• Басты
  • COVID-19: КВИ мен шизофрения байланысы, Швециядағы ковид-төлқұжат және вакцинациялаудың шекті жасы

COVID-19: КВИ мен шизофрения байланысы, Швециядағы ковид-төлқұжат және вакцинациялаудың шекті жасы

5 Ақпан, 2021 16:39

Ұлыбритания үкіметі вакциналардың екі түрімен вакцинациялау тәжірибесін жүргізу туралы шешім қабылдады, ресейлік «Спутник-V» препаратының алғашқы партиясы Иранға жеткізілді. Сонымен қатар, американдық зерттеушілер шизофрениямен ауыратын адамдарға коронавирус тіптен қауіпті екенін, яғни өлім қаупін арттыратынын анықтады. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Пандемия басталғаннан бері әлемдегі Covid-19 жағдайларының жалпы саны 105 миллионнан асты, олардың төрттен бірінен астамы АҚШ-та. 2,28 миллион адам қайтыс болды, ал 80 миллионға жуығы емделіп шықты. Сонымен бірге, 106 мың адамның жағдайы ауыр.

Ұлыбритания вакцинациялау вирус таралуын азайтты

Ұлыбританияның вакцина істері жөніндегі министрі Надим Захави корнавирусқа түрлі вакциналардың бірінші және екінші дозасын салуға тәжірибе жасау үшін 7 млн фунт бөлді.

Қазіргі уақытта Ұлыбританияда негізінен екі вакцина қолданылады: Pfizer / BioNTech және Oxford / AstraZeneca. Қолданыстағы нұсқауларға сәйкес, пациент бір вакцинаның екі дозасын алуы тиіс.

Эксперименттің бастапқы мақсаты – жеткізу кезінде қиындықтар туындаған туындаған жағдайда икемділікті қамтамасыз ету. Бірақ қазір дәрігерлер аралас вакцинация медициналық тұрғыдан да тиімді болуы мүмкін екенін айтып отыр.

Оксфорд университетінің профессоры Мэттью Снейп ВВС-ге берген сұхбатында әртүрлі вакциналарды қолданып, жануарларды зерттеу кезінде антиденелердің көп өндірілетінін айтты.

«Адамға арналған эксперимент Лондон мен басқа алты қалада өткізіліп жатыр. Оған 800 ерікті қатысуда. Ол жазға дейін жалғасады, сол уақытқа дейін жаппай вакцинация процедурасы өзгермейді», - деді Надим Захави.

Захавидің айтуынша, Ұлыбританияда жаппай вакцинациялаудың арқасында қазірдің өзінде біртіндеп Ковид-19-дың таралуын азайтуға мүмкіндік беріп отыр.

Ақпан айының ортасына қарай алғашқы инъекцияны қабылдайтын адамдардың саны 15 миллионды құрайды немесе бұл Ұлыбритания халқының төрттен бірі. 70-тен асқан азаматтарға, дәрігерлерге, әлеуметтік қызметкерлерге және басқа да қауіпті топтарға толық вакцинация жасалмақ.

Украиндықтардың жартысы вакцина алғысы келмейді

Украинаның 41 миллион тұрғынының жартысына жуығы әлі Covid-19-ға қарсы вакцинаны алғысы келмейді. Бұл туралы елдің премьер-министрі Денис Шмигал мәлім етті.

«Социологиялық зерттеулер көрсеткендей, украиндықтардың жартысынан азы ғана вакцина салдыруға дайын», - деді үкімет басшысы. «Украиналықтардың тағы жартысы вакцинацияға дайын емес, бұл, әрине, байланыс, түсіндіру жұмыстары, вакциналардың жоғары сапалы екендігіне сенім білдіру секілді мәселелерге келіп тіреледі», - деді ол.

Сонымен қатар, Ресейде вакцинацияға деген сенім сауалнама нәтижелері сүйенсек, осымен шамалас. Өткен жылдың желтоқсанында жүгізілген зерттеуге сәйкес, ресейліктердің 52% -ы коронавирусқа қарсы вакцина алғысы келмейтіндігін мәлімдеген. РБК келтірген тағы бір сауалнамаға сәйкес қаңтардың ортасында тұрғындардың 24% -ы вакцинациялауға дайын екенін айтқан.

Украина вакцинациялау науқанын көптеген елдердмен салыстырғанда кеш бастайды. Ақпан айының ортасында мұнда COVAX бағдарламасы бойынша американдық өндірістің алғашқы 117000 дозасы Pfizer-BioNTech жеткізіледі. Жалпы, Киев 8-ден 16 миллионға дейін вакцинаны ақысыз алуы керек.

Ресейлік вакцинаның бірінші партиясы Иранға жетті

Ресейлік Sputnik-V коронавирус вакцинасының алғашқы партиясы бейсенбіде Тегеранға келді. Иранның ресми ақпарат құралдары 500 мың доза вакцина ирандық Mahan Airlines компаниясының ұшақтары арқылы жеткізілгенін хабарлады.

Иран ресейлік вакцинаның 5 миллион дозасын сатып алу туралы келісімшартқа қол қойды, оны шенеуніктер елге ақпан айының соңына дейін жеткізілетінін мәлімдеді.

Ресейлік вакцинадан басқа, Иран AstraZeneca шығарған вацинаның бір партиясын сатып алады.

Иранның рухани көсемі Аятолла Али Хаменеи бұған дейін теледидар арқылы сөйлеген сөзінде Ұлыбритания мен АҚШ-тың вакциналарын қолдануға болмайды, өйткені олар «мүлдем сенімсіз» екенін айтқан. Осыған қарамастан, Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Саид Намаки сәрсенбіде үкіметтің 4,2 миллион AstraZeneca вакцинасын сатып алатынын айтты.

Ковид-19 бен шизофрения

Өткен жылы Нью-Йорктегі 7 350 Covid-19 жұқтырған пациенттері туралы мәліметтер шизофрениямен ауыратын адамадардың 2,67 есе жиі қайтыс болғанын көрсеткен. Осылайша, бұл диагноз семіздік пен қант диабетінен бұрын, коронавирусты егде жастан кейін жұқтырудан кейінгі екінші маңызды факторы болып отыр.

«Біздің зерттеуіміз шизофрениямен ауыратын адамдар Ковид-19 әсеріне өте осал екендіктерін көрсетеді», - дейді Нью-Йорктегі Лангон медициналық орталығының психиатры Кэтлин Ньюмани.

Кейбір сарапшылар Ковид-19-дан болатын өлімнің жоғары деңгейін науқастардың осы санатындағы өмір салтымен және мінез-құлқымен байланыстырады.

Атап айтқанда, олар медициналық көмекке уақытында жүгінбейді.

Испанияда AstraZeneca вакцинасын егу үшін шекті жас қарастырылып жатыр

Британдық-шведтік AstraZeneca фармацевтикалық компаниясы жасаған COVID-19 вакцинасын 65 жастан асқан адамға қолдануға болмайды. Осы себепті, қазіргі уақытта Испания билігі егде жастағы адамдар үшін осы препаратпен иммундаудың қай жастың қауіпсіз болатынын шешіп жатыр.

Талқылау Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі жанындағы арнайы құрылған комиссияда өтіп жатыр. Оның құрамына ғалымдар да, техникалық мамандар да, Испанияның автономды қауымдастықтарының билік өкілдері де енді. Тараптар келісімге келе алмай отыр. Комиссияның кейбір мүшелері шекті 65 жастан қалдыруды ұсынса, басқалары қауіпсіз нұсқаны - 55 жас деп ұсынып отыр. Келіссөздер 11 ақпанда жалғасады деп хабарланды.

Журналистер атап өткендей, Еуропалық Одаққа мүше жеті елдің үкіметтері оны 65 жасқа дейінгі азаматтарға ғана қолданатындықтарын мәлімдеді. Мысалы, Германияда олар жас шектеуін 65 жас десе, Италияда ол 55 жасқа дейін төмендетілді. Польшада препарат 60 жасқа дейінгі адамдарға ғана енгізіледі.

Швеция ковид-төлқұжаттарды айналымға енгізбек

Швед билігі вакцинация туралы куәліктерді немесе ковид-төлқұжаттарды айналымға енгізеді. Куәлік ел азаматы COVID-19-ға қарсы вакцина егілгенін растайды. Бұл туралы үкіметтің ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып шведтің Fria Tider газеті хабарлады.

Үкіметтің пікірінше, мұндай сертификат алу шетелге саяхаттаудың, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды пайдаланудың алғышарты бола алады.

4 ақпанда Швеция үкіметі цифрлық әкімшілік агенттігіне вакцинация сертификаттары деп аталатын цифрлық базаны құруға жетекшілік етуді тапсырды.

«Кейбір елдерде вакцинация туралы куәліктер елге кіру үшін немесе басқа жағдайларда, мысалы, мәдени және спорттық шараларға қатысу үшін талап етілуі мүмкін», - делінген үкіметтің сайтында.

Израиль қатаң карантин режимін ұзартты

Израиль үкіметі коронавирус пандемиясына байланысты елдегі қатаң карантин режимін 7 ақпан сағат 07: 00-ге ұзартылуын мақұлдады. Бұл туралы 5 ақпанда Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі хабарлады.

«Үкімет карантиндік қатаң шектеулердің қолданылу мерзімін 07.02.21 сағат 07:00 дейін ұзартуды мақұлдады» делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 7 ақпанда Израиль үкіметі елдің карантиннен шығу мүмкіндігін талқылауды жалғастыратыны атап өтілді.

Карантин шеңберінде ел тұрғындарына өздері тұратын елді мекендерден шығуға және үйден тыс жерлерде бес адамнан көп жиналуға тыйым салынады.

Грузияда пандемия шараларын бұзғаны үшін 730-дан астам адамға айыппұл салынды

Өткен тәулікте Грузиядағы полиция қызметкерлері пандемияның алдын-алу шараларын қабылдамағаны үшін 735 адамға айыппұл салды. Бұл туралы 5 ақпанда Грузия ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, елдегі 87 адамды полиция қызметкерлері көшеде коменданттық сағат кезінде, іс жүзінде 21: 00-ден 05: 00 аралығында ұстаған. Бұл үшін заң бұзушыларға 2000 лари (шамамен 600 доллар) айыппұл салынды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері 646 адамға маска кию режимін бұзғаны үшін 20 лари (шамамен 6 доллар) айыппұл салды.

Ішкі істер министрлігі халыққа қолданыстағы карантиндік шектеулерді сақтауға шақырды.

Айта кету керек, бұған дейін сегіз үкіметтік емес ұйымның өкілдері Грузия үкіметіне коменданттық сағаттың күшін жою туралы өтінішпен жүгінген болатын. Олар пандемияның алдын алу аясында енгізілген бұл шара конституцияға қарсы деп болжанғанын айтты.

Барлық жаңалықтар