• Басты
  • COVID-19: Әлемдегі эпиджағдай күрделі. Лондонда, Мәскеуде карантин шаралары күшейтілді
16 Қазан, 2020 16:56

COVID-19: Әлемдегі эпиджағдай күрделі. Лондонда, Мәскеуде карантин шаралары күшейтілді

Әлем елдеріндегі эпидемиологиялық жағдай нашарлай түсті. Кейбірі үлкен қалаларында локдаун енгізе бастады. Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, әлемде 38,7 миллион адам коронавирусты жұқтырған, шамамен 1,1 миллион адам қайтыс болған. Дүниежүзіндегі коронавирусқа қатысты жағдай туралы Strategy2050.kz тілшісі дайындаған материалдан оқи аласыздар.

COVID-19: Әлемдегі эпиджағдай күрделі. Лондонда, Мәскеуде карантин шаралары күшейтілді

Ұлыбритания

Ұлыбритания билігі Лондонды ең қолайсыз аймақтардың екінші санатына ауыстырды, бұл жақында енгізілген шектеулердің үш деңгейлі жүйесіне сәйкес «инфекцияның таралу қаупі жоғары аймақ» дегенді білдіреді.

Сенбі түн ортасынан бастап бір шаңырақ астында тұрмайтын лондондықтар үйлерде, пабтарда және мейрамханаларда кездесе алмайды. Байланысты ашық кеңістіктерде жалғастыруға болады, бірақ алты адамнан аспау керек.

Екінші санатқа сонымен қатар елдің әр түкпіріндегі тағы алты қала және бүкіл Эссекс графтығы кіреді. Бұған дейін ең қолайсыз аймақтар Манчестер мен Ливерпуль аудандары болып саналған еді.

Эпидемия басталғаннан бері бірінші рет Ұлыбритания патшайымы Елизавета II корольдік резиденциядан тыс жерде болған іс-шараға қатысты.

Немересі князь Уильяммен бірге ол Covid-19-ға қарсы күрес әдістерін жасауға белсенді қатысатын ғалымдармен кездесті. Патшайым да, ханзада да медициналық бетперде кимеген. Алайда кездесуге шақырылған барлық 48 адам Covid-19-ға қарсы сынақ тапсырды. Букингем сарайында оларға патшайымның қауіпсіздігі үшін барлық қажетті шаралар қабылданғанын айтқан.

Франция

Франция полициясы пандемиямен күрестегі әрекеттерін тергеу шеңберінде жоғары лауазымды шенеуніктердің үйлеріне тергеу жүргізді. Тәртіп сақшылары барғандардың қатарында денсаулық сақтау министрі Оливье Веран мен Францияның ұлттық денсаулық сақтау агенттігінің басшысы Джером Саломон бар.

Шенеуніктерге қатысты тергеу эпидемия басталғаннан кейін көп ұзамай шыққан сот бұйрығынан кейін басталды. Бұған француз ауруханалары тап болған жеке қорғаныс құралдарының жетіспеушілігі, сондай-ақ уақтылы қабылданбаған шешімдер себеп болды. Дәрігерлер мен коронавирустан қайтыс болғандардың туыстары көптеген сот шағымдарын жіберген.

Джон Хопкинс Университетінің мәліметтері бойынша, Франция Еуропада жұқтырғандар саны жағынан екінші орында, ал әлемде 10-шы орында. Вирус жұқтырғандар саны - 820,3 мың, 33 мың адам қайтыс болды. Президент Эммануэль Макронның айтуынша, инфекция елдің барлық аймағына таралды.

Сәрсенбіде елдің ірі қалаларында - Парижде, Марсельде, Лилде, Лионда, Руанда, Сен-Этьенде, Тулузада, Гренобльде және Монпельеде коменданттық сағат енгізілді. Барлығы 22 миллион адам қатаң карантин шараларын ұстануға тиісті.

Ресей

Мәскеуде бетпердесіз және қолғапсыз жолаушылар көлікке жіберілмейді

Роспотребнадзор Мәскеудегі қоғамдық көліктерде жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ) жоқ жолаушыларға, егер олар жол ақысын төлеп қойған болса да, тыйым салды. Қоғамдық көліктерде маска мен қолғап режимінің сақталуын бақылау 16 қазаннан бастап күшейтіледі, деп хабарлады бейсенбіде елорда көліктерінің ресми Telegram каналы.

«Біз Мәскеудің бас санитарлық дәрігері Елена Андреевадан коронавирустың алдын алу шаралары туралы бұйрық алдық. Енді тасымалдаушылардан ЖҚҚ жоқ жолаушыларды көлікке кіргізбеу талап етіледі, тіпті егер жол ақысы төленген болса да. Жолаушылардан маска мен қолғап кию талап етіледі. Көліктегі маска мен қолғап режимін бақылау күшейтіледі - тексерулер жиілейтін болады, оларға құқық қорғау органдары қатысады », - делінген.

Польша

Польша коронавирусты көп жұқтырған аймақтарда, яғни «қызыл» және «сары» аймақтарда шектеу шараларын күшейту туралы шешім қабылдады. Жаңа ережелер 17 қазаннан бастап күшіне енеді.

