- Басты
- Covid-19: эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз
Covid-19: эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов бірқатар мәлімдеме жасады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Оның хабарлауынша, Қазақстанда бүгінгі күні COVID-19-дың оң нәтижесімен 152 460 науқас және КВИ-мен 45 442 жағдай тіркелген.
«Қазіргі таңда аурудан айыққан адамдардың пайызы 87%-ға дейін өсті, ал маусым-шілде айларында бұл пайыз 60% - дан асқан жоқ. Елімізде эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығы сақталып отыр. 28 желтоқсандағы жағдай бойынша республика тәуекел дәрежесі төмен аймақтан тәуекел дәрежесі орташа аймаққа – жасыл аймақтан сары аймаққа ауысты. Тәуекел дәрежесі жоғары немесе қызыл аймақта Атырау облысы қалды және Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары осы аймаққа ауысты. Сары аймақта немесе тәуекелі орташа аймақта – 3 өңір: Солтүстік Қазақстан облысы, Нұр-Сұлтан қаласы Алматы», - деді бірінші вице-министр.
Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына бірден бір себеп карантин шараларының сақталмауы. Дегенмен қазіргі ахуалды коронавирустың екінші кезеңі деп айта алмаймыз. Егер төсек-орындардың 70 пайызы толса, онда екінші кезең деуге болады
Шорановтың айтуынша, тыйым салуларға қарамастан, адамдар жаппай іс-шараларға қатысуды және өткізуді тоқтатпай отыр.
«Коронавирустық инфекцияның жергілікті ошақтары көбінесе үлкен шараларда көп адамның жабық жерде ұзақ уақыт болуына байланысты орын алады. Карантиндік шараларды бұзу туралы сигналдар күнде келіп түседі. Тыйым салуларға қарамастан, адамдар жаппай іс-шараларға қатысуды және өткізуді жалғастыруда, бұл эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына теріс әсерін тигізеді. Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында баршаңызды коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын сақтауға шақырамын. Халық көп жиналатын орындарға бармау, ұжымдық іс-шараларды, ертеңгіліктерді, корпоративтерді өткізбеу және қатыспау, ағзаның салқындауына жол бермеу. Ең бастысы - тәуекел тобындағы туыстарыңыз бен жақындарыңызға қауіп төндірмей қарым-қатынас жасау және құттықтау үшін заманауи қашықтан байланыс құралдарын пайдаланаңыздар», - деді ол.
19 желтоқсанында құрамына 3 мың ерікті кіретін қазақстандық вакцинаны зерттеудің үшінші кезеңі басталды. Клиникалық база ретінде Алматы мен Тараздағы медициналық ұйымдар анықталды. Вакцинаның нақты нәтижесі қаңтар айында көрінеді. Қазақстандық вакцина клиникалық зерттеулердің екінші кезеңінің қорытындысы бойынша жоғары тиімділікті көрсетті – 96%, ал ресейлік вакцина – 92% – дан сәл төмен көрсеткішке ие болған.
Шетелдік вакциналарға қатысты: біз кандидат вакциналардың барлық өндірушілерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, олар вакцинаны тіркей және біздің еліміздің аумағына әкеле алатын нұсқаларды пысықтап жатырмыз. Алайда, сол Pfizer вакцинасын сақтау, тасымалдау шарттары өте қатал. Біз -70° - қа дейінгі температуралық режимді сақтауымыз керек, бұл оны кейіннен тасымалдау мен еліміздің аумағында қолдануды қиындатады, бірақ сонымен бірге біз, ең алдымен, отандық вакцина мен басқа да халықаралық өндірушілерге кең қол жетімділікті қамтамасыз етудің барлық мүмкін нұсқаларын пысықтаймыз»,- деді вице-министр.
-
Елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлады – Бас санитар дәрігер
-
COVID-19: Германия қатаң локдаунды 10 аптаға ұзартты, ал Малазиядағы төтенше жағдай 1 тамызға дейін жалғаспақ
-
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар
-
COVID-19: Ұлыбританияда қайтадан локдаун, Токио төтенше жағдай жарияламақ
-
ҚР Төтенше жағдай министрі қар құрсауында қалмаудың жолдарын түсіндірді
-
Елдегі эпиджағдай: Бірқатар аймақта карантин шаралары жеңілдетілуде
-
СҚО-ның дамуы: Зауыт-фабриканың іске қосылуы, инвестиция көлемінің артуы және өңірдегі эпиджағдай
-
Алматыдағы эпиджағдай: Тұрақтандыру қорында 8 млн дәрі-дәрмек бар, 3 көпсалалы клиника салынбақ
-
Жаңа жағдайдағы неке мен отбасы мәселелері
-
Коронавирустың екінші толқыны: Жағдай күрделі, бірақ бақылауда
-
ШҚО-ның дамуы: Білім саласы, ауыл шаруашылығы, ШОБ-ты қолдау шаралары, эпиджағдай туралы
-
Әлемдегі эпиджағдай: Румыниядағы өрттен 10 адам қайтыс болды, ал Австрия екінші рет ұлттық локдаун енгізді
-
COVID-19: Француздар карантин талаптарын жаппай бұзуда, ал Германия эпиджағдай бұдан әрі ушығатынын айтып отыр
-
Жастар үшін мүмкіндік: «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» жобасының ерекшеліктері
-
Әлемдегі эпиджағдай күрделі: Франция мен Германияда қайтадан карантин жарияланды

