• Басты
  • COVID-19: Германия қатаң локдаунды 10 аптаға ұзартты, ал Малазиядағы төтенше жағдай 1 тамызға дейін жалғаспақ

COVID-19: Германия қатаң локдаунды 10 аптаға ұзартты, ал Малазиядағы төтенше жағдай 1 тамызға дейін жалғаспақ

13 Қаңтар, 2021 14:54

Бүгінде әлем бойынша 91,6 млн адам коронавирус жұқтырып, 1,96 млн адам қайтыс болған. Ал 50,6 млн адам емделіп шықты. Әлемдегі COVID-19-ға қатысты жағдай туралы қосымша ақпаратты Strategy2050.kz тілшісінің шолу материалынан оқи аласыздар.

Ұлыбритания

Ұлыбритания мемлекеті корнавирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандары саны көп тіркелген бес елдің қатарында. Елде 3,1 млн адам вирус жұқтырса, 82 мың адам көз жұмды. 2020 жылы 697 мың адам қайтыс болған, бұл көрсеткіш Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең жоғары деңгейге жетіп отыр.

Британия билігі ел азаматтарын осы локдаунды соңғы ету мақсатында барлық санитарлық талапты, ережені сақтауға шақырды.

«Егер біз барлығымыз қолданымтағы шараларды ұстанатын болсақ, онда теория жүзінде ақпан айының ортасынан бастап үшін аурудың өсуін бәсеңдете аламыз», - деді Кит Мюлуз, үкіметте қылмысқа қарсы күрес және тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жауапты тұлға.

Ал, Денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок сейсенбіде NHS (Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау жүйесі) жұмысы аурулар санының көбеюіне байланысты ауырлай түскенін айтып, британдықтарды аса қажет болмаса үйлерінен шықпауға шақырды.

Өткен тәулікте Ұлыбританияда аурудың 46 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркелген, тағы 529 адам қайтыс болған. Коронавирус диагнозы қойылған елдегі ауруханаларда бүгінде 32,2 мың науқас бар. Ал ел астанысы Лондондағы жағдай тіптен нашар.

Германия

Неміс Bild таблоидының хабарлауынша, Германия канцлері Ангела Меркель елдегі қатаң локдаунды тағы 8-10 аптаға ұзартпақ. Басылымның мәліметінше, Меркель министрлер кабинетімен кездесуде «британдық вирус» деп аталатын (коронавирустың жаңа түрі, алғаш рет Ұлыбританияда табылған) қарсы шаралар қолданылмаса, Германияда Пасха мерекесінде инфекцияның қайтадан өршіп кету ықтималдығы жоғары екенін мәлімдеді. Соңғы тәулікте елде тағы 891 адам қайтыс болып, 12,8 мың жағдай тіркелді.

Португалия

72 жастағы Португалия президенті Марсело Ребера де Соуза коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жақында оның мерзімі аяқталады. Сонымен қатар, оған соңғы кездесулер мен іс-шараларды тоқтатуға тура келді. Елде 24 қаңтарда сайлау өтеді, қазіргі уақытта кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Жуырда де Соуза мен оның қарсыластары теледебатқа қатысқан еді.

Ирландия

Ирландияның ауруханаларында реанимация бөлімшелері жоқ. Джон Хопкинс Университетінің соңғы статистикасына сәйкес, Ирландияда миллион адамға шаққандағы жаңа ауруды жұқтырғандар саны көп. Сонымен бірге, ирландиялық ғалымдар ел жағдайды еңсеруге жақын деп санайды. Профессор Филипп Ноланның айтуынша, жаңадан тіркелгендер саны 4929 адамға дейін төмендеген, ал бұл оның сөзінше, қуантарлық жағдай.

ЕО фармацевтикалық реттеушілері 29 қаңтарда AstraZeneca/Oxford вакцинасын қолдануға рұқсат беруі мүмкін. Еуропалық елдердің үкіметтері көптеген вакцина шығаратын кампанияларының жқмысы күтілгендей жылдам немесе ауқымды болмағанын айтып, процесті жеделдету үшін барлық күш-жігерді жұмсау керек екенін мойындайды. Кипр президенті Никос Анастасиадес бұған дейін вакцина беруде Израильден көмек сұрауға мәжбүр болғанын айтқан, өйткені ЕО одақтастарының әлі көмектесуге мүмкіндігі жоқ.

