• Басты
  • COVID-19: Германия карантин шараларын ұзартпақ, ал америкалықтар ковидке қарсы вакцинациялауды бастайды

COVID-19: Германия карантин шараларын ұзартпақ, ал америкалықтар ковидке қарсы вакцинациялауды бастайды

23 Қараша, 2020 11:46

Ұлыбритания 2 желтоқсаннан кейін локдаунды ұзартпайтынын мәлім етті, Ресейде соңғы бір аптаның ішінде алғаш рет жұқтырғандар саны азайып, рекордтық көрсеткішке жеткен жоқ. Ал, Германия үкіметі 30 қарашадан кейін де карантин шараларын ұзартуға ниетті, Чехия мемлекеті ЕО елдері ішінде COVID-19-дан қайтыс болғандар саны ең көп мемлекет қаратына енді. Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыздар.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, әлемнің барлық елдерінде Ковид-19 ауруының жалпы саны 58,2 млн-ға жеткен, ал 1,38 миллион науқас қайтыс болған. Жұқтырғандар саны бойынша бес көшбасшы мемлекет қатарына АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция және Ресей кіреді.

Ресейде коронавирус инфекциясы жаңа жағдайларының тәуліктік өсімі 24 581-ді құраған, сонымен қоса жедел штабтың мәліметінше, тәулігіне 401 пациент қайтыс болған. Сонымен қоса, жедел штабтың мәліметтері бойынша, Мәскеуде өткен тәулікте 71 адам қайтыс болды, ал қайтыс болғандардың жалпы саны 8379-ға жетіп отыр. болды - жедел штабтың мәліметтері бойынша.

Жексенбіде өткен аптада бірінші рет жаңа жағдайлардың саны бойынша да, өлгендер саны бойынша да максималды көрсеткіштерге жетпеген.

Ұлыбританияда жергілікті билік карантин шараларын жеңілдетіп, Рождество күні отбасыларға бірге қарсы алуға мүмкіндік бермек. Бұл дегеніміз, үш түрлі мекен-жайда тұратын туыстар мен достар кездесіп, демалысты бірге өткізуге болады. Қазіргі карантиннің мерзімі 2 желтоқсанда аяқталмақ. Осы демалыс күндері үкіметтің оны қайта ұзартпау туралы шешім қабылдағаны белгілі болды. Оның орнына үш деңгейлі қатаң шектеулер жүйесі күшіне енеді.

Аргентинада коронавирустан қайтыс болғандар саны 37 мың адамға жетті. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Агенттік 22 қарашада елде COVID-19-бен 100 науқас қайтыс болғанын мәлім етті. Осылайша, Аргентинада коронавирустың асқынуынан қайтыс болғандар саны 37 002 адамға жетті. Сондай-ақ, өткен тәулікте республикада SARS-CoV-2 инфекциясының 4184 жағдайы расталған.

Айта кетейік, Аргентинада пандемия басталғаннан бері 1 370 366 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырды. 1 195 492 науқас емделіп шыққан.

Қытайда соңғы бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясының 11 белсенді және он симптомсыз жағдайы анықталды. Бұл туралы 23 қарашада Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті хабарлады. Жаңадан жұқтырғандар Гуандун, Бейжің, Тяньцзинь, Шанхай, Фуцзянь және Шэньсиде тіркелген. Жалпы осы уақытқа дейін республикада SARS-CoV-2 инфекциясының 298 жағдайы расталды. Ал, 11231 адам дәрігерлердің бақылауында.

Бұған дейін коронавирус инфекциясының бар-жоғын тексеру үшін бірнеше мың жолаушылары мен жұмысшылары бар Шанхайдағы әуежайды жауып тастағаны туралы хабарланған еді. Бұл шешімді әуежай басшылығы жүк терминалы жұмысшыларының бірінде коронавирустың жаңа түрін жұқтырғанын растағаннан кейін қабылдаған болатын.

Германия коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының артуына байланысты карантин шектеулерін ұзартпақ. Бұл туралы Германия Қаржы министрлігінің басшысы Олаф Шольц Bild am Sonntag басылымына берген сұхбатында айтқан.

«Қазіргі жағдай карантин шараларын 30 қарашадан кейін де ұзарту керегін көрсетіп отыр», - деді ол.

Сонымен бірге Бавариядағы ХСС партиясының жетекшісі Маркус Зедер карантинді тағы үш аптаға ұзарту өте дұрыс шешім екенін айтты. Оның пікірінше, жұқтырған адамдар санының күрт өсуі қазірдің өзінде төмендей бастады, дегенмен Германияда COVID-19-дан қайтыс болғандар саны артып келеді. Саясаткер карантин 20 желтоқсанға дейін ұзартылуы керек дейді.

Бұған дейін 21 қарашада Германия үкіметінің өкілі Штеффен Зайберт коронавирус инфекцияның таралуымен елдегі жағдайдың тұрақтанғаны туралы хабарлаған еді. Соған қарамастан, ол ауру деңгейі әлі де жоғары екенін баса айтып өтті.

Францияда 22 қарашадағы мәлімет бойынша, соңғы тәулікте 13 157 адам SARS-CoV-2 жұқтырған, нәтижесінде олардың жалпы саны 2 140 208-ге жетіп отыр. Сонымен қатар, Франциядағы COVID-19-дан қайтыс болғандардың жалпы саны 48 732-ні құраған.

Ал одан бір күн бұрын Францияда тәулігіне 22 мыңнан астам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

АҚШ вакцинациялау бағдарламасының жетекшісі Монсеф Слоуидің айтуынша, американдықтар Ковид-19 вакцинасын 11 желтоқсаннан бастап ала бастайды. CNN-ге берген сұхбатында ол вакциналардың жергілікті иммундау орталықтарына бекітілгеннен кейін 24 сағат ішінде жеткізуді жоспарлап отырғанын айтқан. Бұл американдық фармацевтикалық Pfizer компаниясы BioNTech-пен бірлесіп жасаған вакцина.

Өткен жұмада өндірушілер дәрі-дәрмекке шұғыл лицензиялау туралы өтініш берді, бұл дәрі-дәрмекке, тіпті 65-тен асқан егде жастағы адамдарға да 94% тиімділік көрсеткен еді. FDA сарапшылар комитетінің келесі отырысы 10 желтоқсанда өтеді. Pfizer биыл жаңа вакцинаның 50 миллион дозасына дейін және 2021 жылы 1,3 миллиард дозаға дейін өндіреді деп күтілуде.

Соңғы 14 күнде ЕО елдері арасында Чехияда COVID-19-дан қайтыс болғаныдар саны көп тіркелген. Бұл туралы 23 қарашада Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығы жариялаған. 100 мың адамға шаққандағы өлім саны бойынша Чехия соңғы екі аптада көшбасшы болып отыр. Мұнда өлім деңгейі 22,7-ні құрады. Екінші орында 21,8 өлім коэффициентімен – Бельгия, одан соң Болгария тұр.

Төртінші және бесінші орындарда тиісінше Польша (14,9) және Венгрия (13,9).

Барлық жаңалықтар