• Басты
  • COVID-19: Әлемдегі вакциналау науқаны, Токио Олимпиадасы және карантин шаралары

COVID-19: Әлемдегі вакциналау науқаны, Токио Олимпиадасы және карантин шаралары

19 Сәуір, 2021 16:18

Джон Хопкинс Университетінің мәліметтері бойынша, бүкіл әлемде COVID-19 пандемиясының салдарынан қайтыс болған адамдардың саны үш миллионнан асты. Инфекцияның ең көп тіркелген үш елі қатарында АҚШ, Үндістан және Бразилия бар. Пандемия басталғаннан бері жұқтырғандар саны әлемде 141 миллионнан асты. Әлемдегі эпидемиологиялық ахуал бойынша маңызды жаңалықтар Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Қайтыс болғандар саны артты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) басшысы әлемдегі аурудың таралуы шегіне жетті деп деп ескерткеннен кейінгі күні қайтыс болғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті. Мәселен, эпидемияның екінші толқынын өткеріп жатқан Үндістанда тек сенбіде 230 мыңнан астам жаңадан тіркелгендер анықталған.

Бұған дейін ДДҰ басшысы Тедрос Аданом Гебреисус аурушаңдық пен өлім-жітімнің өсу қаупі жоғары екенін айтты. Оның мәліметінше, әлемдік деңгейде соңғы екі айда аптасына жаңа ауру саны екі есеге өскен. Өйткен, барлық елдерде өлім-жітім мен тіркелгендердің нақты санын көрсететін статистика жоқ.

Өткен аптада Нью-Йорк Таймс зерттеуін жариялады, оған сәйкес 2020 жылдың сәуір-желтоқсан айларында Ресейде өлім-жітім алдыңғы жылдармен салыстырғанда 28%-ға (362 мың адамға) көп болған. Сонымен бірге, ресми мәліметтерге сәйкес, осы уақыт аралығында коронавирустың салдарынан 57 мың адам қайтыс болды.

NYT Ресейді АҚШ және 14 еуропалық елдермен салыстырған, онда 2020 жылдың наурыз айының ортасынан желтоқсан айына дейінгі деректерді пайдаланған. Басылым Ресей коронавирустық пандемия кезіндегі өлім-жітім санының шамадан тыс көп болуы бойынша Еуропа мен АҚШ елдерінен озып кетті деген қорытынды жасаған.

Әлемде вакциналау науқаны қалай жүріп жатыр

Бүгінгі таңда әлемнің 165 елінде 860 миллионнан астам вакцина егілген. Кейбір елдер өздерінің тұрғындарының едәуір бөлігін вакциналау үшін жеткілікті мөлшерде вакцина ала алған. Бұл елдер қатарында, атап айтқанда, Ұлыбритания мен Израиль бар, онда коронавирус жұқтырғандар саны күрт төмендей бастады.

Израильдің жетекші дәрігерлерінің бірі осы аптада айтқанындай, елдегі вакциналаудың деңгейі қазірдің өзінде «ұжымдық иммунитеті» қалыптастыруға мүмкіндік берген. Алайда, көптеген мемлекет әлі күнге вакцинаның алғашқы дозаларын жеткізуді күтіп отыр.

ДДҰ басшысы атап өткендей, егер жан басына шаққандағы табысы жоғары елдерде орта есеппен әрбір төртінші тұрғын вакцинаны қабылдаған болса, онда кедей елдерде әрбір 400 адамның біреуі ғана вакцина алады.

Осы теңсіздікті жою үшін ДДҰ дүниежүзілік Covax бағдарламасын жасады, онда бай елдер дамышу елдермен вакциналарын бөлісуі керек. Жыл соңына дейін Covax бағдарламасы бүкіл әлем бойынша екі миллиард доза вакцина таратады деп жоспарланып отыр.

Үндістанда эпиджағдай ушығып тұр

Сәуір айының басынан бастап Үндістанда эпидемиологиялық жағдай ушыға түскені байқалып отыр. Бірнеше апта бұрын елдегі эпидемия бақылауда тұрған сияқты еді. Қаңтар мен ақпан айларының көпшілігінде сырқаттану тәулігіне 20 000-нан аз болды, бұл 1,3 миллиардтан астам адам тұратын ел үшін төмен көрсеткіш.