Грекия

Бұған дейін Грекия премьер-министрі Кириакос Митсотакис Еуропалық Одақта вакцинация алған азаматтардың еркін жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін бірыңғай вакцинация сертификатын әзірлеуді ұсынды. Ол Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Лайенге хат жолдаған деген ақпарат бар.

Словакия

Словакия парламенті елдегі төтенше жағдай режимін 40 күнге ұзартуды мақұлдады. Словакияда коронавирус эпидемиясының бірінші толқыны кезінде 16 наурыздан 14 маусымға дейін күшінде болған төтенше жағдай режимі оның жаңа толқынының аясында екінші рет ұзартылды. Бастапқыда ол 14 қарашада жойылуы керек еді, бірақ үкімет 11 қарашадағы отырысында осы мерзімді 45 күнге ауыстырды.

Словакиядағы жұқтырған адамдардың саны эпидемия кезінде 211 479-ға жетті. Ал халық саны - 5,5 миллион. Республикада COVID-19-дан 3102 науқас қайтыс болды.

Соңғы айларда маска режимі сақталған Словакияда 1 қаңтардан бастап әлеуметтік шектеулер күшейтілді. Билік ел тұрғындарының бір-бірімен араласуына тыйым салды. Бұл шектеулер 24 қаңтарға дейін қолданылады. Санитарлық-эпидемиологиялық шараларды бұзғандарға 20 мың еуроға дейінгі айыппұл салынады.

Малайзия

Малазия королі Аль-Сұлтан Абдулла II эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты елде төтенше жағдай жариялады. Патша сарайының ресми хабарландыруында төтенше жағдай 1 тамызға дейін жалғаспақ, бірақ инфекция деңгейі айтарлықтай азайса, тоөтенше жағдайда ертерек алынуы мүмкін.

Төтенше жағдай елде соңғы 50 жылда алғаш рет енгізілді. Бір жылдан аз уақыт бұрын қызметіне кіріскен премьер-министр Мухиддин Ясинтөтенше жағдай енгізуді ұсынған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, Малайзияда пандемия кезінде 138,2 мың адам ауырып, 555 адам қайтыс болды.

Қытай

Сейсенбіде Қытай билігі Бейжіңге жақын аймақтарда қосымша карантиндік шаралар енгізді. Атап айтқанда, Хэбэй провинциясындағы 4,9 миллион тұрғынға локдаун енгізілген. Жақын күндері олардың барлығына Covid-19 сынағынан өту керек.

Ресми мәліметтерге сәйкес, сейсенбіде елде инфекцияның 55 жаңа жағдайы тіркелді, оның 40-ы Хэбэйде. Бұған дейін жалпы саны 11 миллион адам тұратын екі көршілес ауданда жергілікті бұғаттау енгізілген болатын.

Қытай билігі елдегі эпидемиямен іс жүзінде күрескенін және қазір індет пайда болған аймақтарда әрекет етіп жатқанын айтады. Ресми мәліметтерге сәйкес, пандемия басталғаннан бері елде 96,9 мың адам ауырып, 4793 адам қайтыс болды. Алайда көптеген халықаралық ұйымдар Қытай билігі ұсынған ақпарат шындыққа жанаспайды және олардың саны іс жүзінде әлдеқайда көп деп санайды.

Ливан

Ливан 11 күн бойы тәулік бойына коменданттық сағат енгізбек. Жергілікті уақыт бойынша бейсенбіде таңғы 5-тен бастап ливандықтар тіпті тамақ үшін де көшеге мүлдем шыға алмайды. Барлық сатып алулар жеткізу қызметтері арқылы жүзеге асырылады. Тек төтенше жағдай қызметкерлері мен жүргізушілер жұмысқа баруды жалғастырады. Мұндай қатаң шара денсаулық сақтау саласына көмектесу үшін қажет, Өйткені қазір аурудың санымен күресуге мүмкіндік болмай бара жатқанын алға тартады билік. Рождество мен Жаңа жылдық мерекелерден кейін статистика күрт өскен.

Барлық жаңалықтар