр. Оларға сырттан келушілерге қызмет көрсетуге қатаң тыйым салынады. 

Концерттер және басқа да ашық аспан астындағы мәдени шаралар республикада дүйсенбіде қайта жалғасады. Әлеуметтік арақашықтықты сақтауға және тыныс алу органдарын медициналық респираторлармен қорғауға міндетті. Сонымен қоса, 700-ге дейін қатысушы қатыса алады. Театрлардың, концерттік кешендердің және кинотеатрлардың ғимараттары әзірге жабық күйінде қалады.

10,702 миллион тұрғыны бар Чехияда пандемия кезінде коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 1 652 840-ға жетті, оның 1 592 263-і емделіп, 29 901 адам қайтыс болған.

Тайуан үкіметі жаңа шектеулер енгізіп жатыр

Тайуан елде инфекцияның 180 жаңа жағдайы анықталғаннан кейін жаңа шектеулер енгізуде. Үшінші деңгейдегі қауіптілік Тайваньда алғаш рет енгізіліп отыр. Шектеу шаралары Тайбэй мен Синбейде екі апта бойына енгізілетін болады. Атап айтқанда, жабық жерде бес адамнан тұратын топтарға жиналуға тыйым салынады, ал ашық аспан астында 10-нан астам адамға жиналуға рұқсат етіледі. Сонымен қоса, спорт залдары, кітапханалар, мұражайлар және басқалары жұмысын тоқтататын болады.

Қытайда 400 миллионға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина алған

Қытай билігі елдің шығыс және солтүстік-шығыс бөліктерінде эпидемияның қайта өршуіне байланысты халықты коронавирустың жаңа түріне қарсы вакциналау үдерісін жеделдетті. Қазірдің өзінде елде 393 миллионға жуық адам вакцина алған. Бұған Қытай Халық Республикасының Гигиена және денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің жексенбіде жариялаған мәліметтері дәлел.

Комитеттің хабарлауынша, тек соңғы тәулікте Қытайда 12 миллионнан астам вакцина егілген. Тура бір ай бұрын бұл көрсеткіш үш есе төмен болып, 4 миллионды құраған.

Қытайдың жетекші эпидемиологы Чжун Наньшанның айтуынша, маусым айына дейін үкімет ел халқының шамамен 40%-ына, яғни 1,4 миллиардтан астам адамның 560 миллионына вакцина еге алады.

Сондай-ақ, Қытай билігі Тибет жағынан (қытай жағынан) Эверестке көтерілуге ​​бұрын берілген рұқсатты алып тастау туралы шешім қабылдады. Өйткені, Непал жақтан өрмелеп бара жатқан адамдарда вирус болуы мүмкін деп санайды.

Барлық жаңалықтар