• Басты
  • COVID-19: Еуропа елдерінің шекарасы кімдерге ашық, қандай қызметтерге рұқсат етілген

COVID-19: Еуропа елдерінің шекарасы кімдерге ашық, қандай қызметтерге рұқсат етілген

8 Маусым, 2021 12:45

Бүгінде Еуропа елдерінде карантин шаралары жеңілдетілуде. Еуропаның қай елдерінде қандай қызметтерге рұқсат етілген, қай елдерге шекарасы ашық екенін Strategy2050.kz тілшісі дайындаған шолу материалдан оқи аласыздар.

ЕО елдері вакцина төлқұжаттарын әлі енгізген жоқ. Шілде айында таныстырылады деп жоспарланған. Дегенмен, туристік маусым басталғалы бері ішкі шектеулер азаяды. Біз Еуропаның ірі елдерінде қолданылатын шектеулер туралы, сонымен бірге олардың туристер үшін ашық екендігі, не істеуге болатыны туралы баян етеміз.

Франция

9 маусымнан бастап Франция «жасыл» және «сары» тізімге енген елдердің туристерін қабылдай бастайды. Алайда, ресейлік, қазақстандық туристер Францияға бара алмайды, өйткені Ресейде қолданылатын Sputnik V вакцинасы Еуропада ресми мақұлданбаған.

Елде төмендегідей шаралар қолданылады:

-        Қазір кешкі тоғызда басталатын коменданттық сағат он бірге ауыстырылады

-        Мейрамханалар, кафелер мен барлар келушілерді ғимарат ішіне кіргізе алады, бірақ ғимараттың толуы 50%-бен шектеледі. Бір үстелге ең көбі алты адам отыра алады

-        Мұражайлар, кинотеатрлар, спорттық ареналар келушілер мен клиенттерді ғимарат ішіне кіргізе алады

Қазіргі үкіметтің жоспарлары бойынша 30 маусымда барлық ішкі шектеулер мен коменданттық сағаттар толығымен алынып тасталмақ.

Ұлыбритания

Ұлыбритания енді Еуропалық Одақ құрамына кірмейді. Англия, Солтүстік Ирландия, Шотландия мен Уэльстің ережелері әртүрлі. Мәселен, мейрамханалардағы бір үстел басында отыратын адамдар саны өзгеше.

Туристерге әлі күнге дейін Ұлыбританияға баруға кеңес берілмейді: «Сары» аймақ тізіміндегі елдерден келетіндер 10 күн бойы оқшаулануға және коронавирусқа қарсы екі сынақ тапсыруға міндетті. «Қызыл тізімге» енген елдерден (мысалы, Үндістаннан) келетіндер арнайы қонақ үйде оқшауланады.

Дегенмен, мамыр айында төртінші деңгейден үшінші деңгейге ауысқан Англияда біраз дүниеге рұқсат етілген:

-        Пабтар, кафелер мен мейрамханалардың ғимаратына кіруге болады

-        Галереялар мен мұражайлар әлеуметтік арақашықтық ережелерін сақтау арқылы жұмыс істейді

-        Елде қонақүйлер жұмыс істей бастады - басқа қаладағы қонақ үйде тұру үшін басқа дәлелді себептер қажет емес

-        Ұлыбритания бойынша емін-еркін жүруге мүмкіндік бар

-        Қоғамдық арақашықтық ережелерін сақтап, жаттығу залдары мен бассейндер жұмыс істеп тұр

Үкіметтің қазіргі жоспарларына сәйкес, егер осы уақытқа дейін инфекцияның күшеюі болмаса, локдаун 21 маусымнан бұрын жойылады.

Германия 

Германияда локдаун қарашадан бастап енгізілді, қазіргі таңда оның ережелері қатая бастады. Инфекция деңгейі жоғары аймақтарда қатаң шектеулер әлі күнге сақталады.

