• Басты
  • COVID-19: Елордада өкпесі жасанды желдетуге қосылғандар саны 4 есеге артты
17 Маусым, 2020 14:46

COVID-19: Елордада өкпесі жасанды желдетуге қосылғандар саны 4 есеге артты

Нұр-Сұлтан қаласындағы коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдаймен елорда қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова таныстырды. Оның сөзінше, ел астанасындағы эпидемиологиялық жағдай нашар, деп хабарлады  Strategy2050.kz тілшісі. 

COVID-19: Елордада өкпесі жасанды желдетуге қосылғандар саны 4 есеге артты

Елордалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша,17 маусымға Нұр-Сұлтан қаласында 2951 коронавирус инфекциясы жағдайы тіркелген. 

"Қазіргі уақытта елордада эпидемиологиялық ахуал нашарлады. 17 маусымға Нұр-Сұлтан қаласында 2951 коронавирус инфекциясы жағдайы тіркелді. Инфекция жұқтырғандар саны өсуде. Дәрігерлерге, медбикелерге және коронавирус инфекциясымен жұмыс істейтін барлық басқа қызметкерлерге үлкен міндет жүктеліп отыр. Үш айдан бері дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Соңғы 3 күнде күн сайын орта есеппен 150-ден астам КВИ ауруы тіркелуде. Олардың 50 пайызы - індеттің сиптомсыз түрімен ауыратындар", - деді Сәуле Қисықова.

Сонымен қатар басқарма басшысы жедел жәрдем шақыру санының артқанының тілге тиек етті. 

"Өткен тәулік ішінде жедел жәрдем шақыру саны 3,5 есе артып, 3700-ге жетті. 2 мыңнан астам соғылған қоңырауға қызмет көрсетілді. Тек КВИ нысанындағы қоңыраулар саны соңғы тәулік ішінде 427-ге дейін жетті, яғни 8 есе өсті. Өткен тәулікте қоңыраулар мен жедел шақыруларға 110-нан астам жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді. Бақытымызға орай, жылдың басында біз елуден астам автокөлік сатып алдық, бұл аз да болса жүктемені азайтуға көмектеседі. Сонымен бірге емханалар деңгейіндегі көліктер қосымша тартылды", - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ коронавирус мәселелері бойынша тұрғындардың кері байланысын күшейту үшін жедел жәрдем станциясында қосымша байланыс орталығы құрылды.

                            Елордада коронавирусты анықтайтын 8 зертхана жұмыс істейді

Қазіргі таңда Сәуле Қисықованың айтуынша, бұрын бір зертхана жұмыс істесе, қазір қалада 5 мыңға дейін зерттеу жүргізетін 8 зертхана жұмыс істеп тұр.17 маусымда шамамен 170 мың тест өткізілген. Ал қазір 40 мыңнан астам тест қолжетімді.

Сонымен қатар ПЦР тесттер мен өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алу жұмысы жүріп жатыр. 

"Зертханалық қызметке өте үлкен жүктеме түседі, тесттер тек симптомдары бар және жақын байланыстары бар адамдарға қажет. Тесттердің жетіспеушілігін және нәтижелерді жедел өңдеуге жол бермеу үшін, басқалардың барлығына тест тапсырудың қажеті жоқ", - деді Сәуле Қисықова.

Оның сөзінше, зертхананың 20-дан астам қызметкері (вирусологтары) індет жұқтырған. Олар күні-түні, тәулік бойы жұмыс істеді. Сондықтан басқарма басшысы отбасында дүрбелең туғызбай, зертханалық қызметке ауыртпалық түсірмей, ешқандай себепсіз тестілеудің қажеті жоқ екенін еске салды. Қазақстандықтарды тек дәрігерлердің барлық ұсыныстарын орындауға шақырды.

