• Басты
  • COVID-19: Әлем мемлекеттерінде желтоқсанға дейін карантин енгізілді, Д дәруменінің коронавирусқа әсері
9 Қараша, 2020 12:05

COVID-19: Әлем мемлекеттерінде желтоқсанға дейін карантин енгізілді, Д дәруменінің коронавирусқа әсері

Коронавирус жұқтырғандар саны бірнеше елдердегі тіркелген жаңа кейстерден кейін кейін 50 миллионнан асты. Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, қазір вирус жұқтыру салдарынан 1,25 миллионнан астам адам қайтыс болды. Көптеген елдерде тест құралдары жеткіліксіз болғандықтан, олардың саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады мамандар. Әлемдегі эпиедемиологиялық жағдай тілшісінің Strategy2050.kz материалында.

COVID-19: Әлем мемлекеттерінде желтоқсанға дейін карантин енгізілді, Д дәруменінің коронавирусқа әсері

Вирустың екінші толқыны барлық жағдайлардың төрттен бірін құрады, деп хабарлады Reuters. Еуропа елдері осы жылдың басында пандемияның эпицентрі болған еді, қазір екінші толқыны да Еуропа мемелкеттеріне оңай5а тиіп жатқан жоқ. Онда 12,5 миллионнан астам адам жұқтырып, 305 700 адам қайтыс болды.

Ал АҚШ-та жұқтырғандар саны 10 миллионнан асты. Америкада үш күн қатарынан күніне 125000-нан астам кейс тіркелген. Солтүстік және Оңтүстік Дакота штаттары жан басына шаққандағы өлімнің ең жоғары деңгейіне жеткен. АҚШ-тың сайланған жаңа президенті Джо Байден Трамп қоғамдық денсаулық сақтау шараларына, маска кию мен әлеуметтік арақашықтықты сақтаудан бас тартқаннан кейін, пандемияға әлдеқайда жауапты әрекет жасауға уәде берді.

Байден дүйсенбіден бастап өзінің коронавирус инфекциясымен күресетін жедел тобының құрамына ең жақсы ғалымдардың тобын қосуға уәде берді, сонымен қоса тестілеу шараларын көптеп өткізіп, әр американдықты өз үйінен тыс жерде болған кезде маска киюге шақырады. 

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектерді басқару жөніндегі бұрынғы комиссары доктор Скотт Готлиеб Байден пандемия елде шарықтау шегіне жеткен кезде жауапкершілікті өз мойнына алуы мүмкін екенін айтып отыр. Доктор Готлиеб АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдарына жаңа инфекциялардың деңгейі қаңтардың аяғында төмендей бастайтынын, сонымен қатар ол осыған байланысты оған дейін қанша адам қайтыс болып, қанша адам жұқтыратынын басты проблема екенін айтып отыр.

Еуропада жексенбіде Францияда 38 619 жаңа кейс тіркелді - бұл сенбідегі рекордтық өсіммен салыстырғанда 86 852 жағдайдан аз. Денсаулық сақтау министрлігі мәліметтерді жинауда қиындықтар бар екенін және дүйсенбіде түзетулер болатынын айтты.

Франция сондай-ақ 271 өлім тіркелді, олардың жалпы саны 40 439-ға жетті. Елде вирустың таралуын тоқтату мақсатында бір апта бұрын локдаун енгізілген болатын. Бұл локдаун 1 желтоқсанға дейін болады деп жоспарланып отыр. Шектеу шараларына сәйкес, адамдар үйден жұмысқа ғана бару үшін, сонымен қоса қажетті тауарларды сатып алуға, медициналық көмекке жүгінгенде, сонымен қсоа күніне бір сағаттан жаттығу жасаса ғана үйінен шығуға рұқсат етілген.

Еуропада ең көп қайтыс болғандар саны Ұлыбританияда тіркелді. 20 572 жаңа кейс пен 156 адамның қайтыс болғандығы расталған. Қайтыс болғандардың жалпы саны 49 044-ке жетті.

Алайда Ұлыбританияның Ұлттық статистика басқармасының соңғы мәліметтері бойынша, инфекцияның таралуы Ұлыбританияда тұрақталуы мүмкін, өйткені жұқтырғандар саны соңғы апталарға қарағанда азайып келеді.