Сонымен коронавирус ең жоғары деңгейде таралмаған «сары» аймақтарға келесі шектеулер енгізілді:

-        қоғамдық көліктердің кеңістігінің тек 30 пайызы ғана толы болуы

-        ұжымдық іс-шараларда, үйлену тойларында, мерекелерде, корпоративтік кештерде 20 адам ғана болу керек

-        мектептер мен университеттерге оқу процесін қашықтағы режимге ауыстыру туралы шешім қабылдауға дербес мүмкіндік беріледі

-        спорттық шаралар көрерменсіз өткізіледі

-        бассейндер, спорт залдары мен аквапарктер өз жұмысын толығымен тоқтатады.


Коронавирус көп таралған, яғни «қызыл» аймақтарда келесі шаралар қабылданады:

 

-        кезекте бес адамнан артық тұруға болмайды, арақашықтықты сақтау керек

-        қоғамдық орындарда салтанатты іс-шараларға тыйым салынады

-        діни рәсімдер кезінде ғибадатханалар, келушілер арасындағы қашықтық жеті метрден кем болмауы керек

-        практикалық сабақты қоспағанда, университеттер мен орта мектептерде қашықтықтан оқытуды енгізу қарастырылған.

-        «қызыл» аймақтағы көлік шектеулері «сары» аймаққа ұқсас

 

«Біз коронавирустың таралуының алдын алатын шектеулер енгізгіміз келеді, бірақ сонымен бірге экономиканың мүмкіндігінше тиімді жұмыс істеуін қалаймыз», - деп премьер-министр Матеуш Моравецки жаңа шектеулер туралы 15 қазандағы Үкіметтің дағдарысқа қарсы басқару тобының отырысында айтты.

 

Индонезия

Индонезияда соңғы тәулікте SARS-CoV-2 инфекциясының 4301 жағдайы тіркелді. 2020 жылдың 16 қазанындағы жағдай бойынша Индонезияда жұқтырғандар саны 353 461 – ге жетті.

2020 жылдың 15 мен 16 қазаны аралығында коронавирустан 73 науқас қайтыс болған. Ал жалпы, эпидемия Индонезияда 12 347 адамның өмірін қиды.

Еуропалық Комиссияның басшысы ЕО саммитінен кетіп қалды

Еуропалық Комиссияның төрағасы Урсула фон дер Лайен Брюссельде ашылған екі күндік ЕО басшыларының саммиті басталғаннан кейін бір сағат өткен соң кетіп қалды. Оның Covid-19 жұқтырған адаммен байланыста болғаны белгілі болды. Сынақ нәтижесі терісті көрсеткенімен, ол көпшілік арасынан оқшаулануды дұрыс көрді.

Бірақ ол жағдай анықталмай тұрып, сөз сөйлеп үлгерді. Өз сөзінде ол жалпы карантин ережелері бүкіл Еуропалық Одақта қолданылуы керегін айтты, өйткені Еуропадағы жағдай күннен-күнге нашарлап келеді.

Коронавирус белгілері ұзаққа созылуы мүмкін

Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтауды зерттеу институтының ғалымдары кейбір жағдайларда адамдарда коронавирустың белгілері бұрын ойлағаннан әлдеқайда ұзаққа созылуы мүмкін деген есеп жариялады.

Коронавирустың жеңіл белгілері екі аптадан аспайды, ал одан ауырлары үш аптаға созылады делінген еді. Алайда осы кезеңнен ұзақ уақыт бойы өзін нашар сезінетініне шағымданған адамдар саны көбейген, бқған дейін оларды басқа аурумен ауырады деп ойлаған дәрігерлер. Мұндай науқастардың саны өте көп дейді олар.

Ұзақ мерзімді симптомдар Covid-19-бен де, коронавирустық аурудан туындаған тағы үш себеппен байланысты болуы мүмкін:

 

-        Өкпе мен жүрек жұмысының бұзылуы

-        Интенсивті терапияның салдары

-        Коронавирустан кейінгі шаршау синдромы

Сонымен, ғалымдардың айтуынша, коронавирус енді белгілі бір уақыт аралығында емделетін ауру емес және ұзақ мерзімді жағдайлар санатына ауысады, бұл диагностика мен терапияға жаңа көзқарасты қажет етеді.

Оксфорд университеті коронавирусты тез анықтайтын тест жасамақшы

Оксфорд университетінің ғалымдары бейсенбіде денеде коронавирус бар-жоғын анықтайтын жылдам тест құрастырғанын, оның нәтижесін бес минут ішінде алуға болатынын мәлімдеді.

Университет 2021 жылдың басында сынақтан өткізетін және алты ай ішінде дайын лицензияланған өнімдермен нарыққа шығатын құрал жасауды жоспарлап отыр.

Ғалымдардың айтуы бойынша, антигенді жылдам сынау әлемдік экономиканы қалпына келтіру үшін маңызды, өйткені оны көп мөлшерде және мүмкіндігінше тезірек әуежайларда, мектептерде, университеттерде және адамдар көп шоғырланған жерлерде өткізуге болады.

Барлық жаңалықтар