Бірақ содан кейін ауру күрт өсе бастаған. Мәселен, сенбі, 17 сәуірде үшінші күн қатарынан 234 мыңнан астам жағдай тіркеліп, көрсеткіш рекордқа жеткен. Елдегі ауруханаларда төсек-орын, оттегі жетіспейді. Жұқтырғандар санының көптігі сонша, ауруханалар жаңадан ауырғандарды қабылдай алмай жатыр. Ал, кейбірі алып-сатарлардан дәрілерді қымбат бағасына алуға даяр. ВВС өз зерттеуінде анықтағандай, олардың бағасы ресми бағадан бес есе жоғары болған.

Демалыс күндері ел астанасы Делиде карантинге жабылады, тағы бірнеше штатта шектеулер енгізілген. Қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына қарамастан, Кумбх Мела фестивалі қатысып жатыр.

Осы аптада солтүстіктегі Утраханд штатында өткен жаппай жиында шамамен 1600 адамнан коронавирус анықталған. Осы іс-шарада түсірілген фотосуреттерде Ганг өзенінің бойында мыңдаған адам жиналғанын көруге болады. Ал, Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди халықты топ болып жиналмауға шақырды.

Тайландта тәулігіне 1000-нан астам жаңа жағдай тіркеліп жатыр

17 сәуірдегі ақпарат бойынша, Таиландта бесінші күн қатарынан жаңадан жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жеткен. Нақтырақ айтсақ, тәулігіне мыңнан астам жағдай тіркеліп отыр. Инфекция аймағы ретінде түнгі клубтар шоғырланған қаланың бір ауданы тіркелген.

Бангкокта жексенбіден бастап мейрамханаларда алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынды, ал елдің ойын-сауық мекемелері екі аптаға жабылды.

Билік жұқтырғандар санын азайту үшін далада мыңдаған көмек көрсету орындарын ашты, сонымен бірге, ауру саны бұдан да көбейетін болса, қонақүйлерді де тартатынын ескертті. Тайланд ережелеріне сәйкес, коронавирусқа оң нәтиже көрсеткен науқастар жағдайына қарамастан, ауруханаларға жатқызылады.

Қазіргі уақытта республикада коронавирус жұқтырған 10461 науқас ауруханада жатыр, бірақ денсаулық сақтау жүйесі олардың саны артуы мүмкін екенін ескеріп, дайындық шараларын жүргізіп жатыр.

Бразилиялық қабір қазушылар түнгі ауысымда да жұмыс істемек

Коронавирустан қайтыс болғандар санының көптігі бойынша Бразилия үшінші орында тұр. Осы орайда, елде кейбір зираттардағы қабір қазушылар адамдарды жерлеуге үлгеру үшін түнгі кезекшілікпен жұмыс істей бастаған.

Сонымен қатар, Бразилиядағы ауруханаларда науқастарды өкпені желдеткіш аппаратқа қоспас бұрын берілетін дәрі тапшы болып отыр.

Бразилияның денсаулық сақтау министрі Марсело Кейрогаа дәрі-дәрмект партиясын тез арада сатып алу үшін Испаниямен және басқа елдермен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтқан. Сонымен бірге, ол кейбір ауруханаларда оттегі қоры жеткіліксіз екенін атап өткен.

Аурудың көп болуына қарамастан, халқы тығыз шоғырланған Сан-Паулу штатының билігі - жексенбіден бастап барлық кәсіпорындар мен ғибадатханалар қайта ашылатынын мәлімдеді.

Токио Олимпиадасыны өтіп-өтпейтіні әлі белгісіз

Жапонияда өткен жылы пандемияға байланысты кейінге қалдырылған жазғы Олимпиада ойындары биыл да өтпеуі мүмкін. Премьер-министр Ёсихиде Суга АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденмен алғашқы кездесуінде шілде айында Олимпиада өткізу үшін барлық мүмкіндікті жасап жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, ол денсаулық сақтау саласындағы мамандардың пікірі де ескерілетінін баса айтты.

Еуропа елдерінде шектеу шаралары жеңілдетіліп жатыр

Еуропаның бірқатар мемлекеті пандемиядан халықтың шаршап, инфекциялар санының азаюына қатысты, сондай ақ вакциналу науқанының сәтті жүзеге асуына байланысты карантин шараларын жеңілдетіп жатыр.

Италия 26 сәуірден бастап мектептер мен мейрамханаларға қойылған бірқатар шектеулерді алып тастайтынын мәлімдеді.

Елдің премьер-министр Марио Драгидің айтуынша, билік осындай тәуекелге баруға бел буды. Ал, 1 мамырдан бастап бір уақытта мыңға дейін көрермен стадиондарға жинала алады, бірақ бұл коронавирусты жұқтырғандар саны аз аймақтарға ғана қатысты.

Германия канцлері Ангела Меркель жұма күні заң шығарушыларды вирус жұқтырғандар саны көбейген аймақтарда локдаун мен коменданттық сағат енгізуге мүмкіндік беретін жаңа өкілеттіктерді бекітуге шақырды. Оның айтуынша, ел азаматтарының көпшілігі мұндай қатаң шараларды қолдайды.

Сонымен бірге, Германия Ұлыбританиядан келетін азаматтарға шектеу шараларын жеңілдетті. Яғни, Ұлыбритания коронавирустық инфекция қаупі жоғары елдер қатарынан шығарылды. Бұған дейін Британия азаматтары Германияға келген кезде міндетті түрде карантинге жабылуы керек болатын.

Ал, Испания мемлекеті азаматтары карантинге жабылуы керек елдер тізімін кеңейтті. Бразилия мен Оңтүстік Африканы қоса алғанда, Оңтүстік Америка мен Африканың тағы 12 штаты енгізілді. Мұндағы мақсат – аталған елдерге табылған штамдардың елге келуіне тосқауыл қою.

Сондай-ақ, Франция елі Аргентина, Бразилия, Чили және Оңтүстік Африка елдерінен келетін азаматтарға 10 күндік карантин енгізіп жатыр. Өйткен, олармен бірге елге коронавирустың жаңа, аз зерттелген штамдары келуі мүмкін деп қауіптеніп отыр. Сәуір айында Франция вирустың таралуын тоқтату үшін үшінші жалпыұлттық локдаунды енгізді және бұл шара өз нәтижесін берген сықылды. Елде коронавирус жұқтырып, реанимация бөлімшелерінде жатқан және ауруханаға түскен науқастардың саны азаюда, сонымен қоса денсаулық сақтау жүйесіне түскен қиындық пен қолайсыздық та бір-бірте азайып келеді дейді сарапшылар.

Канаданың ең үлкен провинциясы Онтариода коронавируспен ауырғандар саны жоғары деңгейге жетті, ал ауруханалар науқастарға толған. Онтарио жұқтырғандар саны жөнінен пандемия басталғаннан бері үшінші күн қатарынан жаңа рекорд орнатып, жұмада 4812 жаңа жағдай анықталғандығы туралы хабарланды. Ауруханаға түскендер мен қарқынды терапия бөлімшелеріндегі науқастардың саны да рекордтық көрсеткішке жеткен. Онтариодағы инфекциялардың үштен екісінен көбі коронавирустың жаңа нұсқаларына, әсіресе «ұлыбритания штамға» жатады.

Осы орайда, Онтарио қатаң шектеу шараларын енгізіп жатыр. Соның ішінде алты апта бойына үйде болу, саяхатттушыларға да бірқатар шаралар енгізіп жатыр.

Канададағы полиция енді көшеде кетіп бара жатқан адамдарды тоқтатып, олардың қайда, не үшін бара жатқаны туралы сауал қоя алады. Сондай-ақ, ол жерде аса маңызды емес құрылыс жұмыстарын тоқтату ұсынылады.

Вакциналауды жалғастырғанның өзінде Онтариодағы жаңа жағдайлардың саны күніне 30 000-ға жетуі мүмкін. Провинцияда 14 миллион адам тұрады, бұл Канада тұрғындарының 38%-ын құрайды.

Сарапшылар тобы эпидемиологиялық жақсан күннің өзінде жаңа жағдайлардың саны күніне шамамен 5000-ға дейін азаятыны, бірақ тек қазіргі кездегіге қарағанда айтарлықтай қатаң шектеу шаралары енгізілген ғана екенін айтып отыр. Сондай-ақ, бұл күніне 300,000 адамға вакцина егу қажет болатынын ескерткен.

Барлық жаңалықтар