- Басты
- Жаңалықтар
- COVID-19: Әлем елдері карантин шараларын күшейтіп жатыр, Израиль локдаунды екінші рет енгізді
COVID-19: Әлем елдері карантин шараларын күшейтіп жатыр, Израиль локдаунды екінші рет енгізді
Еуропада коронавирусты жұқтырған адамдардың саны артып отыр. Франция Covid-19 ауруының рекордтық өсімі туралы хабарлады. Сонымен қатар Испания мен Чехияда да инфекция тез таралуда. Израиль билігі бүкіл ел аумағына локдаун енгізді. Қазақстан үкіметі де коронавирустың екінші толқынына дайындық шараларын жүргізіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметовтың сөзінше, елдегі жұқпалы аурулар ауруханасындағы ауырғандар саны 30 мыңға жетсе, онда Қазақстанда да локдаун енгізілетін болады. Әлемдегі және Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы Strategy2050.kz тілшісі дайындаған материалдан оқи аласыздар.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемнің барлық елінде коронавируспен 28,7 миллион адаммен ауырып, 920,8 мың науқас қайтыс болды.
Өткен сенбіде француз билігі бір күнде 10561 жаңа жағдай тіркелгенін хабарлады, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда мыңға көп. Ковид-19 диагнозы қойылған ауруханалар мен жан сақтау бөліміне түскен науқастардың саны да артқан. Осыған байланысты халық арасында танымал болған дәрігерлер Франция тұрғындарын жеке кездесулерден бас тартуға шақырды.
«Көңілді жазғы кездесулерден кейін сақтануды қолға алатын кез келді», - деп жазды дәрігер мамандар Le Journal du Dimanche басылымында жарияланған мақалада. Маусымнан бастап Францияда инфекцияның таралу деңгейі барлық жас ерекшеліктеріне қарамай өскен, бірақ биліктің дерегінше, өсім әсіресе жастар арасында байқалады.
Сонымен қатар Франция ауру дендеген Еуропадағы жалғыз мемлекет емес.
Наурыз айында бүкіл континенттегі елдер үкіметі қатаң карантин шараларын жеңілдете бастаған кезде, жұқтырғандар саны біртіндеп көбейе бастады, ал тамызда айтарлықтай артты.
Франциядан соңғы жаңалықтар
Сенбіде коронавирус диагнозы қойылған 2 432 науқас ауруханаларға түсті, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 75 адамға көп. Оның ішінде 417 адам жан сақтау бөліміне орналастырылған, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 28 адамға көп екен. Сонымен бірге елде 17 адам қайтыс болды. Жалпы, Францияда пандемия кезінде қайтыс болғандар саны 30 мыңнан асты.
Ел билігі қазірдің өзінде 42 аймақты вирус белсенді таралған «қызыл аймақ» деп жариялады. Бетперде киюге және көпшілік жиналуға қойылатын талаптар күшейтілді. Бұл аймақтар Парижді, Лионды, сонымен қатар Францияның бүкіл Жерорта теңізі жағалауын қамтыды. Жақында жұқтырған адамдармен тығыз байланыста болғаннан кейін коронавирус тест тапсырған премьер-министр Жан Кастекс Бордо, Марсель жергілікті билігін инфекцияның таралымын тоқтату үшін дүйсенбіден бастап бірқатар қосымша шаралар қабылдауға шақырды.
Еуропаның басқа елдеріндегі жағдай
Коронавирустың жаңа ошағы бірнеше басқа еуропалық елдерде де тіркеліп отыр. Жексенбіде Чехияда жұқтырғандар санының өсуінің жаңа үш күндік рекорды, яғни 1541 жағдай тіркелді. Көрші елдер Чехиядан кіруге шектеулер қоя бастады. Сәрсенбіден бастап Германия Прагадан сапар шегетіндердің бәрінен коронавирусқа тест нәтижесін талап ете бастайды.
Испания
Испанияда өткен бейсенбіде инфекцияның бір күндік ең жоғары көрсеткішін көрсетті, 10,764 жаңа жағдай тіркелген, дегенмен денсаулық сақтау министрлігі жағдай тұрақталып жатқанын айтады. Испания әлі күнге дейін Еуропада коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша бірінші орында тұр: пандемия басталғаннан бері онда 566,3 мың адам ауырып, 29,7 мың адам қайтыс болды.
Ұлыбритания
Ұлыбританияда демалыс күндері жұқтырғандар саны 4 мыңнан асты, елде адамдардың көп жиналуына қайтадан тыйым салынды. Англия мен Шотландияда қазір алты адамнан артық жиналауға болмайды.
Израиль үкіметі қайтадан локдаун енгізді
Израиль үкіметі коронавирустың таралуын тоқтату үшін келесі жұмада үш апталық локдаун енгізетінін мәлімдеді. 9 миллионға жуық халқы бар Израильде соңғы апталарда күн сайын 4000-ға дейін коронавирус жұқтырғандар тіркеліп отыр. Осылайша, Израиль бүкіл ел аумағында карантин шараларын толығымен қайта қалпына келтірген әлемдегі бірінші мемлекет болады. Израиль билігі әлемде коронавирус пандемиясының алғашқы толқыны басталған наурыздың соңынан мамырдың басына дейін осындай шараларды енгізген болатын.
Израильде енгізілген шаралар:
- Үй ішінде 10 адамнан артық жиналуға болмайды, ал көшеде 20 адамнан артық
- Мектептер мен сауда орталықтары жабылады
- Ел тұрғындары тек жұмыс орнына бару үшін үйлерінен 500 метрден астам қашықтықта жүре алады
- Мемлекеттік емес мекемелер мен компаниялар ашық болуы мүмкін, бірақ олар клиенттерді қабылдамайды
- Супермаркеттер мен дәріханалар жұмысын жалғастырады
Шешім жаңа жағдайлардың күрт өсуі аясында қабылданды, сондай-ақ инфекция жақын арада маңызды діни мерекелерді атап өтетін сенушілер арасында таралуы мүмкін. Бұған келесі жұмада келетін еврейлердің жаңа жылы, сондай-ақ осы жылдың 27 қыркүйегінде атап өтілетін иудаизмнің ең маңызды мерекесі Йом Киппур кіреді.
Австралия
Австралияның Мельбурн қаласында Виктория штаты жариялаған карантин шараларына наразылық акциясына қатысқаны үшін 70-тен астам адам ұсталды. Олар себепсіз үйлерінен шықпауы керек болған.
Демонстрацияға шамамен 250 адам қатысты. Полиция демонстранттардың көпшілігі өзін агрессивті ұстады және қауіпсіздік қызметкерлеріне қоқан-лоққы жасады деп мәлімдейді. Викториядағы карантиндік шаралар шілденің басында енгізілді. Мемлекеттік органдар қазірдің өзінде оларды біршама жеңілдетуге дайындалып жатқанын айтты.
Виктория Австралиядағы коронавирус эпидемиясының эпицентріне айналды – коронавирус бойынша тіркелген жаңа жағдайлардың 75% -ы осы жерден тіркелген. Коронавирустың салдарынан қайтыс болған австралиялықтардың 90% -ы да осы штатта өмір сүрген.
Қазақстан
Қазақстанға келетін болсақ, 11 қыркүйек күні өткен баспасөз мәжілісінде ҚР ДСМ-ның ресми өкілі Бағдат Қожахметов елдегі жағдайдың тұрақты екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстандағы жұқпалы аурханалардағы жұқтырғандар саны 30 мыңға жеткенде, ел территориясында локдаун енгізіледі.
Сонымен қоса Бағдат Қожахметов демалыстағы шектеулер қашан алынатынына тоқталып өткен болатын. Оның сөзінше, 11 қыркүйектегі дерек бойынша, елде 4600 адам ем алып жаты. Олардың саны азайып, күнделікті жаңа жағдайлардың да саны төмендеген кезде, демалыс күндеріндегі шектеулер алынып тасталады. Сонымен қатар оның пікірінше, алыс-жақын елдермен шекараның жабылуы – шете мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер де шетелдегі жағдай нашарлап, жұқтырғандар саны артқан жағдайда, шекара жабылады.
Бұдан бөлек айта кетейік, Қазақстанда тұмауға қарсы вакцина салу процесі басталады. Ұлттық денсаулық сақтау орталығы инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекеновның сөзінше, қазіргідей пандемия уақытында тұмауға қарсы вакцина салу маңызды екенін айтып өткен болатын.
Жалпы елімізді күз-қыс айларында өткiр жұқпалы aурулaрдың өршитіні белгілі. Жұмaбек Бекенoвтың дерегiнше, елімізде 500 мыңнан 1 млн-ға дейін жіті респираторлық вирус инфекциясы тiркеледі. Оның 64 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды, яғни ауырған үш адамның екеуі бала. Тұмaудың мaусымы негiзі қазан айында бaстaлып, мaмыр айына дейiн жaлғасады. Коронавирус пен тұмау клиникалық жағынан бір-біріне ұқсас.
«Симптoмсыз жеңiл түрiнен бaстaп, өлiмге дейін әкелiп соқтырып oтыр. Екіншiден, таралу жолы да ұқсайды. Адaмдар бір-бірімен байланысқан кезде немесе ауа тамшысы арқылы таралады. Сoндықтан азаматтар жөтелу, қақыру, түшкiру мәдeниетін, сoнымен қоса арaқашықтықты сaқтау кeрек», - деді департамент директоры.
Ал ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзінше, коронавирустың екінші толқынына дайындық бойынша қабылданған шаралары жүріп жатыр. Оның сөзіне сүйенсек, 71 126 төсек орналастыруды жоспарлaнған. Қазіргі таңда 10257-сі қолданыста. Төсек сыйымдылығының 15 пайызы қазіргi уақытта коронавирус немесе коронавирустық пневмониямен ауыратын науқастар пайдаланып жатыр.
Бұдaн бөлек 13 модульді инфeкциялық aурухана салу жоспарлануда. Екі ірі клиника қайта қалпына келтірілуде. Aзаматтарға арналған емханалар деңгейінде 3640 жылжымaлы бригада ұйымдастырылды. Қазіргi эпидемиялық маусымда 5098 ИВЛ аппaраты жеткiзіледі. 21 566 төсек оттегiмен қамтамасыз етiледі. Сoнымен қатaр 100 жылжымaлы медициналық кешен, 53 рентгeн аппараты ауылды елдi мекендерге жіткізілмек.
Қазіргi таңда оның сөзiне сенсек, әр aурухaна мен емханалар екi айға жететiн дәрi-дәрмек қорымен қамтамасыз етiлген. Министрлік коронавирус инфекциясына қарсы 5,5 миллион дозаны сaтып алу мәселесi бойынша жұмыс iстеп жатыр. Министрдің айтуыншa, әртүрлi елдермен, яғни вакцина өндірушілермен бiрге Қазақстанға сатып алу және жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар Қaзақстан вaкцинасын өндiру және тiркеу мәселесі де қaралуда.
Айта өтейік, Сoronavirus2020.kz сайтының мәліметінше, елімізде өткен тәулікте 52 адамда коронавирус індетіне шалдыққан. Олардың нәтижесі ПТР арқылы расталған. Аймақтар бойынша атап өтсек, елордада – 1, Ақмола облысында – 3, Ақтөбе облысы – 2, Алматы облысында – 4, Атырау облысында – 11, Шығыс Қазақстан облысында – 11, Батыс Қазақстан облысында – 6, Қарағанды облысында – 5, Қостанай облысында - 3
Павлодар облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 5 адам тіркелген. Жалпы ел аумағында ауырғандар саны – 106855-ке жетіп отыр.

-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді

