• Басты
  • COVID-19. Дәрi-дәрмекпен қамту мәселесі қалай шешілуде: сапасы, халыққа қолжетімділігі туралы
7 Тамыз, 2020 12:28

COVID-19. Дәрi-дәрмекпен қамту мәселесі қалай шешілуде: сапасы, халыққа қолжетімділігі туралы

Бүгін елордада КВИ жағдайына байланысты дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі, оның ішінде баға, сапа, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында онлайн баспасөз мәжілісі өтті. «СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев компания шығындары қысқартылатынын, сонымен қатар 8,6 млрд теңгеге дәрі сатып алынатынын жеткізді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

COVID-19. Дәрi-дәрмекпен қамту мәселесі қалай шешілуде: сапасы, халыққа қолжетімділігі туралы

Компания шығыны қысқартылады


ОКК-де өткен баспасөз мәслихатында «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев компанияның нысандарын 10-15 пайызға және шығындарды 200 миллион теңгеге азайтуға дайын екенін жеткізді.

«Бірыңғай дистрибьютордың шығындарға қатысты сынына жауап ретінде компания қазір әкімшілік шығындарды оңтайландыру бойынша жұмыс тобын құрды. Кеңсені жалға алу құны 10 пайызға төмендеді. Жұмыс тобының қорытындысы бойынша нысан ауданын 10-15 пайызға қысқартады деп күтілуде», - деді Есқалиев.

Оның айтуынша, жалпы алғанда, жыл соңына дейін жалпы және әкімшілік шығыстарды 200 миллион теңгеге дейін азайту жоспарланған.

«Шығындарды оңтайландыру мәселелерін одан әрі пысықтау жалғасуда. Сонымен бірге, СК-Фармацияның қызмет аясы кеңейіп келе жатқанын атап өткім келеді. Функционал денсаулық сақтау жүйесінің жұмылдыру резерві, бөлшек сауда желісіне дәрі-дәрмектерді сатып алу, сондай-ақ гуманитарлық көмек алумен толықтырылды», - деді ол.


Бес жаңа препарат сатып алынбақ


Басқарма басшысы Ерхат Есқалиев үйде емдеуге арналған бес жаңа дәрі-дәрмек сатып алынатынын айтты. Сатып алу үшін, оның сөзіне сенсек, 8,6 млрд теңге жұмсалмақ.

«Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін бес жаңа дәрі енгізілді. Көп жағдайда ауру жеңіл және орташа дәрежеде өтеті, дегенмен медициналық қолдауды қажет етеді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық деңгейде емделіп жатқан науқастарға бес препаратты КВИ диагнозы мен емі туралы хаттамаға қосуды мақұлдады. Бұл қабынуға қарсы препараттар Paracetamol және Ibuprofen және антивоагулянттар Rivaroxaban, Apixaban және Dabigatran. Қазір сатып алу рәсімі аяқталуда. Олар 8,6 миллиард теңгеге сатып алынып жатыр. Бұл көлем Денсаулық сақтау министрлігінің болжамы бойынша 1 миллион пациентті қамтамасыз етуге жетеді, - деді ол.

Сонымен қатар басқарма басшысының сөзінше, коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрі-дәрмектермен жедел қамтамасыз ету мәселесі ел үкіметтің ерекше бақылауында. Шілде айының басында ауруханалар мен уақытша стационар орталықтарында антибиотиктер мен қызу түсіретін дәрі-дәрмектер жетіспеді. Оған коронавирус жұқтырғандар санының күрт өсіп, ойламаған деңгейге жету себеп болды. Ерхат Есқалиев бұл құзырлы органдардың тез әрекет етуіне сеп болған.

«Біріншіден, шұғыл шаралар кешені әзірленді, бұл дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін қысқа мерзімде тезірек шешуге мүмкіндік берді. Осы орайда КВИ-ды емдеуге арналған 2,6 миллиард теңге тұратын дәрі-дәрмектердің айлық қорын жөнелтілді. Сонымен қатар 40 мың пациентке 8,7 млрд теңгеге қосымша дәрі-дәрмек сатып алынды. Бұдан бөлек, 24 миллиард теңгеге 100 мың науқасты коронавирустан емдеуге арналған екі айлық дәрі-дәрмек резерві құрылды», - деп толықтырды басқарма төрағасы.

Сонымен бірге Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекованың сөзінше, СК-Фармация базасында құрылған резервті дайындау барысында вирустық аурулардың да, коронавирус инфекциясына қатысты болжамдар да ескерілетін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген айтты.

«Амбулаториялық және стационарлық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ дәрі-дәрмектермен бөлшек сауда жасау үшін резервтерді ұсынылған болжамдарға сәйкес қалыптастырамыз. Біз індет көрсеткішінің артуына қатысты барлық есептеуді жүргізетін боламыз», - деді вице-министр.


Мүмкіндігі шектеулі жандар бетперде киюге міндетті ме


Бұдан бөлек баспасөз мәжілісіне қатысқан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мүмкіндігі шектеулі азаматтардың бетпердесіз жүргені үшін айыппұл салынбайтынын атап өтті.

«Әр адамның өзімен бірге мүмкіндігі шектеулі екенін растайтын құжаты болуы керек. Бетпердені мүмкіндігі шектеулі жандар, денсаулығы нашар балалар киюге болмайды. Ата-аналарының өздерімен бірге растайтын құжаттары болған жөн. Егер мұндай құжаттар болмаса, онда бақылау топтары, санитарлық инспекторлар мен полиция өзара түсіністікпен қарайды», - деді Бағдат Қожахметов.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі масканы кім және қайда киюге болмайтынын айтқан болатын.

 

Барлық жаңалықтар