- Басты
- Covid-19 әлемде: Англияда рождество мерекесі локдаунда өтеді, Италияда бүкілхалықтық локдаун
Covid-19 әлемде: Англияда рождество мерекесі локдаунда өтеді, Италияда бүкілхалықтық локдаун
Джонс Хопкинс университетінің соңғы мәліметіне сүйенсек, әлемде коронавирусқа шалдыққан адамдардың жалпы саны 76,2 млн-ды құрады, деп хабарлады, Strategy2050.kz тілшісі.

Ұлыбританияда карантиннің жаңа түрі енгізілді
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон сенбі күні баспасөз мәжілісін өткізіп, коронавирус штаммының тез таралуына байланысты төртінші дәрежелі шектеу шаралары Ұлыбританияның оңтүстік-шығысында жексенбіден бастап енгізілетінін хабарлады.
Шотландия мен Уэльс Үкімет басшылары да карантин шараларының күшейетінін айтты. Рождество кезінде Шотландияға кіру мен шығуға тыйым салынады. Шотландияда коронавиру жұқтырғандар саны 17-ге жеткен. Уэльсте рождестволық мерекелік шаралар өткізілмейтін болды. Уэльстің түгел аумағына карантин енгізді. Коронавирустың жаңа штаммы VUI-202012/01 болып тіркелді. Борис Джонсонның айтуынша, бұл штамм әдеттегі коронавирустан әлдеқайда қауіптірек болуы мүмкін.
Бұл коронавирустың ескі нұсқасына қарағанда 70 пайызға жұқпалырақ болуы мүмкін. Бұл алдын ала болжам, вирустың жаңа түрі әлі зерттеліп жатыр, - деді Борис Джонсон.
Словенияда қысқы мерекелерде карантин жеңілдетіледі
Словения билігі жергілікті халықтың рождество мен жаңажылдық мерекелерді тойлауына рұқсат берді. Словениялықтар өңірлер арасында еркін жүре алады, достарына бара алады. Бұл туралы Словения Үкіметінің коронавируспен күрес жөніндегі спикері Елко Кацин баспасөз мәжілісінде мәлімдеді. Оның айтуынша, карантиннің жеңілдеуі 24 және 25 желтоқсан католиктердің рождество мейрамында, сосын 31 желтоқсан мен 1 қаңтар жаңа жыл мерекесінде ғана болады.
Словения аумағында эпидемия режимі 19 қазанда басталған болатын: кез келген қоғамдық іс-шараларға шектеу қойылды, адам көп жиналатын орындар жабылды. 21.00 мен 06.00 аралығында комендант сағаты енгізілді.
Италияда – бүкілхалықтық локдаун
Италияда 24 желтоқсаннан бастап жалпыұлттық локдаун енгізіледі. Мұндай локдаун елде соңғы рет осы жылдың наурыз айында болған еді. Аса қажеттілік болмаса, үйден шығуға рұқсат берілмейді. Италия билігі бұл сұмдықтың аяқталатын күні жақындап қалғанына сендіреді. Осы жылдың соңына дейін коронавирусқа қарсы вакцина енгізіледі деп күтілуде.
Израильде вакцинациялау жұмысының жаңа кезеңі басталды
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бірінші болып вакцина алдырған еді. Сенбі күні оған Рамат-Ган қаласында «Тель ха-Шомер» госпиталінде америкалық "Pfizer" препараты салынды. Премьер-министрге вакцина салынғаны тікелей эфирден көрсетілді. Енді 20 желтоқсаннан бастап еврей халқы осы вакцинаны алады. Алғаш болып 10 аурухананың медицина қызметкерлері алады.
Бельгия шекарасында шектеулер
Жыл соңында коронавирустың таралуын болдырмау үшін Бельгия шекарасынан өту ережелерін қатаңдату туралы шешім қабылданған болатын. Енді Бельгияға кіргісі келетін шетелдік азаматтар COVID-19 үшін теріс нәтижелі тест тапсыруы керек. Жұмысқа баратын адамдар үшін кейбір ерекшеліктер жасалады. 48 сағаттан астам уақыт бойы шетелде болған Бельгияның кез келген тұрғыны «жұқтыру қаупі жоғары адам ретінде қарастырылады және жеті күн ішінде карантинде болуы керек. Бұдан бөлек, жолаушыларды іздеудің арнайы нысанын толтырудың міндетті рәсімі белгіленеді. Бельгия Үкіметі жоғарыда аталған ережелерді қатаң тексеруге уәде береді.
-
COVID-19: Германия қатаң локдаунды 10 аптаға ұзартты, ал Малазиядағы төтенше жағдай 1 тамызға дейін жалғаспақ
-
COVID-19: Ұлыбританияда қайтадан локдаун, Токио төтенше жағдай жарияламақ
-
Коронавирус әлемде: Еуропада жаппай вакцинациялау басталды, АҚШ пен Үндістанда аурудың таралуы күрт өсті
-
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
-
COVID-19: АҚШ-та қайтыс болғандар саны шарықтау шегіне жетті, Германия Рождестводан соң локдаун енгізбек
-
ЖОО-лардағы емтихандар қашан, қалай өтеді
-
Әлемдегі эпиджағдай: Румыниядағы өрттен 10 адам қайтыс болды, ал Австрия екінші рет ұлттық локдаун енгізді
-
Коронавирустың екінші толқыны: Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі
-
Елордада «Astanа Media Week» IV медиаапталығы өтеді
-
COVID-19: Еліміздің бірқатар аймағында шектеу шаралары енгізілсе, әлем елдері локдаунға қайта оралып жатыр
-
Әлемдегі эпиджайғдай: Ұлыбритания төрт апталық локдаун енгізді, Чехия мен Францияда карантин шаралары күшейді
-
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау процесі қалай өтеді, қанша қаржы бөлінді
-
Тағы да локдаун енгізілсе, Қазақстан кәсіпкерлерінің көбі банкротқа ұшырайды – А. Мырзахметов
-
COVID-19: Әлем елдері карантин шараларын күшейтіп жатыр, Израиль локдаунды екінші рет енгізді
-
Қазақстанда жас отбасылардың фестивалі өтеді

