• Басты
  • COVID-19 әлемде: Францияда коронавирустың жаңа штамы анықталды, АҚШ-та антиденелері бар сәби дүниеге келді

COVID-19 әлемде: Францияда коронавирустың жаңа штамы анықталды, АҚШ-та антиденелері бар сәби дүниеге келді

17 Наурыз, 2021 15:54

Әлемдік коронавирус: Нидерландыда локдаунға қарсы демонстранттарға полиция су шашып, резеңке таяқ қолданды. Ирландия AstraZeneca вакциналарын қолдануды уақытша тоқтатқан Еуропаның бірнеше елінің қатарына қосылды. Сондай-ақ көптеген елдер AstraZeneca вакцинасын қолдануды уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Ал Францияда ғалымдары қарапайым ПТР-тестілер анықтай алмайтын коронавирустың жаңа штаммын тіркеді. АҚШ-та коронавирусқа вакцина алған анадан антиденелері бар сәби дүниеге келді. Әлемдегі коронавирусқа қатысты жағдай туралы осы және басқа да жаңалықтар Strategy2050.kz тілшісінің материалында.


Гаагада полиция карантинге қарсы наразылық таратты

Нидерланды полициясы Гаагадағы демонстрацияны тарату үшін адамдарға қарсы су шашып, таяқ пайдаланды. Митингіге қатысушылар карантин шараларын жоюды талап етіп жатыр. Бірнеше күн бұрын Гаага орталығындағы алаңға наразылық білдіруші екі мыңға жуық адам жиналды. Әлеуметтік қашықтықты сақтамаған тұрғындар митинг аяқталғаннан кейін де үйлеріне тараудан бас тартқан. Сондай-ақ дауыс зорайтқыш арқылы жасалған ескертулерді де елемеген. Бұдан кейін полиция күш қолдана бастаған. Бірнеше адам ұсталды.

Нидерландыда карантинге қарсылық білдірушілердің агрессивті наразылықтары әлі де жалғасуда. Олар шектеулер мүлдем қажет емес немесе қоғамның ең осал топтарына ғана қатысты болуы керек деп санайды. Қаңтар айының соңынан бастап Нидерландыда қатаң локдаун күшіне енді. Мейрамханалар мен барлар жабық, сондай-ақ елде екінші дүниежүзілік соғыс уақытынан кейін алғаш рет коменданттық сағат енгізілген.

Ирландияның Ұлттық иммундау комитеті тромбтардың пайда болуына байланысты Норвегиядан келіп түскен жаңа хабарламалардан кейін Оксфорд университеті мен AstraZeneca компаниясы өндірген вакцинаны қолдануды уақытша тоқтатуға кеңес берді.

Бұған дейін AstraZeneca вакцинасын Болгария, Дания, Исландия, Норвегия және Таиланд елдері тоқтатты. Себебі Еуропаның 30-ға жуық тұрғыны Оксфорд вакцинасын алғаннан кейін тромбтар проблемасына шағымданған екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жұма күні AstraZeneca вакцинасы мен қан ұйығыштық арасында ешқандай дәлел жоқ екенін мәлімдеп, пандемиямен күресте вакцинаны қолдануды тоқтатпауға шақырды.

Францияда Covid-19-бен ауыратын 4,1 мың адам интенсивті терапия бөлімінде емделуде

Франция билігі ел астанасының медициналық мекемелерінің жүктемелерін жеңілдету үшін кейбір науқастарды Парижден және оның маңынан елдің басқа қалаларына тасымалдау шешімін қабылдады.

Коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайларының көбеюіне қарамастан, Франция президенті Эммануэль Макрон әлі де ұлттық карантин енгізбеді. Коронавирус бойынша статистикасы жоғары жекелеген қалаларда қатаң шаралар күшінде, олар тек Парижде қолданылмайды.

Қазіргі уақытта Францияда Covid-19-бен ауыратын 4,1 мың адам интенсивті терапия бөлімінде жатыр. Оның 1,1 мыңы – Парижде және оның айналасындағы елді мекендерде.

ЕО реттеушісі AstraZeneca вакцинасына сенімін білдіріп отыр

Бірнеше күн бұрын дәрілік құралдардың еуропалық агенттігі (ЕМА) AstraZeneca вакцинасы мен вакцина егілген кейбір адамдарда тромбтардың пайда болуы арасында еш байланыс жоқтығын тағы бір мәлімдеді. ЕМА басшысы Эмер Кук бұл вакцинаның пайдасы барлық қауіптердің орнын басатынына толық сенімді екенін баса айтты. AstraZeneca мәліметінше, Еуропада вакцина егілген 17 миллион адамның арасында тромбоздың 37 оқиғасы тіркелген. ЕМА бұл оқиғалардың әрқайсысына талдау жүргізуде.

Бүгінде Германия, Италия, Франция, Испания, Португалия, Словения, Исландия, Ирландия, Норвегия, Дания, Нидерланды, Индонезия және Венесуэлада AstraZeneca препаратымен егуді уақытша тоқтатты. Сейсенбіде бұл елдер тізіміне Латвия мен Швеция қосылды. Ал Германияда өңірлік және федералдық көшбасшылар ЕМА тергеуінің қорытындысы шыққанша аталмыш препаратпен вакциналау бағдарламасын кеңейтуді кейінге қалдырды. Ал Таиланд билігі болса, керісінше, AstraZeneca вакцинасын уақытша қолданбау шешімін өзгертті. Сейсенбі күні бұл вакцинаны елдің премьер-министрі Прают Чан-Оча салдыртты. AstraZeneca вакцинасын әрі қарай қолдану шешімі туралы Австралия билігі де мәлімдеді. Ал Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо отандастарын Еуропадағы реакцияға қарамастан екпе салдыртудан бас тартпауға шақырды. Жұма күні AstraZeneca мен тромбтардың арасында байланыс дәлелдерінің жоқ екенін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да мәлімдеп, үкіметтерді оны пандемияға қарсы күрес құралы ретінде қолдануын тоқтатпауға үндеді.

Францияда коронавирустың жаңа штамы анықталды

Британияда бұл вакцина - негізгілердің бірі, AstraZeneca-ның бірінші дозасын миллиондаған адам алып үлгерді. Франция кәдімгі тестілер анықтай бермейтін коронавирустың жаңа штамын тіркеді Франция билігі елдің батысындағы Бретань өңірінде ғалымдар коронавирустың жаңа штамын анықтағанын мәлімдеді. Бастапқы бағалау бойынша, бұл штамм басқаларына қарағанда әлдеқайда жұқпалы немесе қауіпті емес, делінген денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде. Бірақ оның басқа қауіпті ерекшелігі болуы мүмкін. Бұл штамды жұқтырып алған адамдар тобы Ланьон қаласының ауруханасында анықталды. Бірақ олардың кейбірінде індет белгілері бар болғанымен, коронавирусты анықтау үшін әдетте жасалатын тиімді ПТР-тест теріс болып шыққан.

АҚШ-та Covid-19 вирусына қарсы антиденелері бар сәби дүниеге келді

Флорида штатындағы Бока-Ратонның педиатр дәрігерлері Пол Гилберт пен Чэд Рудник қанында Covid-19 вирусынан қорғайтын антиденелері бар сәбидің дүниеге келгенін және бұл алғашқы оқиға болып табылатынын айтты. Доктор Гилберттің айтуынша, қаңтарда денсакулық сақтау жүйесінің жүкті қызметкері баласын босануға үш апта уақыт қалғанда Moderna вакцинасының екпесін салдыртты. Дәрігерлер болса, антиденелердің анасынан баласына өту-өтпеуін анықтау мақсатында, бұл жағдайды назарға алған. Сәби дүниеге келген кезде олар бірден кіндігінен қан талдауын алып, антиденелерді анықтады. Антиденелер нәрестеге тек анасынан өтуі мүмкін екендігі мәлімделді. Себебі әйел коронавируспен ауырмаған, тек індетке қарсы вакцина салдырған екен.

Оңтүстік Корея халқын AstraZeneca-мен вакцинациялаудан бас тартпайтынын мәлімдеді

Осыдан бірнеше апта бұрын ел билігі вакцинаны 65 жастан асқан адамдарға тиімді деп қорытынды жасап, қолдануға рұқсат берді.

Баспасөз хабарламасында департамент осы препаратпен вакцинация мен бірқатар науқастарда қан ұйығышының пайда болуымен байланыс таппағанын атап өтті. Агенттік республикада вакцинациядан кейін барлығы 16 адам қайтыс болғанын, олардың ішінде бұрын ұзақ уақыт емделуге емханаға түскен бір егде әйелде қан ұйығанын анықтады. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Бірнеше апта бұрын ел билігі бұл вакцинаны 65 жастан асқан адамдарға қолдануға рұқсат беріп, оны тиімді деп қорытындылады. Жалпы, 26 ақпаннан бастап Оңтүстік Кореяда вакцинация науқаны басталғаннан бері AstraZeneca препараты 500 мыңнан астам адам қабылдады

Филиппиндіктер COVID-19 салдарынан шетелдіктерге бір айға елге кіруге тыйым салды

Филиппин билігі коронавирус пен оның штамдарының таралуын болдырмау үшін шетелдіктердің және елдің кейбір азаматтарының елге келуін бір айға тоқтатты. Бұл туралы сәрсенбіде Синьхуа жаңалықтар агенттігі Филиппиннің коронавирусты қоздыратын COVID-19 ауруына қарсы күрес жөніндегі жұмыс тобына сілтеме жасап хабарлады.

«SARS-CoV-2 штамдарының басқа елдерден енуіне және инфекция жағдайларының өсуіне жол бермеу үшін барлық тиісті ведомстволарға шетелдік азаматтардың, сондай-ақ филиппиндіктердің елге келуін уақытша тоқтату ұсынылады.

Бұл шектеу 20 наурыз бен 19 сәуір аралығында күшінде болады. Бұл шет елдердің ресми өкілдеріне, елде тіркелген шетелдік дипломаттарға және шетелде жұмыс істеген оралған филиппиндіктерге қолданылмайды. Осы аралықта күніне елге тек 1,5 мыңнан артық шетелдік кіре алмайды.

13 наурызда Филиппин билігі республикада коронавирустың жаңа нұсқасы табылғанын растады. Анықталған штамм P.3 деп аталды, барлығы 98 осындай жағдай анықталды. Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі Бразилиядан оралған филиппиндерден Бразилиялық нұсқаның (P. 1) алғашқы жағдайының анықталғанын растады.

2020 жылы 30 қаңтарында Филиппинде коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы анықталған болатын. Бүгінгі күні елде вирус жұқтырған адамдардың саны 631 320-ға жетті, 561 000 науқас емделіп, 12 848 адам қайтыс болды. Билік үш вакцинаның шұғыл қолданылуын мақұлдады. Олар американдық Pfizer компаниясы мен Германияның BioNTech бірлескен өндірісі, британдық-шведтік AstraZeneca және қытайлық Sinovac компаниясының өнімдері. 1 наурызда медициналық қызметкерлерге CoronaVac-пен вакцинация егіле басталды, оның 600 мың дозасы 28 ақпанда жеткізілген болатын.

Шри-Ланка Sputnik V вакцинасын жеткізуді күтуде

Шри-Ланка ресейлік Sputnik V коронавирус вакцинасының жеткізілімін күтуде. COVID-19 ұлттық жауап беру орталығының хабарлауынша, вакцина партиясы жақын арада елге жеткізіледі.

29 қаңтарда Шри-Ланка денсаулық сақтау саласының 250 мың қызметкері мен әскери қызметкерлері вакцинациялауды бастады. Ақпан айының ортасынан бастап елде жаппай науқан жүріп жатыр, қазіргі уақытта Коломбомен ең тығыз қоныстанған батыс провинциясының 750 мың тұрғыны вакцинация жасады. Вакцинация кезінде Британдық-шведтік AstraZeneca компаниясы мен Оксфорд университеті әзірлеген препарат қолданылды.

Жоламанқызы Венера


Барлық жаңалықтар