Португалия дүйсенбіден, яғни бүгіннен бастап елдің басым бөлігінде коменданттық сағат енгізбек. Ал Швейцарияда жұқтырғандар санының артуына байланысты төрт айлық оқудан өткен резервтегі 200 әскерді ауруханаларға жібермек. Бқған дейін Алжир елдің 48 аймағының 20-сына коменданттық сағат енгізген еді, енді оның санын тағы 9 аймаққа көбейтті. Алжир президенті Абдельмаджид Теббоун денсаулығы жақсарып келе жатқандығы хабарланды. Темекі шегетін 74 жастағы қария өткен айдың соңынан бастап Германияда ем қабылдап жатыр.

Қытай билігі тағы бірнеше елдің, атап айтқанда Ұлыбритания мен Бельгияның азаматтары үшін елге кіруге шектеулер енгізіп жатыр. Құрама Штаттардан, Франциядан, Германиядан, Австралиядан, Сингапурдан және Жапониядан келгендер Covid-19-ға тест тапсыруы тиіс. Кейбір жағдайларда тестілеу екі рет жасалуы керек, мәселен, азаматттар Қытайға ұшпас бұрын өз елінде, сондай-ақ Қытайға келгеннен кейін де коронавирусқа қарсы тест тапсыруы тиіс. Сонымен қатар, тесттердің екі түрі болуы керек, бірі – ПТР тестінің анықтамас ыболса, екіншісі - антидене сынағы. Наурызда вирус таралған уақытта Қытай мемлекеті шетелдіктердің елге келуіне тыйым салды, бірақ қыркүйек айында тыйымды толығымен алып тастаған еді.

Алдағы жұмадан бастап Италия елі экпидемиологиялық қауіп деңгейіне байланысты 20 аймаққа бөлінеді. Олардың әрқайсысына эпидемиологиялық қауіп деңгейіне сәйкес түс беріледі, мәселен, қызыл (жоғары), сары (орташа) және жасыл (төмен). Жергілікті ауруханалардың жүктемесі де осыған байланысты болмақ. Сонымен қоса айту керек, бүкіл елде коменданттық сағат енгізілуде, мұражайлар мен көрмелер жабық, сауда орталықтары жұмыс күндері ғана жұмыс істейді. Көшеде қоғамдық көліктер аз болғандықтан, орта мектеп оқушылары онлайн режимінде оқитын болады.

Грецияда тәулігіне коронавирусты жұқтыру саны 2056-ға артты. Осы орайда, Греция премьер-министрі Кириос Митсотакис бейсенбі күні елде жексенбіден бастап жалпыұлттық жаңа локдаун енгізілетінін хабарлады. Бірақ оның айтуынша, мектептер өз жұмысын жалғастырады. Қоғамдық орындарда маска кию міндеттеледі.

Кипрде коменданттық сағат қайта енгізілмек. Барлар, мейрамханалар мен сауда орталықтары сағат 22:30-да жабылуы тиіс. Мейрамханаларда келушілер даяшылар тамақ әкелгенге дейін бетперде киіп жүруі керек.

Норвегия премьер-министрі Эрна Солберг норвегиялықтарды аурудың қайта өршуі кезінде ел ішінде саяхаттаудан бас тартуға шақырды. Соңғы бірнеше күнде елдің кейбір аймақтарында жағдай едәуір нашарлады және өткен аптадағы аурулардың жалпы саны эпидемия басталғаннан бері рекордтық көрсеткішке жетті. Осы уақытқа дейін Норвегиядағы эпидемиологиялық жағдай Еуропадағы ең қолайлы жағдай деп саналған болатын.

Австрия билігі карантинді желтоқсанның басына дейін енгізді. Локдаун аясында тұрғындардың түнгі уақытта үйлерінен шығуына шектеу қойылады, орта және жоғары оқу орындары қашықтықтан оқытуға көшеді. Австрия канцлері Себастьян Курц атап өткендей, денсаулық сақтау жүйесіне артық салмақ түсірмеу үшін қатаң шаралар қабылданды.

Польшада барлық мәдени, ойын-сауық мекемелері жабық, қонақ үйлер тек жұмыспен келгендерді ғана қабылдайды. Варшава егер бұл шаралар бір апта ішінде нәтиже бермесе, елде толық көлемде карантин енгізілетінін мәлімдеді. COVID-19-ды жаңадан жұқтырғандар үшін Варшавадағы Ұлттық стадионда уақытша аурухана ашылды. Ол мыңға дейін адамды қабылдай алады деп болжанып отыр.

