• Басты
  • COVID-19 әлемнің келбетін қалай өзгертеді?
30 Наурыз, 2020 17:58

COVID-19 әлемнің келбетін қалай өзгертеді?

Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіне жаңа жаһандық процестер ықпал етуде. Жаңа тұрақсыздық пен қақтығыстар заманы орын алып отыр. Жаңа локалды конфликтілер, этносаяси келеңсіздіктер және Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы жаңа алшақтықтар, жаңа саяси тәртіптердің пайда болуы, миграция, саяси және басқа да тұрақсыздықтарды, қазіргі халықаралық қатынастарды концептуалды түрде қайта қарау қажет. Бір сөзбен айтқанда қазіргі мемлекетаралық ынтымақтастықты сараптау барған сайын күрделенуде. Қатынастар жүйесі әлі де тұрақталмай, динамикалық түрде қайта ушығуда. Оның үстіне қысқа мерзімде әлемді шарпып бара жатқан COVID-19 пандемиясы оның келбетін түгелдей өзгертетін сыңайлы.

COVID-19 әлемнің келбетін қалай өзгертеді?

Ең алдымен, қазіргі уақытқа дейін қалыптасып келе жатқан қатынастар жүйесін қарастырып өткен жөн. Бүгін халықаралық қатынастар жүйесі өтпелі кезеңді басынан кешіруде. Қалыптасқан дәстүрлі күш тепе-теңдігі мен жаңа заңдылықтар бір-бірімен араласып, жаңа тенденциялар пайда болуда. Алғашқы Вестфальдық жүйе шамамен 350 жылдық халықаралық қатынастар жүйесін анықтаса, оның негізінде қақтығыстар мен текетірес, саяси одақтардың бақталастығы болса, қазір халықаралық саясатта ғаламдық деңгейдегі жаңа акторлар пайда болды. Трансұлттық корпорациялар және халықаралық ұйымдардың көбеюі, жаһандық қатынас жүйесі, әлемдік экономикалық байланыс, әскери фактордың рөлінің өзгеруі, жаппай мәдени-гуманитарлық байланыстардың артуы, демократияландыру үрдісінің орын алуы, ішкі проблемалар мен сыртқы халықаралық қатынастардың бір-бірімен тығыз байланысы барлық деңгейдегі қатынастардың жаңа сын-сипатын анықтап отыр.

Қазіргі кезде халықаралық қатынастар екі үрдіске байланысты дамуда: біріншісі, саяси-әлеуметтік қарым-қатынастарға бағытталған нарық, екіншісі, глобализация үрдісі. Бұл жағдайда мемлекеттердің өзара байланысы мен халықаралық деңгейдегі ынтымақтастығы нығайып, шешімін күтіп отырған проблемалардың өзектілігі артуда.

Саяси реализмнің көрнекті өкілі, француз саясаттанушысы Р.Арон халықаралық қатынастар – саяси күштер мен саяси одақтар арасындағы байланыстар деген тұжырым жасады. Р.Аронның «...халықаралық жүйелер - алдымен мемлекетаралық қатынастардан тұрады, өйткені мемлекетаралық келісімдер саяси реализм концепциясының негізгі табиғатына жауап береді және соған сәйкес дамиды» дейді. Алайда, Р.Арон халықаралық саясатқа жаңа мән беріп, оны әлеуметтендіруге ұмтыла отырып, ондағы негізгі акторлардың екі категориясын анықтайды. Бірі – жауынгер, екіншісі – дипломат. Сондықтан, олар өз елдерінің, саяси элитасының атынан сөйлегеннен кейін, олардың барлық саяси ұстанымдары саясат аясынан асып түспейді. Сонымен, саяси реализм концепциясының басты нышандары: мемлекеттік мүдде, күш ара-қатынасы, саяси билік болып табылады.

Саяси реализмнің соңғы уақыттағы жаңа бағыттарының бірі болып «realpolitiс» саналады. Бұл терминді ХІХ ғасырда неміс публицисті Людвиг фон Рошау енгізген. Бұл концепция бойынша мемлекет бейбітшілік үшін соғысқа дайындалуы керек. Қазіргі геосаяси жағдайда бұл ұғым қарсыластың жарияланған мүдделерін емес, оның нақты мүдделерін білу керек деген мағынаны білдіреді. Жаңа реализм – халықаралық қатынастарға жаңаша сипат бере отырып, әлемдік саясат пен халықаралық қатынастардағы күш қолдану концепциясын, халықаралық қатынастардың анархиялық түріндегі қалпын қарастырады. «Жаңа реализм» концепциясына сәйкес «күш» мемлекеттік қатынастардағы шешуші фактор болып қала береді. Бірақ «күш» ұғымына әскери күштен бөлек мемлекеттің экономикалық қуаттылығы, мәдени қуаттылығы және басқа күш формалары жатады. Қазіргі уақытта әскерге қарағанда қаржы-валюталық, мәдени ықпалды қолдану тенденцияға айналып барады.

Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар жүйесінің трансформациясы жағдайында әлемдік бірполярлы жүйе өзінің тиімсіздігін көрсетіп, полицентристік әлемдік тәртіпті қалыптастыру талпынысы байқалады, сонымен қоса дәстүрлі емес сыртқы саяси құралдардың рөлі, әсіресе «жұмсақ күштің» (soft power) маңызы артып келеді (Леонова О. «Мягкая сила»: инструменты и коэффициенты влияния // Обозреватель-Observer: научно-аналитический журнал. 2014. № 3. C. 15–28.) Soft power – заманауи саяси және ғылыми лексиконға еніп кетті. Осы ұғымды кеңірек қарастыратын болсақ, халықаралық ықпал мен беделді арттыру, күш қолданбай және әскери емес әдіс-тәсілдер арқылы мемлекеттің қызығушылықтарын, құндылықтарын, идеялары мен көзқарастырын тарату, жүзеге асыру. Ол үшін ресми дипломатия аясында немесе мемлекеттің сыртқы саяси бағыты шеңберінде ресми емес формада ҮЕҰ арқылы басқа елдің территориясында белгілі бір іс-шаралар атқарылуы қажет. Кейде бұл іс-әрекеттер басқа мемлекеттердің ішкі саяси жағдайын өзгеруге бағытталуы ықтимал.

«Жұмсақ күш» соңғы жылдары халықаралық саясатта маңызды орынға ие болды. Жаһандық және аймақтық көшбасшылыққа үміткер мемлекеттер өзіндік «жұмсақ күш» концепциясын дайындап, оны іске асырудың технологиясы мен әдістерін ойластырып, ары қарайғы даму стратегиясы, басымдықтары мен мақсаттарын айқындайды. Осы орайда қаржылық және ұйымдастыру мәселелерін, саяси және интеллектуалдық қолдау, азаматтық қоғамдық көмегі мен өзге мемлекеттердің үлесін ұйымдастыруды қажет етеді. COVID-19 пандемиясымен күресте кейбір державалар өзге мемлекеттерге қаржылық, гуманитарлық көмек көрсету арқылы «жұмсақ күшін» арттырып жатқаны белгілі. Қазіргі уақытта әлемдік аренада бірнеше мемлекет өзінің ұлттық мүддесін қамтамасыз ету үшін «жұмсақ күш» құралдарын пайдаланып отыр.

Сыртқы саясат халықаралық сахнада мемлекетаралық қатынастар мен даму үрдістерін реттеуші фактор болып табылады. Осыған сәйкес, сыртқы саясатты реттейтін әрекеттердің жалпы принциптері бар. Олардың қатарында: біріншіден, бейбіт қатар өмір сүру; екіншіден, екіжақты қатынастарда күш қолданбау, мемлекеттердің ішкі саясатына араласпау; үшіншіден, мемлекеттің шекаралық бірлігін сақтау; төртіншіден, адам құқығы; бесіншіден, мемлекеттің суверенитеті; алтыншыдан, демократиялық принциптер; жетіншіден, құқықтық мемлекет құру; сегізіншіден, мемлекеттер теңдігі; тоғызыншыдан, адамзаттық принциптер; оныншыдан, қауіпсіздік принциптері бар(Бажанов И. И. Совремемный мир. — М.: Известия, 2004. — 270 с.) Қазір осы принциптер толық сақталып келеді деп айта алмаймыз. Өйткені, бүгінгі әлем VUCA, яғни volatility (құбылмалы), uncertainty (белгісіз), complexity (күрделі) и ambiguity (тұрлаусыз), деп бағаланып отыр. Яғни, әлемдік қатынастарда нақты бағыт-бағдарды анықтау қиынға соғуда. Мәселен, өткен жылғы Таяу Шығыста болған бірқатар конфликтілер, АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда текетіресі, ОПЕК+ отырысынн кейінгі мұнай бағасының күрт төмендеуі және дүниежүзіне тараған пандемия мемлекеттердің ғана, адамдардың арасындағы байланыстың табиғат өзгертіп жіберді. Сарапшылар осы пандемиядан кейін әлемнің де келбеті тұтастай өзгеретінін айтады. Бүгінгі есепке сәйкес, Қазақстанда – 294, Қырғызстан – 94, Ауғанстан – 120, Моңғолия – 12, Ресей – 1836, Иран – 38309, Әзірбайжанда – 209 адам қауіпт вирусты жұқтырған. Бұл Қазақстанның айналасындағы ғана мемлекеттер.

 1 кестек.png

Дүниежүзіндегі COVID-19 таралуы / https://google.org/crisisresponse/covid19-map

   Мәселен, пандемияның себебінен Токио олимпиадасы, аса маңызды дипломатиялық іс-шаралар тоқтатылып, көптеген өзекті сұрақтарды шешу кейінге ысырылды. Бірақ, цифрлық технологиясы дамыған аймақтар мен мемлекеттер бұл проблеманы уақытында шешіп келеді.

Әдеттегі өркениеттік дипломатиялық белсенділікпен қатар, әлемдік экономика мен жаһандану үрдісіне үлкен соққы болып, оның созылмалы және терең болатынын ғалымдар айтады.

Біріншіден, өзі де бәсеңдеп келе жатқан әлемдік экономика тағы да соққы алып, көптеген дамушы мемлекеттер мұнай бағасының дағдарысы, қаржылық дағдарыс пен рецессияға тап болуы ықтимал.

Екіншіден, әлемдік сауда айналымы күрт төмендеп, тауар тасымалының жаһандық желісі түрлі сұрақтар тудыра бастайды. Бұл келешекте өндіріс пен тасымалдын локализациялануына, тіпті әлемдік еркін тауар айналымының, қызметтер мен капиталдың ауқымы мен жылдамдығы азаятынын білдіреді.

Үшіншіден, «қырғи қабақ соғыстан» кейінгі мамандардың трансшекаралық көшіп-қонуы да шектеулерге тап болып, әртүрлі визалар мен аймақтық инициативалардың дамуына кедергісін келтіреді. Бұл айтарлықтай аймақтық интеграция процестерін де баяулатып тастайды. Сондықтан әлемдік қауымдастық бұл пандемияның кейін қазіргіден үлкен шығындарға әкелуі мүмкін екендігін естен шығармауы керек.

Гарвард профессоры Стивен Уолт пікірінше, пандемия салдары мемлекеттерді күшейтіп, ұлтшылдықты нығайтады. Сонымен қоса, бұл пандемия әлемдегі ықпал мен биліктің Батыстан Шығысқа өтуіне ықпал етеді. Мысалы, Оңтүстік Корея мен Сингапур дер кезінде қимылдады, Қытай басында ғана олқылықтар жіберді. Ал, вирустың таралуымен күресте Еуропа мен Америка тым баяу және ойластырылмаған қадамдарға баруда деп санайды.  Тағы бірқатар зерттеушілер бұл вирус экономиканың жаһандануын тоқтатып, америкоцентристік әлемнен синоцентристік ықпалға өтуге мүмкіндіктер береді дейді.

 2 кестек.jpg

Сценарий бойынша 2020 жылы Қытайда коронавирустың COVID-19 өршуінен туындаған ЖІӨ өсу қарқынының есептік пайыздық өзгеруі

Бүгінде Қазақстан мен Орталық Азия – әлемдік саясаттың назарына ілігіп отырған аймақтардың бірі. Орталық Азия өзінің табиғи ресурстары мен географиялық орналасуы жағынан, экономикалық нарық ретінде де үлкен рөл атқаруда. Бұл біз орналасқан аймақтың ғаламдық экономикада алатын орны мен рөлінің барған сайын арта түседі дегенді білдіреді. Дегенмен, жаһандық пандемия жағдайында тоғыз жолдың торабында жатқан Қазақстан үшін қиындықтар алып келетіні белгілі. Бұл осы аймақтағы ЕЭО мен «Бір белдеу – бір жол» жобасының цифрлық мүмкіндіктерін нығайтып, жаңа перспективаларын қарауға итермелейді. Қазақстан пандемияға қарсы дер кезінде тиісті шаралар қабылдап, оның кең көлемде таралуын едәуір шектеді деп санаймыз. Бұл еліміздегі денсаулық сақтау саласының жетілдіріліп, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының потенциалын көрсететін жаңа кезең деп есептеуге болады.

 

Олжас Бейсенбаев

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды