• Басты
  • COVID-19 әлемде: әлемде коронавирустың жаңа штаммы таралуда

COVID-19 әлемде: әлемде коронавирустың жаңа штаммы таралуда

29 Наурыз, 2021 14:45

Әлемдік коронавирус:Бір тәулікте АҚШ-та коронавирус анықталған жағдайлар саны 62 062-ге көбейген. Үндістан билігі ел тұрғындарынан алынған анализдерден бұрын кездеспеген қос мутациясы бар коронавирус анықталғанын мәлімдеді. Біріккен Араб Әмірліктері мен Қытай Абу-Дабиде короновирустық вакциналар өндіретін жаңа қытайлық желіні іске қоспақ. Әлемдегі коронавирусқа қатысты жағдай туралы осы және басқа да жаңалықтар Strategy2050.kz тілшісінің материалында.


Чехияда коронавирустың жаңа штаммы анықталды

Чехияда коронавирустың жаңа штамы анықталды. Қазір ғалымдар арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады.

Дәрігерлердің айтуынша, COVID-19-дың жаңа нұсқасы вирустың британдық немесе оңтүстік африкалық штаммдарына қарағанда қауіпті емес.

Штаммды коронавирусқа тестілеу жүргізетін Брно қаласындағы Elisabeth Pharmacon зертханасының қызметкерлері анықтады. Оның зерттеулері жалғасуда.

Британдық және оңтүстік африкалық коронавирус штамдары таралған Чехияда эпидемиялық жағдай Еуропалық Одақтағы ең қиын жағдайлардың бірі болып қала береді. Халқы 10,702 миллион азаматты құрайтын республикада пандемия кезеңінде жұқтырғандардың жалпы саны 1 515 029-ға жетті, ал инфекцияның салдарынан қайтыс болғандар саны 25 874 - ке жетті.

Үндістанда қос мутациясы бар коронавирус анықталды

Үндістан билігі ел тұрғындарынан алынған анализдерден бұрын кездеспеген қос мутациясы бар коронавирус анықталғанын мәлімдеді.

Қазіргі кезде сарапшылар бұл штамның қаншалықты жұқпалы екенін және оның вакциналарға төзімділігінің деңгейін тексеру үстінде. 18 штатта алынған 11 мыңға жуық анализдің ішінен мамандар 771-інің ғылымға бұрыннан белгілі вирусты анықтады. 736 анализ нұсқасынан британдық вирус, 34-інен – оңтүстікафрикалық вирус және бір бразилиялық вирус анықталған.

Бұл ретте, мамандардың айтуынша, көптеген штамдардың бар болуы ауруға шалдығудың өршуімен тікелей байланысты емес.

Сәрсенбі күні Үндістанда коронавирус жұқтырудың 47 262 жаңа оқиғасы мен 275 өлім жағдайы тіркелген – бұл биылғы жылда тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

Құрамына елдің Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен 10 жетекші ұлттық зертхана кіріп отырған Үндістанның SARS-CoV-2 геномикасы жөніндегі консорциумы (INSACOG) вирустың соңғы үлгілерін гендік жағынан зерттеді.

Нәтижесінде батыстағы Махараштра штатынан жиналған үлгілердің болмашы бөлігінен өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда E484Q және L452R мутацияларының үлесі байқалып отырғаны анықталған.

Вирустар мутацияға жиі ұшырап отырады, алайда олар уыттылықтың артуы немесе аурудың асқынуына әкелмейді. Олай болғанымен, кейбір мутациялар, мысалы, британдық немесе оңтүстікафрикалық мутациялары вирусты бұдан да жұқпалы, тіпті өлімге әкелетіндей ете алады.

  

The Express Tribune басылымының хабарлауынша, ұлттық командалық-операциялық орталығы ішкі және сыртқы саяси, мәдени, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларға тыйым салған.

Шектеулер 29 наурыздан бастап күшіне енеді. 5 сәуірден бастап елде үйлену рәсімдеріне уақытша тыйым салынды.

