• Басты
  • COVID-19: Француздар карантин талаптарын жаппай бұзуда, ал Германия эпиджағдай бұдан әрі ушығатынын айтып отыр
13 Қараша, 2020 10:52

COVID-19: Француздар карантин талаптарын жаппай бұзуда, ал Германия эпиджағдай бұдан әрі ушығатынын айтып отыр

Француздардың үштен екісі локдаун құлыптау ережелерін бұзды, ал Германия болса, жағдайдың бұдан әрі ушыға түсетінін айтып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы санитарлық талаптарды сақтауға шақыруда. Қытай шекараларды ашуға асығар емес, Ватикан Римдегі үйсіздерді тестілеуден өткізуді қолға алды. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің шолу материалында.

COVID-19: Француздар карантин талаптарын жаппай бұзуда, ал Германия эпиджағдай бұдан әрі ушығатынын айтып отыр

Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, әлемде 52,2 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған. Ал 1,2 миллионнан астамы қайтыс болды. Аурулар саны бойынша АҚШ бірінші орында тұр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гребесесус коронавирустың таралуына байланысты адамдарды санитарлық талаптарды сақтауға шақырды.

«Мүмкін біз Covid-19-дан жалыққан шығармыз, бірақ ол бізден жалықпайды. Еуропа елдері әрең дегенде күресіп жатыр, бірақ вирус оған қарсы қолға лынған шаралар секілді іс жүзінде өзгерген жоқ», - деді ол Париж бейбітшілік форумында сөйлеген сөзінде.

Француздардың жартысынан көбі карантин талаптарын сақтамай отыр

Француздардың шамамен 60 пайызы екінші рет локдаун енгізгеннен кейін карантин ережелерін бұзған, бұл сауалнама барысында анықталды. Респонденттердің шамамен төрттен бір бөлігі сыртқа шығуға рұқсатнаманы толтырған кезде жалған себебін көрсеткендерін мойындаған.

Жалпы алғанда, француздар екінші локдаунды біріншіге қарағанда дұрыс қабылдамай отыр. Бірінші жалпы карантин кезінде респонденттердің шамамен 40 пайызы карантин ережелерді бұзған.

Үйден шығудың себебін жалған айтумен қатар, адамдар үйлеріне туыстарын қонаққа шақырып, достарымен кездесу арқылы ережелерді бұзған. Сауалнама сонымен қатар күздің аяғында болған екінші локдаун адамдардың рухына біріншіден гөрі қатты әсер ететіндігін анықтады. Сауалнамаға қатысқандардың шамамен 28 пайызы көңіл-күйіне әсер ететінін жазған. Көктемгі карантин кезінде шамамен әрбір бесінші адамның көңіл-күйіне кері әсер еткен.

Премьер-министр Жан Кастекс локдаунның уақыты азаймайтынын, яғни ай бойы жалғасатынын айтады деп жоспарланып отыр.

Германияда коронавирус инфекциясының жаңа жағдайларының саны әлі де өте көп, бірақ оған поатоға шығуға мүмкіндік беретін белгілері бары белгілі болды.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артуда, бірақ салыстырмалы түрде азайып келеді», - деді Неміс институтының басшысы Роберт Кох.

Лотар Уилердің айтуынша, қазірдің өзінде қандай-да бір тұрақтылық туралы айтуға әлі ерте, бірақ, ең болмағанда, бұл вирус бізбен қалағанын істеп жатқанын көрсетіп отыр. Қараша айында Германия билігі жаңа инфекциялардың алдын алу және денсаулық сақтау жүйесінің құлдырауын болдырмау үшін мейрамханаларды, барлар мен театрларды жауып тастады. Уилер қолданыстағы шектеу шараларына қарамастан, жаңа жағдайлардың саны өте көп болып қалатынын атап өтті.

«Көптеген адамдар жұмыс істей алмайтын жағдайлар бар, көбісі ауыр сырқаттарға шалдығады, содан кейін денсаулығында қиындықтар туындайды немесе тіпті қайтыс болады. Біз жағдай бірнеше аптаның ішінде нашарлауы мүмкін деген ойға үйренуіміз керек. Көптеген ауруханалар жаңа науқастарды қабылдай алмайды, ал кейбір пациенттердің қажетті емді ала алмау ықтималдығы жоғары », - деді ол. Өткен тәулікте елде Covid-19 жұқтырғандар саны 21,8 мыңнан астам адамға көбейді.

Қытай шекарасын қашан ашатыны әлі белгісіз

Қытайда коронавирус инфекциясының қысқы кезеңдегі жаңа жағдайларының көбею ықтималдығы басқа елдердегі пандемия жағдайына байланысты артып келеді, бұл жерден вирус елге келетін адамдармен Қытайға кіріп кетуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы басшысының орынбасары Ли Бин мәлім етті.

«Аурулардың таралуын алдын алу шаралары мен бақылауды бір секундқа да әлсіретуге болмайды», - деді ол.

Пекин жаздан бастап коронавирустың таралуын бақылауға алды: қазір елде тек инфекцияның жекелеген жағдайлары бар, ал пайда болған вирустың ошақтары тез арада жойылған.

Бин Ковид-19 негізінен басқа елдерден оралатын адамдарда анықталатынын атап өтті. Қытай эпидемиологиялық жағдайы аса қолайсыз елдердің тұрғындары үшін виза беруді тоқтатты, ал қытайлықтардың өздері елден шұғыл жағдайларда ғана елден шыға алады.

Чехия бірінші сынып оқушылары мектепке бара алады

Чехияда, кейбір басқа еуропалық елдердегі сияқты, локдаун енгізгеннен кейін вирустың таралуыны төмендеген. Чехия билігі бірінші және екінші сынып оқушылары келесі сәрсенбіден бастап мектепке бара алады, бірақ олар сабақ кезінде бетперде киюге мәжбүр болатынын айтты. Биліктің есептеулері бойынша вирустың көбею индексі 1-ден төмен түскен. Бұл дегеніміз, әрбір жұқтырған адам бір адамнан аз адамға жұқтырады, осылайша эпидемия азаймақ.

Сонымен қатар, коронавирустық тестілеуден өткендердің барлығында 30 пайызында ғана вирус бар екені анықталған.

Ватикан Римде үйсіздерді тестілеуді қолға алды

Рим Папасы католик шіркеуі өткізген Дүниежүзілік кедейлер күнінің аясында Римдегі үйі жоқ және жағдайы төмен адамдарға коронавирус тестілерін тегін ұсынды. Олар тестті понтификтің қатысуымен кедейлерге арналған емханада тапсыра алады. Олардың көпшілігі Ватиканға жақын көшелерде тұрады.

Архиепископ Рино Физичелла күн сайын тестілеуге шамамен 50 адам келетіндігін және бұл қызмет жақын болашақта жұмыс істейтінін айтты. Сынақтары теріс болған адамдар баспанада түней алады, ал Ковид-19 жұқтырғандар ем қабылдайды. Сәрсенбіде пандемия басталғаннан бері анықталған инфекциялар саны миллионнан асты. Италия ең көп зардап шеккен елдердің ондығына кіреді.

Барлық жаңалықтар
88.204.195.98, 192.168.88.100