Соңғы бір күнде Жаңа Зеландияда SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтырған төрт адам анықталды, деп хабарлады Жаңа Зеландия Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Хабарламада айтылғандай, барлық жағдайлар Окленд обсерваториясында карантин кезінде анықталған. Ауру жұқтырғандардың бірі Жаңа Зеландияға Австриядан Катар мен Австралия арқылы транзиттік рейспен келген. Тағы екеуі Біріккен Араб Әмірліктерінен, төртіншісі Катардан келді.

Қазіргі уақытта Жаңа Зеландияда коронавирус инфекцияның 51 белсенді жағдайы бар. Пандемия басталғаннан бері республикада SARS-CoV-2 инфекциясының 1630 кейс тіркелген.

Бразилияда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 128 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды Бразилия денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Осылайша, Латын Америкасы елінде COVID-19-дың асқынуынан зардап шеккендердің жалпы саны 162 397 адамға жетті. Бразилияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырудың расталған жағдайларының жалпы саны 5,664,115-ке жеткен. 8 қарашадағы көрсеткіштер алдыңғы күнмен салыстырғанда шамамен екі есе төмен болып шыққандығы атап өтілді.

Латвия мемлекетінде коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты төтенше жағдай енгізілмек. Ол 6 желтоқсанға дейін төрт апта бойына жалғаспақ. Бұл туралы 9 қарашада ел үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Латвия аумағында төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім 6 қарашада республика үкіметі мен Дағдарыстарды басқару кеңесінің отырысынан кейін қабылданды. Төтенше жағдай кезеңінде тек ашық аспан астында 50-ге дейін адам қатысатын іс-шараны ғана ұйымдастыруға рұқсат етіледі, ал барлық бұқаралық іс-шаралар тоқтатылады. Елде сауда орталықтарының жұмысы шектеулі, ойын-сауық пен демалысқа қатысты бірқатар қызметтерге тыйым салынады. Барлық тамақтандыру орындарында тек дайын тағамдар сатылатын болады. Төтенше жағдай кезеңінде барлық орта мектеп оқушылары қашықтан оқитын болады. Шектеуді бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 10 еуродан 2 мың еуроға дейін, заңды тұлғаларға 140 евродан 50 мың еуроға дейін айыппұл қарастырылған.

Бұған дейін REGNUM IA коронавирустың таралу қаупіне байланысты Латвия аумағында төтенше жағдай енгізу туралы шешім туралы хабарлаған болатын.

Д витаминінің коронавирусқа әсері

Адам ағзасында Д витаминінің жетіспеуі коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдайда ауру деңгейі өте ауыр өтетіні анықталған. Британдық ғалымдар коронавирустың инфекциясы мен өлім-жітім статистикасын зерттеу нәтижелері бойынша анықтағанындай, Д витаминінің жетіспеушілігі COVID-19-бе ауырған кезде ауыр өтуі мүмкін екенін айтады.

Олардың зерттеу нәтижесі бойынша, D дәрумені жетіспейтін аймақтарда ауыр жағдайлар жиі кездеседі. Доктор Гаррет Дэвис түсіндіргендей, Д дәрумені адам ағзасының иммундық жүйесі үшін өте маңызды және оны коронавирус жұқтыруынан сақтай алады. Сонымен бірге ол толық зерттеу үшін бір жылдық оқу циклі қажет екенін, бірақ коронавирус пандемиясы 365 күннен аз уақыт бұрын басталғанын қосты. IA REGNUM хабарлағандай, бұрын Д витаминінің жетіспеушілігі мен семіздік коронавирус инфекцияның ауыр түріне әкелуі мүмкін негізгі себептер қатарында болды деп мәлімдеді Ұлттық медициналық зерттеу орталығының бас директоры, академик Евгений Шляхто. Оның айтуынша, денеде Д витаминінің жетіспеушілігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 71,3 пайызында анықталған, ал 36,3 пайызында осы дәруменнің қатты жетіспеушілігі диагнозы қойылған.

Барлық жаңалықтар
66.249.70.64, 192.168.88.100