NCOC провинция үкіметтерімен әуе, автомобиль және теміржол көлігіндегі қосымша шектеу шаралары, соның ішінде көлік қозғалысын қысқарту туралы кеңес берілді. Жергілікті билік органдарына халықты коронавирусқа қарсы егу кестесін қатаң сақтау және медициналық мекемелерге вакциналармен үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Пәкістанның Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, өткен аптада елдегі коронавирустық инфекцияның тәуліктік жағдайлар саны соңғы тоғыз айға қарағанда ең жоғары көрсеткіш болды. Соңғы 24 сағатта елде 4525 жаңа инфекция анықталды. Пандемия кезінде жұқтырған адамдардың жалпы саны 659116-ға жетті, 598197 адам емделді. Вирусты жұқтырудан қайтыс болғандар саны 14256, өлім-жітім 2,16%-ды құрады. Бүгінге дейін елде COVID-19-қа 10107955 тест жасалды.

Біріккен Араб Әмірліктері мен Қытай Абу-Дабиде короновирустық вакциналар өндіретін жаңа қытайлық желіні іске қосады

Араб елінде БАӘ мен Қытай коронавирустық вакцина өндірісінің жаңа желісін іске қосады. Қытайлық Sinopharm препаратының шамамен 200 миллион дозасы жыл сайын Абу-Даби әмірлігіндегі жаңа фармацевтикалық зауытта өндірілетін болады, деп хабарлады дүйсенбіде Reuters агенттігі.

Агенттіктің хабарлауынша, биыл құрылысы жоспарланған зауытта үш құю желісі, сондай-ақ бес автоматтандырылған орау желісі болады. Өндірілетін препарат «Хаят-Вакс» деп аталады.

Агенттік Хаят-Вакстың бір өндірістік желісі қазірдің өзінде Рас-әл-Хайма әмірлігінде орналасқан фармацевтикалық зауытта жұмыс істейтіндігін еске салады. Бұл желінің «бастапқы қуаттылығы айына 2 миллион дозаны құрайды» деп көрсетілген.

Жексенбіде Әмірліктің WAM ақпарат агенттігі БАӘ-ге сапары кезінде Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И мен БАӘ Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі шейх Абдулла бен Заид Аль Нахаян БАӘ-де коронавирустық вакцина шығару бойынша бірлескен жобаны бастағанын хабарлады. «БАӘ-де өмір туралы ғылымдар және вакцина жасау» деп аталады.

БАӘ-де американдық Pfizer компаниясының және оның неміс серіктесі BioNTech-тен алынған препарат, сондай-ақ қытайлық Sinopharm вакцинасы қолдануға рұқсат етілді. 21 қаңтарда елде ресейлік Sputnik V коронавирус вакцинасы тіркелді.

Ұлыбритания тамыз айына дейін туристерге шекараны ашпауы мүмкін

Ұлыбритания маусымның соңына қарай әлемнің басқа елдерімен көлік байланысын қалпына келтіруі екіталай, ал шетелде демалғысы келетін британиялықтар мұны тамыз айына дейін шегере тұруға мәжбүр.

Британиялықтар қайтадан шетелге қашан бара алатындығы туралы билік 12 сәуірде хабарлауға уәде берді. Қазіргі уақытта Ұлыбританиядан шығуға бірнеше жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Атап айтқанда, жұмыс, білім алу, үйлену тойлары мен жерлеу рәсімдері, сондай-ақ ерекше жеке жағдайлар. Ұлыбританияға кірушілерге келетін болсақ, олар келгеннен кейін 10 күн оқшауланып, өз есебінен құны 210 фунт стерлинг болатын екі тест тапсырулары тиіс. Сондай-ақ келушілер елдегі шектеулер режимін ұстанулары керек.

«Қызыл тізімдегі» елдерден қазір елге тек британиялық немесе ирландиялық төлқұжат иелері, сондай-ақ елде тұрақты тұруға құқығы бар адамдар кіре алады.

Карантин шараларын жеңілдету

Жексенбі күнгі мәліметтерге сәйкес, 30 миллионнан астам британиялықтар вакцинаның алғашқы дозасын алды.

Дүйсенбіде елде кейбір шектеулер алынды. Мысалы, «үйден шықпау» ережесі жойылды, кейбір спорттық іс-шараларға рұқсат етілді, алты адамға дейін үйден тыс жерде кездесе алады. Бұл – локдаунды толығымен алып тастаудың алғашқы қадамы. Әлеуметтік алыстау ережелері әлі де күшінде. Ұлыбританияда сырқаттану деңгейі қаңтар айында күніне 60 мың жағдайдан наурыздың аяғында күніне 5 мың жағдайға дейін төмендеді.

Sky News телеарнасында сөйлеген сөзінде мәдениет министрі Оливер Доуден үкімет қазір британ халқына халықаралық сапарларды қалай жандандыруға болатыны жайлы ойлану үстінде екенін айтты.

АҚШ-та бір тәулікте 62 мыңнан астам адамнан COVID-19 оқиғасы анықталды

Соңғы тәулікте Америка Құрама Штаттарында коронавирустың анықталған жағдайларының саны 62 062-ге көбейді, ауруы расталған тағы 741 науқас қайтыс болған.

Құрама Штаттарда COVID-19 анықталған жағдайлардың жалпы саны 30,2 миллионнан асты, коронавирус диагнозы қойылған 548 828 науқас қайтыс болды.

Солтүстік Македонияға "Спутник V" екінші партиясы жеткізілді

Ресей Федерациясынан шыққан Sputnik V коронавирус вакцинасының екінші партиясы жексенбіде Солтүстік Македонияға жеткізілді, деп хабарлады Солтүстік Македонияның денсаулық сақтау министрі Венко Филипче.

Ресейден коронавирустық вакцинаның алғашқы партиясы Солтүстік Македонияға 7 наурызда келді. Ресей Федерациясынан иммундау препараты осы жексенбіде Скопье халықаралық әуежайына COVAX еуропалық механизмі арқылы AstraZeneca вакциналарының алғашқы партиясын жеткізгеннен кейінгі күні келді.

Қазіргі уақытта Sputnik V вакцинасы әлемнің 50-ден астам елінде расталған.

Словенияда қатаң карантин енгізіп, елден шығу шектелуде

Словения билігі 1-11 сәуір аралығында карантин режимін қатаңдату және коронавирус жұқтырғандар санының тұрақты өсуі аясында елден кету құқығын уақытша шектеу туралы шешім қабылдады.

Сәуір айында локдаун кезеңінде Словенияның барлық балабақшалары, мектептері мен университеттері қайтадан жабылады. Қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардан тек азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, пошта бөлімшелері, ЖҚС және автосервистер жұмысын жалғастыра алады.

Бір отбасының мүшелері болып табылмайтын адамдардың кез-келген жиынына да тыйым салынады. Коменданттық сағат 22:00-ден 05:00-ге дейін сақталады.

Словения билігі сонымен бірге ел бойынша қозғалысты шектейді - тұрғылықты аймақтан тыс жерлерге шығу құжатпен расталған дәлелді себеп болған жағдайда ғана мүмкін болады. Ерекшелік 4 сәуір, католиктік Пасха күні болады. Ел тұрғындарына шектеу қойылған жағдайда туыстары мен достарын көруге рұқсат етіледі - екіден көп емес отбасы кездесуге болады.

Республика Үкіметі Словения шекарасынан өту режимін уақытша қатайту туралы қаулыны да бекітті, ол 29 наурызда күшіне енеді.

Ел тұрғындарына эпидемиологиялық ахуалы нашарлаған аумақтардың қызыл тізімінен штаттарға баруға уақытша тыйым салынады (оған Еуропаның көптеген елдері, соның ішінде Ресей де кіреді).

Сонымен қатар, Словения полициясы бұдан былай ЕО мен Шенген елдерінен тыс жерлерде жүргізілген теріс ПТР сынақтарын елге келгеннен кейін 10 күндік карантиннен босатудың негізі ретінде қарастырмайды.

Оған коронавируспен вакциналанған және ауырған адамдарға ел ішінде және шетелге шығуға шектеулер қолданылмайды: Словения билігі BioNTech және Pfizer, Moderna және AstraZeneca дәрілерімен вакцинацияланған барлық адамдарды осы санатқа жатқызады. Мұндай мәртебе соңғы алты айда коронавирус тудырған ауруды бастан өткерген адамдарға да беріледі (олар Еуропалық Одақ немесе Шенген аймағындағы дәрігерлердің немесе зертханалардың тиісті құжаттық растамаларын ұсынуы керек).

Венера Жоламанқызы


Барлық жаңалықтар