-        Дүкендерде және қоғамдық көліктерде маска кию қажет, хирургиялық маскалар - FFP2 стандартындағы немесе клапансыз KN95 / N95 респираторлары

-        Мейрамханалар қонақтарды тек террассаларда қабылдайды

-        Мұражайлар ашық, ашық аспан астындағы концерттер өткізуге рұқсат етіледі

-        Кей аймақтарда, атап айтқанда, 100 мың адамға шаққанда 50-ден аз адам тіркелген жерлерде мейрамхананың ішінде тамақтануға болады

-        Pfizer / BioNTech вакцинасы 12-15 жас аралығындағы неміс балаларына қолжетімді

Италия

Италия әзірге туристерді тек Еуропалық Одақ елдерінен, Шенген аймағы мен Ұлыбританиядан оқшаулау қажеттілігінсіз қабылдайды. Сонымен қатар, АҚШ және Израиль азаматтарына кіруге рұқсат етілген. Елде келесі шаралар қолданылады:

-        Барлар мен мейрамханалардың ғимаратына кіруге рқөсат етілген. Бір үстелде төрт адамға дейін отыра алады

-        Спорттық ареналар жұмыс істейді, бірақ олардың толуы 25%-болуы тиіс

-        Коменданттық сағат 23-тен басталады - 21 маусым толығымен жойылады

7 маусымда Италияның үш аймағы «ақ аймақ» деп жарияланды, өйткені оларда жұқтыру қаупі жоқ. Жалғыз шектеулер – ғимарат ішінде маска киіп, әлеуметтік арақашықтық сақталуы тиіс.

Егер елде жұқтырғандар саны төмендей берсе, онда 7 және 14 шілдеде Рим мен Миланды қоса алғанда тағы бірнеше аймақтар қауіпсіз деп жарияланады деп жоспарланып отыр.

Дания

Данияда барлық мекемелер жұмыс істейді, алайда үкімет 15 жастан асқан адамдарға «коронавирус паспорттын» енгізді. Төлқұжатты қағаз түрінде де, телефон арқылы да алып жүруге болады.

Төлқұжатта:

-        Вакцина алғандығы туралы ақпарат

-        Вирус жұқтырып, жұқтырмағандығы туралы

-        Соңғы 72 сағат ішінде коронавирус сынағынан өтіп-өтпегені жайлы ақпарат

Бұл құжат кинотеатрларға, мұражайларға, шаштараздар мен кафелерге кіру үшін қажет. Ел ресми түрде бекітілген вакциналарды ғана растайды, оның ішінде Sputnik V вакцинасы жоқ.

Грекия

Грекия үкіметі вакцина алғаны туралы анықтама немесе вирустың теріс сынағы көрсетілген анықтамасы бірқатар туристерге елге кіруге рұқсат береді. Сонымен қатар,  "Спутник V" препаратын алған туристер де елге кіре алады. Барлық қоғамдық орындарда маскалық режим сақталады.

Ел ішінде төмендегідей ережелер бар:

·       Барлар мен мейрамханалар ашық, бір үстелде ең көбі алты адамнан артық отыруға болмайды.

·       Коменданттық сағат 00:30-да басталып, таңғы беске дейін созылады.

·       Мұражайлар мен ежелгі сәулет ескерткіш кешендері келушілер үшін ашық.

Польша

Үй-жайларда маскалық режиммен қатар,  1,5 метр арақашықтықты сақтау міндеттеледі.

Елде төмендегі мекемелер  келушілерді қабылдайды:

·       Қонақ үйлер, дүкендер, мейрамханалар мен барлар өз жұмысын жалғастыруда.

·       Мұражайлар, галереялар, кино және театрлар 50%-ға дейін толымдылықпен келушілерді қабылдай алады.

6 маусымда спорт залдары мен ойын-сауық саябақтарын ашу, сонымен қатар 150 адамға дейін қонақтармен үйлену тойына рұқсат беру жоспарлануда.

Испания

7 маусымнан бастап Испания барлық туристерді қабылдайды. Алайда, билік тек Еуропада ресми түрде мақұлданған дәрі-дәрмектермен жасалған вакцинаны ғана мақұлдайды. Олардың қатарына ресейлік "Спутник V" жоқ. Бұл Ресей, Орта азия мемлекеттері азаматтарының көпшілігі үшін ел жабық екенін білдіреді. Кіру үшін көптеген елден келген туристер әлі де коронавирусқа теріс тест ұсынуы керек.

Дүкендер, барлар, мейрамханалар мен мұражайлар ашық, бірақ маскалық режимді сақтау міндеттеледі.

Бельгия

Бұл елде барлық дүкендер жұмыс істейді, ал кафелер мен мейрамханалардың террассалары қонақтарды мамыр айынан бастап қабылдайды, бірақ бір компаниядағы адамдар саны он адамнан аспау міндеттеледі.

Егер ел бойынша вирус жұқырғандар саны 500 пациенттен аз болса, мейрамханалар қонақтарды ғимарат ішінде қабылдауға рұқсат беріледі.

Португалия

Португалияда пандемияға байланысты енгізілген көптеген ережелер жойылды, бірақ елдегі төтенше жағдай 13 маусымға дейін ұзартылды. Ресейлік, қазақстандық туристер үшін Мадейра аралын қоспағанда ел жабық, тек коронавирусқа теріс сынағыңыз болған кезде ғана келуге рұқсат.

·       Маскалық режимді сақтау міндетті. Жұмыс күндері дүкендер кешкі тоғызда жабылады (демалыс күндері - кешкі жетіде).

·       Мейрамханалар мен кафелер мекемеге келушілерге қызмет етеді, бірақ ең көбі - бір үстелге алты адамға дейін (терассада он адамға дейін отыруға болады).

Нидерланды

Бесінші маусымда Нидерланды үкіметі локдаунның төменгі деңгейіне көшті: мекемелердің барлық санаттары ашылды. Бірақ көптеген мемлекеттердің, соның ішінде ресейлік, қазақстандық туристер үшін ел әлі де жабық.

Елде келесі шаралар қолданылады:

·       Қонаққа төрт адамға дейін баруға рұқсат етіледі.

·       Мейрамханалар мен кафелер қонақтарды ғимарат ішінде немесе террассаларда қабылдайды.

·       Үстелде төрт адамнан артық отыруға болмайды. Үстелде арақашықтығы 1,5 метрді сақтау міндеттеледі.

·       Мұражайлар мен тарихи ғимараттар қайтадан ашылды.

30 Маусымда тағы бірқатар карантиндік ережелер жойылуы мүмкін. Бұл туралы шешім 22 маусымда қабылданады.

Ирландия

Екінші маусымда туристер үшін қонақ үйлер ашылды. Мейрамханалар мен барлар алты адамнан тұратын топтарға ашық.  25 қонақпен үйлену тойын ұйымдастыруға рұқсат етілген.

5 шілдеге қарай карантин шаралары жеңіллденеді деп жоспарланған.

ДДҰ: Коронавируспен өмір сүруді үйрену керек

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың толық жойылып кетуіне күмәнмен қарайтынын жеткізді. ДДСҰ өкілі доктор Дэвид Набарроның айтуынша, вирус вакциналар немесе дәрі-дәрмектер арқылы жойылатына үміт артпау керек дейді.

"Адамдар бұл вируспен өмір сүруді үйренуге мәжбүр. Жаңа штаммдар пайда болып, жұқтырғандар санының көбеюі және инфекцияның жаңа ошақтары пайда бола береді, біз оған үйренуіміз керек", - деді доктор Набарро Sky News-ке берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бүкіл әлем жаңа штамдардың пайда болуына таңдануды тоқтатуы керек. Бұл жақын болашақта жиі кездесетін болады.

Барлық жаңалықтар