• Басты
  • COVID-19: Әлем елдері шектеу шараларын қайта енгізіп жатыр
29 Шілде, 2020 11:34

COVID-19: Әлем елдері шектеу шараларын қайта енгізіп жатыр

Әлем елдері қауіпті індетпен күресуді жалғастырып жатыр. Кейбір мемлекеттерде инфекция жұқтырғандар саны артып, қайта шектеу шараларын енгізуде. Мәселен, Ұлыбритания билігі Испаниядан келгендер үшін енгізу туралы шешім қабылдады, ал коронавирустың таралу қаупіне байланысты Германия мен Бельгияда жаңа шектеулер енгізіліп жатыр, деп хабарлады Strategy2050.kz тілішісі.

COVID-19: Әлем елдері шектеу шараларын қайта енгізіп жатыр

Ұлыбритания

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Еуропада коронавирустық пандемияның екінші толқыны байқалуы мүмкін деп мәлімдеді. Осыған байланысты ол Испаниядан келгендерге екі апталық міндетті карантин енгізу туралы шешімін түсіндірді.

«Еуропада не болып жатқанын, біздің көрші елдердегі жағдай туралы нақты айтатын болсақ, кейбір жерлерде біз пандемияның екінші толқыны басталғанын байқап отырмыз. Өкінішке орай, егер біз басқа елдерде екінші толқын белгілерін байқасақ, біздің міндетіміз және мақсатымыз – ол жақтан келген адамдардың Ұлыбританияда инфекция таратпауының алдын алу. Сол үшін бірқатар шешім қабылданып отыр», - деді Джонсон.

Туризм индустриясының өкілдері, сондай-ақ Испания үкіметі Испаниядан Ұлыбританияға келушілерге арналған карантинге қарсы шықты. Испания премьер-министрі Педро Санчес бұл шешімді әділетсіз деп бағалады, сонымен қатар ол Испанияның кей аймақтарындағы британдық туристер өздерін Британиядағыдан да қауіпсіз сезінуі мүмкін екенін атап өтті.

 

Испания

Ал Испанияның екі аймағында, атап айтсақ, Каталония мен Арагонда жаңадан инфекция жұқтырғандар саны артуда, алайда Испания билігі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын алға тартып отыр.

Өткен сейсенбіде Мадридте бетперде кию міндеттелді. Сонымен қатар, билік тұрғындарға 10 адамнан артық жиналмауға кеңес береді.

Испания премьер министрінің сөзіне сүйенсек, елдегі жаңадан коронавирус жұқтырғандардың 64 пайыздан астамы екі аймақта кездеседі. Ол Испанияның аурудың таралу жылдамдығы Ұлыбританияға қарағанда әлдеқайда баяу екенін айтады.

Еуропалық эпидемиологтардың мәліметі бойынша, Испанияның әрбір 100 мың тұрғынына қазіргі уақытта орта есеппен 35,1 жағдайдан келеді, ал Ұлыбританияда бұл көрсеткіш 14,7 құрайды.

Сонымен қатар Германия СІМ өз азаматтарын Испанияға барды тоқтатуға кеңес берді. Мәлімдемеде департамент үш аймақ жөнінде, атап айтқанда Каталония, Арагон және Наварреге бармауға шақырады. Сондай-ақ Германия денсаулық сақтау министрі Йенс Спан коронавирусқа арналған сынақтар енді Германияға қауіп-қатері жоғары елдерден келген саяхатшылар үшін міндетті болатынын мәлімдеді.

Ал Роберт Кох Институты Германияның өзінде жаңадан жұқтырғандар санының өскенін хабарлады, мәселен, сейсенбіде олардың саны 633 болды - бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда екі есе көп. Институт басшысы Лотар Уилердің айтуынша, бұған немқұрайлылық, қашықтықты сақтамау және адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстардың артуы себеп болып отыр.

 

Бельгия

Бельгияда ел үкіметі бес адамнан артық жиналмауға кеңес береді. Дүйсенбіден бастап елде нысан ішінде 100 адамға дейін, ал көшеде 200 адамға дейін жиналуға рұқсат берді.

Қазіргі таңда Еуропа мемлекеттері ішінде Бельгияда жаңадан тіркелгендердің көрсеткіші жоғары. Өткен аптада күн сайын орташа есеппен 279 жаңа науқас тіркелді, бұл бір апта бұрынғы көрсеткіштен 163-ке көп.

Әсіресе Антверпен және оның төңірегіндегі өңірлерде жағдай нашар, әр 100 мың адамға 100 жағдайдан келеді. Антверпен қаласы әкімінің өкілі Барт де Вевер биліктің жағдайды мұқият қадағалап отырғанын және қажет болған жағдайда қосымша шаралар қабылдауға дайын екенін айтты. Қалада топтық және бір-бірімен байланыста болатын спорт түрлеріне тыйым салынған болса, бетперде кию 12 жастан асқан барлық адам үшін міндетті. Сонымен қатар негізгі жұмыс істейтін қызметкерлерден басқаларына түнгі коменданттық сағат енгізілген.


Солтүстік Корея

Солтүстік Кореяның Оңтүстік Кореямен шекаралас орналасқан Каэсоң қаласы карантинге алынып, шекаралық бақылау күшейтілді. Аумаққа қорғаныс киімдері, медициналық жабдықтар мен сынақ жиынтықтары жеткізілді.

Жексенбіде Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Солтүстік Корея билігі аймақта алғашқы коронавирус оқиғасы тіркелгеннен кейін, өңірде төтенше жағдай жариялады.

Бұған дейін Солтүстік Корея коронавирус бойыншан хабарлаған жоқ, бірақ сарапшылар пайымынша, вирус жұқтырғандар тіркелмеуі екіталай, билік вирустың сыртқы әлемнен әкелінгенін суреттегісі келетіндей әсер қалдырады.

 

Үндістан

Үндістанда пандемия басталғалы бері инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 1,4 миллионнан асты. Мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша, өткен тәулікте 50 мыңға жуық адам жұқтырған. Қаңтар айынан бастап бұл аурудан 30 000-нан астам үндіс ұайтыс болған.

Наурыз айында Үндістанда да қатаң карантин енгізілген болатын, ол маусым айына дейін жалғасып, өткен айда алынып тасталды. Содан кейін инфекция жұқтырғандар саны күрт арта бастады. Кейбір аймақтар қайта карантин енгізуге мәжбүр болды.

Сонымен қатар айта кету керек, салыстырмалы түрде елде емделгендер саны көп. Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған 1,4 миллион адамның 33% -ы ауырады, шамамен 63% -ы емделіп шықты.


Гонконг

Гонконгта күніне өткен тәулікте 145 жаңа инфекция жұқтырғандар тіркелді, бұл осы әкімшілік аймақ үшін жаңа рекорд болды.

Бұған дейін Гонконг әкімшілігі карантин шараларын енгізетінін жариялады, бұған қоса, екі адамнан көп боп жүруге тыйым салынады. Көшеде бетперде кию міндетті болып қалды. Құқық бұзушыларға 5000 гонконгтық доллар (645 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынады.

Шектеу шаралары 29 шілдеден, яғни бүгіннен бастап бір аптаға енгізіледі. Жалпы алғанда, Гонконгта инфекция жұқтырғандардың 2600-ден астам жағдайы анықталды, пандемия басталғаннан бері 20 адам қайтыс болды.


Қытай билігі вирустың таралу ауқымы туралы ақпаратты жасырған болуы мүмкін

Ухандағы коронавирустық індеттің мән-жайын тергеуге қатысқан қытай дәрігері Квок-Юн Юэннің ВВС-ге берген пікірінде, жергілікті билік оқиғаның ауқымын жасыруға тырысқан. Оның айтуынша, заттай айғақтар жойылып, дәрігерлердің тұжырымына реакция кейінге қалдырылған.

«Біз Хуанан базарына келгенде кезде қарап, зерттейтін ештеңе болған жоқ. Өйткені базар түгелдей тазартылған. Сол себепті қылмыс орнында ешқандай айғақ табылған жоқ. Сондықтан да біз қандай жануардан вирус жұққанын білмейміз. Менің ойымша, олар кейбір ақпаратты Уханда жасырған. Қолымда бар ақпаратты дереу беруі керек жергілікті билік бұған дайын болмады», - деді дәрігер.

Қытай бұған дейін вирус таралғаннан кейін қабылданған шаралардың жеткіліксіздігі және желтоқсанның аяғында қауіп туралы алдын-ала ескерткен дәрігерді жазалағаны үшін сынға ұшыраған еді. Десек те Бейжің бұл айыптауларды жоққа шығарады.

Барлық жаңалықтар