• Басты
  • COVID-19: Әлем елдері карантин шараларын күшейтуді қолға алды
22 Маусым, 2020 18:03

COVID-19: Әлем елдері карантин шараларын күшейтуді қолға алды

Әлемнің кейбір елдерінде коронавирус инфекциясының таралуы әлі де өршіп тұр. Осыған дейін карантин шараларын жеңілдеткен мемлекеттер қайтадан карантин талаптарын күшейтуді қолға алуда. Оның ішінде Қазақстан да бар. Өткен демалыстың екі күнін де сауда орындары, қоғамдық орындары, тамақтану орындары жабылып, қоғамдық көлікке шектеу қойылды. Бүгін белгілі болғандай, ертеңнен бастап балабақшалардың жұмысы тоқтайды. Осы орайда әлем елдеріндегі қолға алған шараларға шолу жасауды жөн көрдік, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

COVID-19: Әлем елдері карантин шараларын күшейтуді қолға алды

Бразилияда COVID-19 жұқтырғандардың саны миллионнан асып, АҚШ-тан кейінгі екінші елге айналды. Австралия жаңа инфекциялардың пайда болуына байланысты шектеу шараларын тағы да күшейтуде. Ұлыбританияда әуежайлар екі апталық карантиннен жастпас үшін елге кіретін саяхатшылар үшін ақылы тестілеуден өту мүмкіндігін ұсынады.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, бүкіл әлемде 8,5 миллионнан астам адам жаңа коронавирусты жұқтырған, бірақ бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары болуы мүмкін, өйткені көптеген инфекциялар симптомсыз немесе тексерілмеген.

Әлем бойынша қайтыс болғандардың саны 454 000-нан асты.

Ресейде COVID-19 жаңа оқиғаларының саны соңғы тәулік ішінде 7889-ға көбейіп, 580 мыңға жетті. Мәскеуде 1057 жаңа жағдай тіркелді. Бұл сәуір айынан бері ең төмен көрсеткіш болып отыр. Өткен тәулікте Ресейде коронавирустық инфекцияның салдарынан 161 адам қайтыс болды, ресми статистика бойынша 8002 адам қайтыс болды. Сонымен қатар өткен тәулікте COVID-19 жұқтырып емделгеннен кейін 10100-ден астам адам ауруханалардан шығарылды. Барлық жазылып шыққандардың саны шамамен 335 мыңға жеткен. 

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудегі эпидемиологиялық ахуал жақсарып жатқандықтан, мәскеулік дәрігерлерді аймақтардағы коронавирусты "жоюға" шақырды. Осыған қарамастан, Ресейдің бас қаласында қосымша төсек-орындарды қалдыру туралы шешім қабылданды, ал профилактикалық медициналық мекемелер, президенттің айтуынша, "қалыпты жұмысқа қайта оралуы мүмкін". Сенбіде медициналық қызметкерлермен өткен бейнеконференцияда Владимир Путин Ресейде өкпенің жасанды желдеткіш қосылғандар науқастардың 2 паызын ғана құрайтынын атап өтті.
 
Бразилия 1 миллионнан астам COVID-19 жұқтырған науқастар тіркелген әлемдегі екінші ел болды, жаңадан жұқтырғандар саны өсуде. Сонымен қатар Бразилия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы 24 сағат ішінде рекордтық өсім анықталды - 54 мыңнан астам адам жұқтырған. Бразилиядағы тағы бір қайғылы оқиға: төртінші күн қатарынан елде коронавирустан 1200-ден астам өлім тіркелді, өлімнің жалпы саны - шамамен 49000. Инфекцияны анықтау тестілерінің болмауы нақты санның ресми саннан жоғары екендігін көрсетеді. Мамандардың пікірінше, ел әлі аурудың шыңынан өткен жоқ.

Австралияның Виктория штатының билігі жаңа науқастардың күн сайынғы саны 25 адамды құрағаннан кейін шектеулі шараларды тағы да күшейтті. Премьер-министр Даниэль Эндрюс айтқандай, сәуір айынан бастап барлық жергілікті жағдайлардың жартысы вирустың отбасы ішінде немесе басқа мекенде тұратын туыстарымен байланыс нәтижесінде болған. Келесі аптадан бастап үйлерде рұқсат етілген қонақтар саны 20-дан 5 адамға дейін азаяды. Сонымен қатар көшеде 10-нан көп адам жинала алмайды және мейрамханаларға бірден 50 адамға дейін қызмет көрсетуге рұқсат беру үш аптаға кешіктірілді. Қазіргі уақытта бұл штаттағы мейрамханалар 20-ға дейін клиент қабылдай алады.

Жаңа Зеландияда, жаңа ережелерге сәйкес, елге келгендердің бәрі, тіпті белгілері болмаса да, 14 күнде екі рет коронавирусқа тексеріледі.

