COVID-19: Коронавирусқа қарсы иммунитет өмір бойына сақталуы мүмкін бе

31 Мамыр, 2021 16:45

Әлемде пандемия басталғалы 170 миллионнан астам адам инфекция жұқтырғаны белгілі болды. COVID-19 диагнозымен расталған 3,5 миллионнан астам науқас қайтыс болған. Әлемдегі COVID-19 пандемиясы туралы Strategy2050.kz тілшісінің шолу материалынан оқи аласыздар.

Ғалымдар: Коронавирусқа қарсы иммунитет өмір бойына сақталуы мүмкін

Ковид-19-бен ауырған адамдардың коронавирусқа қарсы тұрақты иммунитеті қалыптасады, бұл емделіп шыққан науқасты бірнеше онжылдық бойына қайта жұқтырудан қорғайды. Бұл коронавирустың жеңіл түрімен ауырғандарға да қатысты.

Американдық ғалымдардың екі зерттеуі бұған дәлел болып отыр. Біріншісін – (Миссури штаты) Сент-Луис қаласындағы Вашингтон университетінің иммунологтары жүргізген, өткен аптада Nature журналында жарияланды. Екіншісін - Нью-Йорктегі Рокфеллер университетіндегі молекулалық биология зертханасының командасы жасаған. Бұл зерттеу ғылыми қауымдастық тарапынан әлі тексерілген жоқ, әзірге препринт ретінде ғана жарияланған.

Осы уақытқа дейін мамандар коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитеттің әлсіз екендігін, яғни ұзаққа созылмайтынын айтып келді. Ғалымдар мұндай зерттеулерді көптеген науқастың қандағы спецификалық антиденелердің концентрациясы (олар вирустан қорғауды қамтамасыз етеді) қалпына келгеннен кейін бірнеше ай ішінде тез төмендей бастайтындығын көрсеткен көптеген зерттеудің нәтижелері негізінде осындай тұжырымға келген.

Көптеген сарапшы тиімді иммундық қорғаныстың ұзақтығын шамамен 1,5-2 жылға бағалаған еді, сондықтан жаңа зерттеулердің нәтижелері олар үшін күтпеген жағдай болды.

Алайда, ВВС-ге сұхбат берген тәуелсіз сарапшылар жаңалықтарға ертереке қуанбауға шақырады. Өйткен, Ковид-19-бен қайта ауырғандардың бар екені белгілі. Сондықтан да олар аса қуанбай, барлық шараларды сақтауға шақырды.

Италияда коронавирус жұқтырғандар саны азаюда

Италияда COVID-19 жағдайы жақсара бастады. Коронавируспен ауыратын науқастар арасындағы өлім санының күн сайынғы өсуі 2020 жылдың қазан айынынан бергі статистикамен салыстырғанда ең төменгі деңгейге жетті. 60,2 миллион тұрғыны бар Италияда 11,8 миллион адам инфекцияға қарсы егудің толық курсынан өткен.

Италияның үш аймағы-Сардиния аралы, Оңтүстік Молизе және Фриулидің солтүстік-шығысы-Венеция Джулия бүгіннен бастап ақ аймаққа өтті, онда пандемияға байланысты барлық шектеулер, соның ішінде коменданттық сағат алынып тасталды.

Италияның қалған бөлігі эпидемиялық қауіп-қатері орташа деңгей сары аймақта қалады. 1 маусымнан бастап жабық жерлерде мейрамханалар қызметін жаңдандыру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта коронавирустың таралу деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 50 жағдайдан төмен, бірақ эпидемиялық жағдай ауруханаға жатқызылғандар санының негізінде бағаланып отыр. Жексенбіде коронавирустық инфекцияның салдарынан 44 адам қайтыс болды, бұл қазан айынан бастап Италияда инфекцияның жаңа толқынына байланысты айтарлықтай шектеулер енгізілген кездегі ең төменгі көрсеткіш.

Сары аймақтарда 1 маусымнан бастап карантиндік шараларды одан әрі жеңілдету қарастырылған. Атап айтқанда, стадиондар мен спорттық жарыстарға баруға рұқсат беріледі. 16 мамырдан бастап республиканың Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа теріс тест негізінде ЕО елдері мен Шенген аймағынан, сондай-ақ Израиль мен Ұлыбритания елдеріне еркін кіруге рұқсат беріледі.

Оңтүстік Африка шектеуді күшейтуде

Президент Сирил Рамапоза бұл шараны денсаулық сақтау саласына жүктемені азайтуға деген ұмтылыс деп түсіндірді. Қызмет көрсететін мейрамхана, бар, фитнес-орталықтар және басқа да орындар кешкі сағат 22:00-де жабылуы міндеттелген. Кешкі сағат 23:00-ден таңғы 04:00-ге дейін коменданттық сағат жұмыс істейді. Үй - жайдағы іс-шараларға 100-ден аспайтын адам, ал ашық кеңістікте 250-ден аспайтын адам жиналуға рұқсат берілген. Маусым айының соңына дейін апта сайын Biontech,Pfizer вакцинасының 630 мыңға жуық дозасын салынады деп жоспарлануда.

Малайзия инфекцияның өсуіне байланысты вакциналау процесін жеделтпек

Малайзияда жақын арада коронавирусқа қарсы егуді дәрігерлік кабинеттер мен жеке клиникаларда жүргізуге болады, деп хабарлады ғылым, технологиялар және инновациялар министрі Хайри Джамалуддин. Ал Куала-Лумпурдың астанасында қосымша 5 орталық ашылады. Ресми мәліметтер 32 миллион тұрғыны бар елде халықтың шамамен 6 пайызы вакциналанған. 1 маусымнан бастап Малайзияда 14 күндік локдаун енгізіледі деп жоспалануда.

Филиппинге «Спутник V» вакцинасының үшінші партиясы жеткізілді

2020 жылдың 30 қаңтарында Филиппинде коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы анықталды. Қазіргі уақытта республикада инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 1,22 миллионнан асқан. Оның ішінде 1,14 миллионнан астам адам аурудан сауығып, 20,8 мың науқас қайтыс болды. Ел билігі американдық Moderna компаниясының вакцинасын және ресейлік "Спутник V" препаратын, сондай-ақ американдық Pfizer фирмасының, Британдық-шведтік AstraZeneca компаниясының, қытайлық Sinovac компаниясының, америкалық Johnson & Johnson корпорациясына тиесілі Janssen компаниясының препараттарын шұғыл пайдалануды мақұлдады.

Израиль шектеуді күшейтті

Израиль 31 мамырдан бастап өз азаматтарына Ресей мен Аргентина аумағына кіруге тыйым салады.

Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, екі ел де коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары аймақтар тізіміне енген. Аргентина мен Ресейден басқа, Украина, Эфиопия, Бразилия, ОАР, Үндістан, Мексика және Түркия бұған дейін кіруге тыйым салынған елдердің тізіміне енген.

Ресейде жаңа жағдайлар саны артты

Ресейде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бір күнде 9694-ке өскен. Бұл 19 наурыздан бергі ең жоғары өсім болып отыр. Тәулігіне 355 адам қайтыс болып, ауруханадан 7386 науқас шығарылған.

Жалпы алғанда, эпидемия басталғаннан бері Ресей Федерациясында коронавирустық инфекцияның 5 064 442 жағдайы ресми тіркелді, 121 162 қайтыс болды және 4 677 870 науқас дертінен айықты.

Үндістанда жағдай тұрақсыз

Үндістанда 1,3 миллиардтан астам адам тұрады. Бір күннің ішінде COVID-19 салдарынан 3460 адам қайтыс болған. Ал пандемия басталғалы қайтыс болғандар саны 325 972-ге жетті. Соңғы 24 сағат ішінде денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 165 553 жаңа инфекция тіркелген. Эпидемия басталғаннан бері елде 28 миллионға жуық жағдай анықталған. Жергілікті сарапшылар нақты сандар әлдеқайда жоғары деп санайды.

Украина Үндістанға гуманитарлық көмекпен ұшақ жіберді

Бірінші рейс Үндістан тұрғындарына 184 оттегі концентраторын жеткізеді. Ал 216 оттегі концентраторы екінші рейспен тасымалданады.

Украинада бір күнде SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтырудың 1703 жаңа жағдайы анықталып, 84 науқас қайтыс болды. Індет басталғаннан бері инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 2 201 4725 құрады, 50 472 науқас қайтыс болып, 2 миллионнан астам адам сауығып кеткен.

БАӘ-де іс-шараларға қатысу үшін жаңа ережелер әзірленді

Біріккен Араб Әмірліктерінде 6 маусымнан бастап кез-келген жаппай іс-шараларға қатысу үшін COVID-19 вакцинасын алып, коронавирусқа теріс тест тапсыру міндеттеледі. Бұған дейін жергілікті БАҚ Денсаулық сақтау органдарына сілтеме жасап хабарлағанындай, осы немесе басқа іс-шараға қатысқысы келетіндер 48 сағаттан аз емес уақытта жасалған егу туралы немесе тесттің теріс нәтижесін растайтын анықтама ұсынуы тиіс. Сонымен қатар, іс-шараларға қатысу үшін арнайы мобильді қосымшада электрондық хат болуы қажет.

Ресей мамандары: Коронавирус жүкті әйелден балаға жұқпайды

Ресей мамандарының айтуынша, коронавирус инфекциясы жүкті әйелден іштегі балаға жұқпайды. Алайда аяғы ауыр жандар үшін вирус қауіпті болуы мүмкін. Әсіресе созылмалы ауруы барлар сақтанғаны абзал .Сонымен қатар сәбилер интенсивті терапияны қажет етеді дейді. Жуырда ресейлік дәрігерлер жүктілігі жайында білмей вакцина қабылдаған 100 мың нәзік жандыны зерттей келе, екпенің оларға еш жанама әсері тимегенін анықтады. Қорытындылай келе, олар бала тууды жоспарлап отырғандар коронавирусқа қарсы вакцина қабылдағандары жөн деген пікірді алға тартады.

Германияда коронавирус жұқтырғандар саны 3 679 148-ге жетті

Германияда шілде айының ортасына дейін барлық адамдардың 90 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинаны ала алады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Йенс Спан мәлімдеді. Оның айтуынша, Германия тұрғындарының шамамен 70-75 пайызы екпе жасағысы келеді.

Сондай-ақ, Германияда Роберт Кох институтының мәліметтері бойынша инфекциялардың күн сайынғы өсуі 1 978 жағдайды құрап отыр, бұл бір апта бұрынғы статисикамен салыстырғанда 704-ке аз. Соңғы тәулікте елде COVID-19 диагнозы қойылған 36 науқас қайтыс болды. Пандемия басталғаннан бері 84 миллион ковидпен ауыратын науқастар арасында 3 681 126 инфекция және 88 442 өлім анықталды.Олардың ішінде 3 486 700 миллионнан астам науқас сауығып кетті. Соңғы 7 күнде 100000 тұрғынға 35,1 инфекция тіркелді. Бір апта бұрын бұл көрсеткіш 62,5 жағдайды құраған.

Баку қаласында метро қайта жаңарды

Әзірбайжан билігі 31 мамырдан бастап коронавирусқа байланысты алты айдан астам уақытқа жабылған Баку метросының жұмысын қайта бастады. Ол карантиндік шараларды күшейткеннен кейін 2020 жылдың қазан айынан бастап жолаушыларды қабылдамаған еді. Сонымен қатар, метро қалған қоғамдық көліктермен бірге демалыс күндері жұмыс істемейді. Сондай-ақ, елде аймақаралық қоғамдық көліктің жұмысына тыйым алынып, 10 маусымнан бастап мешіттер мен храмдар ашылады.

Египет шеутеу шараларын қысқартуда

Египет билігі кафе, мейрамхана, дүкен мен сауда орталықтарының жұмысына шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. 1 маусымнан бастап тамақтану пункттері мен дүкендер жазғы кесте бойынша, яғни түн ортасына дейін жұмыс режиміне оралады. Египет Үкіметі шектеулерді алып тастаумен қатар, екі курорттың орын - Хургада мен Шарм-эш Шейхтің барлық тұрғындарын вакцинациялауды жоспарлап отыр.

Вьетнамда коронавирустың жаңа штамы табылды

Вьетнам билігі жаңа штамды британдық және үнділік коронавирус штамдарының буданы деп атады. Вьетнамда вирустың оңай таралып, адамнан адамға тез жұғатындығын ескертілді. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Нгуен Тхан Лонг мәлімдеді. Вьетнам Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл Британдық және үнділік коронавирус штамдарының буданы. Вьетнам Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде жаңа штаммның пайда болуы эпидемияға қарсы қабылданған шараларға қарамастан, ауруды жұқтыру көрсеткішінің өсіміне әсер еткен.

Вьетнамның ең ірі қаласы Хо Ши Мин қаласының билігі инфекциялардың көбеюіне байланысты барлық 13 миллион тұрғынды коронавирусқа қарсы тексеруге ниетті. Күніне 100000 сынақ болады деп жоспарлануда. Қалада жұмыс орындарынан және ауруханалардан тыс жерде 10 адамнан көп топқа жиналуға тыйым салынады.

Барлық жаңалықтар