"Бүгін таңертең жұқпалы және уақытша ауруханалардағы адамдар саны 1711 адамды құрады. (Бұл орын сыйымдылығының 90%-ы), оның ішінде 80 адам реанимация бөлімінде, ал өкпені жасанды желдетуге қосылған адамдар 4 есеге артты. Олардың 91%-ның жағдайы - орташа ауыр. 9% -ы ауыр және өте ауыр, олар дереу реанимация бөліміне түсетін болады деді Сәуле Қисықова.

Сонымен бірге басқарма басшысы жыл басынан күніне орта есеппен пневмониямен ауруханаға 5 пациент келіп түссе, маусым айынан бастап күн сайын орта есеппен 500 адам келіп түскенін айтып өтті. 

Бүгінгі таңда қаладағы жұқпалы ауруханаларда КВИ жұқтырған аналардан 17 сәби дүниеге келді. КВИ-і бар 112 әйел бар болса, олардың 78-і жүкті әйелдерге арналған ауруханаларға орналастырылған.

Сонымен қатар 12 маусымнан бастап провизорлы стационарлардағы төсектің саны 300-ден 705-ке дейін артты.


                             Қандай қосымша шаралар қабылданады

- Жеке перзентхана немесе COVID-перинаталды орталығы ашылады

- COVID орталығында Негізгі әскери госпиталь ашылады

- 230 төсегі бар тағы бір емхананы жұқпалы ауруларға арналған ауруханаға ауыстырылады

Оның айтуынша, қалалық медициналық ұйымдарда 3,5 мың дәрігер және 8 мың орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Қаладағы халық саны 1 миллион 200 мың адам. Сонымен бірге егер қала тұрғындары карантин талаптарын орындамай, бейқам жүре берсе, дәрігерлер мен төсек саны жетпейтінін еске салып, барлығына дер кезінде көмек берілмейтінін атап өтті. 

"Осы уақытқа дейін біздің қаламыздың көптеген тұрғындары коронавирус инфекциясы жағдайының ауырлығын бағаламай келді. Адамдардың бейқамдығының салдарынан медицина қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар ауруханаларда төсек орындары жетіспеуі мүмкін. Азаматтардың салғырттығы Италияда орын алған жағдайға жеткізбеуі керек. Мәселен, италияда пациенттер дәлізде жатқанда механикалық желдету немесе медициналық қызметкерлер жетіскен жоқ. Сіздің денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы ең алдымен сізге байланысты", - деді басқарма басшысы. 


                      Коронавирустық инфекция тесті оң нәтиже көрсеткенде не істеу керек

- Үйден шықпаңыз, бетперде киіп, оқшаулану керек

- Күніне кемінде 3 рет термометрия жүргізу қажет

- Жеке гигиена шараларын сақтау керек

- Жеке ыдыс-аяқ қолдану

- Бөлмені желдету

- Температура 38 градустан асқанда, 500 мг парацетамол қабылдаңыз. Сонымен қатар күніне бір рет, аспирин 150 мг қабылдау керек

- Денсаулығыңызға байланысты шағымданғыңыз келсе, жедел-жәрдем орталығына немесе сіз орналасқан аумаққа жататын емханаларға хабарласуға болады

- Біз әсіресе қаупі жоғары топтағы пациенттерге назар аударғымыз келеді. Бұл 65 жастан асқан адамдар және жүрек-қан тамырлары, эндокриндік жүйенің, қатерлі ісік аурулары бар адамдарға, сондай-ақ ағза мүшелері трансплантацияланғаннан кейінгі адамдарға назар аударамыз. Олар өзін-өзі емдемеуі керек, дереу жергілікті дәрігерге хабарласуы тиіс

- Коронавирустың асимптоматикалық тасымалдаушыларын емдеу үшін астаналық медицина қызметкерлері телемедицинаға көшті: олар денсаулықты бейне қоңыраулар және басқа байланыс арналары арқылы бақылайды және инфекцияның асимптоматикалық тасымалдаушыларының барлық мәселелері бойынша кеңес береді. Симптомдар пайда болған жағдайда науқастар ауруханаға жатқызылады.

Барлық жаңалықтар