Жақында Оңтүстік Кореяда 67 жаңа жағдай анықталды - соңғы үш аптадағы ең жоғары өсім бұл. Ал Қытайда - 27 жаңа жағдай тіркелген, оның ішінде 4-еуі шеттен келсе, ал 23 жергілікті. Оның 22-сі Бейжіңде тіркелсе, біреуі Хебей провинциясында тіркелген.

Мексикада COVID-19 ауруының өсуі жалғасуда: соңғы күні 5030 жаңа расталған жағдай тіркелді, 647 адам қайтыс болды. Жалпы, бұл елде расталған 170 мыңнан астам жағдай бар, дегенмен билік өкілдері бұл ауруды жұқтырғандардың саны едәуір көп болуы мүмкін деп санайды. Мексикада 20 мыңнан астам адам коронавирустың құрбаны болды.

Ұлыбританиядағы ең ірі әуежайлар елге келген жолаушыларға британдық ауруханалардағыдай коронавирусты анықтау үшін сілекейден тестілеуді ұсынады. Бұл шара Ұлыбританияға келгендерге 14 күндік карантинге жатпас үшін жақсы тәсіл.

Интернет арқылы жазылса, тесттің құны - 140 фунт (172 доллар). Нәтижесі 5-24 сағат ішінде белгілі болады. Тест режимі алдағы екі аптада іске қосылатын болады. Сонымен бірге, Англияда билік қонақ үй индустриясының шағымына байланысты адамдар қоғамдық орындардағы адамдар арасындағы 2 метр қашықтықты азайтуды қарастыруда. Жаңа норма қандай болуы мүмкін екендігі әзірге белгісіз. Франция, Дания, Қытай, Литва сияқты бірқатар елдерде бұл қашықтық 1 метрді құрайды. Испания билігі сенбіге қараған түні Ұлыбританиядан келгендер үшін жексенбіден бастап 14 күндік карантин алынып тасталатынын жариялады. Бұл дегеніміз, британдық туристер мен Испанияда тұруы мүмкін адамдар Испанияда тқруға мүмкіндік алады.

Ал Қазақстан үкіметі 20-21 маусым аралығында карантин шараларын күшейттi. Атап айтсақ, елорда, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Екiбастұз қалалары бойынша бірқатар шара қабылданды. Аталған қалалардағы сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерінiң, желiлік дүкендердiң, жaбық азық-түлiк және басқа да  базарлардың қызметі тоқтатылды. Сонымен қоса қоғамдық тамақтану орындары тек далада әрi әлеуметтік арақaшықтықты сақтап қана жұмыс істеуi тиiс екенi айтылды. Сонымен бiрге қоғамдық көліктердің қызметі шектелдi. Сондай-aқ қоғамдық демалыс орындары, парктер, саябақтар, жағалаулaр, жaғажайлар, аквапарктeр қызметi тоқтатылды. Бұдан бөлeк фитнес-орталықтaрының қызметi тoқтaтылып, 65 жaстан асқaн адамдардың далaға шығуы шeктeу қoйылды.

Бұдан басқа ел үкімет басшысы аймақтардың әкiмдiктерiне қысқа мерзiм ішiнде бiрқатар проблеманы пысықтауға тaпсырма берді. Атап айтсақ, медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халықты ПТР-тестiлеумен қамтуды кеңейтудi,  аурухaналардa инфекциялық және прoвизорлық орындар санын көбейтудi, меншік нысaнына қaрамастан, өңiрде бар ресурстарды тaрта oтырып, нaуқастарды КТ-зерттеумен қамтaмасыз етудi, жедел медициналық жәрдeм станцияларының шұғыл және кезек күттiрмeйтін шaқыруларға уaқытылы қызмeт көрсетуiн қамтамасыз етуді, үйлерiнде жатқан пaциенттергe aмбулаторлық-eмханалық көмeк дeңгейінде сaпалы динамикалық бақылау жасaуды (қашықтан, мобильді бригадалардың көмегiмен), хaлыққа белсендi ақпараттық-түсiндiру жұмыстaрын жүргiзуді тaпсырған еді.

Ал бүгін белгілі болғандай, қалалық санитарлық дәрiгер Жaнна Прaлиеваның шешiміне сәйкес, 23 маусымнан бастап Нұр Сұлтан қаласында меншiк нысанына қарaмастан (мемлекеттiк және жеке меншiк) барлық балабақшалардың жұмысы тоқтатылады. Бұрын балабақшалардың кезекші топтары жұмыс iстейтін, онда балалар саны бiр топта 15 адaмнан аспaуы керек. Эпидeмиoлогиялық ескере отырып, балабақшалардың қызметін тоқтата тұру турaлы шешім қaбылданды. Егeр балаларды қасында қалдыратын ешкім болмаса, aта-аналардың бірi қашықтықтан жұмыс режимiне ауысуы керек. Қабылданған шаралар тек балалардың дeнсаулығын сақтауға жәнe инфeкцияның таралу қаупiн азайтуға бағытталған. Оның айтуынша, балабaқшалaрдың қaйта жандануы қаладағы індетке бaйланысты болaды. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды