• Басты
  • COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр

COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр

21 Қыркүйек, 2021 16:35

Әлемде COVID-19 вирусын 229 миллионнан астам адам жұқтырған. Елімізде 21 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 68 803 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Оның ішінде 987 адамның жағдайы ауыр, 261 науқастың жағдайы өте ауыр, 143 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Әлемдегі және еліміздегі эпидемиологиялық жағдай туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Қазақстанның 4 өңірінде коронавирустың жаңа штамы анықталды

Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирустық инфекцияға генетикалық зерттеу жүргізді. Секвенирлеу қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасында 96 үлгіде штамдар айналымы белгіленген (Delta «Үнді штамы» - 57 (59,4%), Alpha «Британдық» - 24 (25%), «Ухань» коронавирусы - 10 (10,4%) және eta «Нигерия» - 5 (5,2%)). Eta «Нигерия» штамының айналымы 4 өңірде анықталды. Олар, Қарағанды - 1, Маңғыстау - 2, Павлодар - 1, Нұр-Сұлтан - 1.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі деректері бойынша «Eta» штамы әлемнің 77 елінде бөлінген, ДДҰ санаты бойынша «бақылауды» талап ететін штамдарға жатады. Клиникалық белгілері Alpha (Британдық) және Beta (Оңтүстік Африка) штамдары (жоғары қызба, жөтел, иіс пен дәм жоғалту, ауыр ауру және т.б.) сияқты.

Еліміздегі эпиджағдай

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің 21 қыркүйектегі мәліметі бойынша, 68 803 адам коронавирус инфекциясынан (- 60 242 + және 8 561 - КВИ) емделуде. 12 381 пациент стационарда, 56 422 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 987 адамның жағдайы ауыр, 261 науқастың жағдайы өте ауыр, 143 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

21 қыркүйектегі дерек бойынша, елімізде 7 334 870 адам вакцинаның бірінші компонентін алған. Ал екінші компонентімен 6 201 253 адам егілген.

Австралия коронивирусқа қарсы 12 жасқа дейінгі балаларды вакциналауға ниетті

Pfizer фармацевтикалық компаниясының мәліметтеріне сәйкес, COVID-19 вакцинасы 5 пен 11 жас аралығындағы балаларды аурудан тиімді қорғай алады деп мәлімдеуде. Осыған байланысты, 21 қыркүйекте Австралияның Денсаулық сақтау министрі Грег Хант Австралиядағы Pfizer басқарушы директорына вакцинаны балаларға қолдану туралы мәліметтерді сұрады.

Австралия үкіметі 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге иммундау басталғанын жариялады. 21 қыркүйектегі жағдай бойынша 16 жастан асқан Австралия халқының 47,7% - ы толығымен егілген.

Оңтүстік Кореяда халықтың 70%-дан астамы вакциналанған

21 қыркүйектегі дерек бойынша, Оңтүстік Кореяда 21 683 адам COVID-19-ға қарсы вакцина алған. Қазіргі таңда елде вакцинаның алғашқы дозасын 36 527 829 адам алған. Оңтүстік Кореяда вакциналау деңгейі 71,1% құрады. Нақтырақ айтқанда, Pfizer препаратымен 19 749 504 адам, AstraZeneca препаратымен — 11 086 402 адам, Janssen препаратымен — 1 415 404 адам, Moderna препаратымен — 4 276 519 адам егілген. Өткен тәулікте вакцинаның екінші дозасын 9572 адам алған. Жалпы алғанда вакцинаның екі дозасын 22 180 500 адам алған.

Өткен тәулікте Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырудың 1729 жағдайы анықталған. Елде расталған жағдайлардың жалпы саны 289 263-ке дейін жеткен.

Грецияның қарт тұрғындары COVID-19 вакцинасының үшінші дозасын ала алады

Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің Бас хатшысы Мариос Фемистоклеус 20 қыркүйектегі брифинг барысында COVID-19 вакцинасының үшінші дозасын алуға 60 жастан асқан Грецияның барлық тұрғындары мен медицина қызметкерлері 30 қыркүйектен бастап жазыла алатынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, иммунитеті төмен науқастар вакцинаның үшінші дозасын алуға құқылы. 14 қыркүйектен бастап бұл құқықты 13 175 адам пайдаланған. Сондай-ақ, ол қарттар үйінің тұрғындары вакцинаның үшінші дозасын алуға кезекте тұрғанын, келесі аптада олар үшін онлайн-брондау ашылатынын атап өтті.

Ұлттық вакцинация комитетінің төрағасы Мария Теодориду брифингте мәлімдегендей, бұл топтағы адамдар вакцинаның үшінші дозасын алмаса, жұқтыру қаупі жоғары болады. Теодориду қарқынды терапия Сондай-ақ, ол COVID-19 емделетін адамдардың 59,2% - ы және аурудан қайтыс болғандардың 48% - ы 60 жастан 79 жасқа дейін екенін атап өтті.

Индонезияда аптасына 10 млн-нан астам адам екпе алуда

Индонезияның Денсаулық сақтау министрі Буди Гунади Садикин коронавирустық вакцинаны аптасына 10 миллион адам ала бастады деп мәлімдеді. Қазіргі таңда Индонезия халқы коронавирусқа қарсы вакцинаның 125,7 миллион дозасын алған. Министр Индонезия халқының 35% - ы вакцинамен қамтыолы деп мәлімдеді. Вакцинаның алғашқы дозасын 75 миллион адам алды, ал 45 миллион адам коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алған. Вакцинаның жалпы 169 миллион дозасы Индонезияның барлық өңіріне таратылған. Индонезия Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, қазіргі уақытта елде коронавирусқа қарсы вакцинаның 262 миллион дозасы бар.

Барлық жаңалықтар