• Басты
  • Жаңалықтар
  • COVID-19: Еліміздің бірқатар аймағында шектеу шаралары енгізілсе, әлем елдері локдаунға қайта оралып жатыр

COVID-19: Еліміздің бірқатар аймағында шектеу шаралары енгізілсе, әлем елдері локдаунға қайта оралып жатыр

4 Қараша, 2020 17:13

Коронавирус пандемиясы салдарынан бүкіл әлемде вирус жұқтырғандар саны 46 миллион адамнан асты, ал миллионнан астамы қайтыс болды. Еуропа мен басқа аймақтардың тұрғындары жаңа локдаун енгізіп, соған байланысты экономикалық қиындықтардың алдын алу үшін түрлі шараларды қарастыруда. Көптеген елдерде, оның ішінде Еуропада локдаунға қарсы наразылық көбейді, тіпті оның соңы зорлық-зомбылыққа ұласуда. Испания, Италия, Чехия және Германияда полициямен қақтығыстар болып жатыр. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебресиес соңғы байланысқа түскен адамдардың бірінде коронавирус анықталғаннан кейін, өзін-өзі оқшаулады. Бірақ ол өзінде коронавирустың ешқандай белгілері байқалмағанын мәлімдеді, десе де  ұйым басшысы ДДҰ хаттамасына сәйкес әрекет етуге міндетті екенін жазды. 

Мұнайдың әлемдік бағасы көптеген елдер қатаң шектеу шараларын қолданғаннан кейін бес айлық ең төменгі деңгейге жетіп отыр. Азия қор биржаларында дүйсенбідегі сауда-саттық Brent маркалы мұнай құнының айтарлықтай төмендеуімен ашылды, қазір ол барреліне 35,7 доллардан саудалануда - бұл мамыр айынан бергі ең төменгі деңгей. Жыл басынан бері Brent 45% -ға арзандады. 

Сарапшылар әлем елдерінде жаңадан енгізіліп жатқан локдаун экономика дамуының баяулауына әкеліп соқтырады,сонымен қоса салдарынан мұнайға деген сұраныстың төмендеуіне әкелуі мүмкін екенін айтады. 

Соңғы екі апта ішінде Францияда, Испанияда, Германияда, Италияда және Ұлыбританияда ішінара немесе толықтай локдаун енгізілді. Сондай-ақ, АҚШ-тағы алдағы сайлаулар нарықтағы жағдайға әсер етуде. 

Словакия 

Словакияда 10 жастан асқан барлық азаматтарды тестілеу басталды. Барлығы екі апта ішінде 4 миллион адам тестілеуден өтеді. Биліктің пікірінше, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауы жағдайында бұл бүкілхалықтық локдауннан сақтанудың бірден-бір жолы. 

Испания 

Испания бойынша жерлеу бюролары ереуілге шығып, қызметкерлер санын көбейтуді талап етуде, өйткені коронавирустан қайтыс болғандар саны күн санап артып келеді. Кәсіподақтар көп ұзамай адамдар елде эпидемия басталған кездегідей жерлеу рәсімін кешеуілдетуі мүмкін дейді. Джон Хопкинс Университетінің мәліметтері бойынша Испанияда ауру саны 1,1 миллион адамнан асып, 35,8 мың адам қайтыс болды. 

Германия 

Германияда жеңілдетілген локдаун бір айға енгізілді, шектеулер негізінен спорт, ойын-сауық және мейрамхана секторларына әсер етеді. Тамақтандыру мекемелері тек алып кету қызметтерін көрсете береді. Көшеде тек екі отбасының мүшелері болатын 10 адамға дейін жиналуға болады. Шағын бизнеске тек мемлекет тарапынан қолдау болатынына сенімді болып отыр. Ал мектептер, дүкендер мен кеңселер әдеттегідей жұмысын жалғастырады. 

Бельгия  

Пандемияға ең көп ұшыраған Еуропа елдерінің бірі - Бельгия да қатаң шектеу шараларын енгізді. Франциядағы секілді мұнда да түнде коменданттық сағат енгізілген. Ал азық-түлік дүкендерінен басқа сауда орындары жұмысын тоқтатады. 

11,5 миллион тұрғыны бар елде коронавирустан қайтыс болғандар саны 11 мыңнан асты. Өткен аптада аурудың жаңа жағдайларының күнделікті статистикасы орта есеппен 15,8 мыңды құрады. Бүкіл ел бойынша ауруханалар жедел режимде жұмыс істейді.  

Италия 

Италия үкіметі карантин режимін енгізуге дайындалып жатыр, атап айтқанда аймақтар арасындағы қозғалыс шектеледі. Жаңа локдаунға қарсы іс-шаралар бүкіл елде өтіп жатыр. Шағын және орта бизнес өкілдері жаңа шектеулер вирустан да қауіпті екенін айтып отыр. Ең қатты наразылық осы көктемде бірінші толқын кезінде пандемияның алғашқы еуропалық эпицентрі болған Ломбардияның солтүстік аймағында болған еді. 

Ұлыбритания 

Англия бейсенбіден бастап 2 желтоқсанға дейін созылатын локдаунға дайындалып жатыр. Өткен демалыс күндері премьер-министр Борис Джонсон бұл шараны жариялады. Ұлыбританияда ауру саны миллионнан асты және күн өткен сайын артып келеді. 

Бұған дейін ғалымдар қазіргі нақты жағдайдың эпидемиолог мамандардың күзге жасағана болжасдарынан 4 есеге нашарлай түсті. 

Сонымен қатар, Sage үкіметі жанындағы ғылыми кеңес локдаунды бұдан да ертерек, яғни екі апталық күзгі демалыс кезінде енгізу керек екенін айтуда. 

Профессор Эндрю Хейвордтың пікірінше, бұл мыңдаған адамдардың өмірін сақтап қалуға және экономикаға аз зиян келтіруге септігін тигізетін еді. Оның айтуынша, Ұлыбритания үкіметі вирусты тағы да жеткілікті деңгейде бағаламады. Алдын алу шараларын кешігіп енгізіп жатыр деп есептейтінін айтты.   

Бейсенбіден бастап Англияда барлық ойын-сауық орындары, пабтар, мейрамханалар, спорт залдары, бассейндер және аса маңызы жоқ дүкендер жабық. Бұл локдаунның көктемгі локдауннан айырмашылығы - мектептер, колледждер мен университеттер ашық. Уэльстің, Шотландияның және Солтүстік Ирландияның өздерінің карантин ережелері бар.

АҚШ

Америка Құрама Штаттарының бас эпидемиологы Энтони Фаучи Вашингтон Постқа берген сұхбатында бір күн бұрын АҚШ пандемияның өте ауыр зардаптарына дайындалуы керек деп мәлімдеді және Ақ үйге екі үміткер - Дональд Трамп пен Джо Бэйденнің мәселесіне көзқарасын білдірді.

Фаучи елдегі жағдайдың нашарлауына бірнеше рет қазіргі әкімшілікті кінәлады. Ал Трамптың командасы Фаучи бастаған ғалымдарды сейсенбідегі президент сайлауы қарсаңында саяси ойындар өткізді деп айыптады. 

АҚШ коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша әлемде алдыңғы қатарда келеді, яғни 9,2 млн адам жұқтырса, 231 мың қайтыс болды. 

Португалия 

Бүгіннен, яғни сәрсенбіден бастап Португалияның көп бөлігінде локдаун енгізіледі. 

Франция 

Франция Парижде және оның маңында түнгі коменданттық сағат енгізу мәселесін қарастыруда, өйткені локдаун ережелері тұрғындар тарапынан көп бұзылып отыр. 

Көктемде Франция Еуропадағы ең қатаң локдаун енгізгенінің арқасында инфекцияның таралуын тоқтата алды, бірақ бұл сынақ француздарға оңайға түскен жоқ. Денсаулық сақтау министрі Оливье Веранның айтуынша, Парижде әр 30 секунд сайын бір адам инфекцияны жұқтырады, ал ауруханаға 15 минут сайын жаңа коронавирус жұқтырған науқас түседі. Жаңадан енгізілген локдаун туралы соңғы шешім президент Макрон мен министрлер кабинеті мүшелерінің кездесуінде қабылданады.

Сейсенбіде тәулік ішінде коронавирустың салдарынан қайтыс болған француздар саны 854-ке өсті, бұл елде 15 сәуірден бастап есептегенде қайтыс болғандар санының артқанын көрсетеді. Сонымен қатар, ауруханаларда Covid-19-бен ауыратын тағы мың науқас бар, мұндай өсім соңғы тоғыз күнде бесінші рет байқалып отыр. 

Швеция 

Коронавирус пандемиясы басталғаннан бері локдаун енгізуден бас тартқан Швеция сейсенбіде коронавирусты жаңадан жұқтырған 10177 жаңа жағдай тіркелгенін хабарлады. Сондай-ақ, 31 адам қайтыс болған. Ал COVID-19-дан қайтыс болғандардың жалпы саны 5969-ға жетті.  

«Біздің елдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлай түсті», - деді Швеция премьер-министрі Стефан Левен баспасөз конференциясында. - Реанимация бөлімшелеріндегі орындар коронавируспен ауыратын науқастарға көбірек беріліп жатыр, сондықтан жазда алған тынығуымыз аяқталды», - деді ол. 

Левен сонымен қатар елдің үш жаңа аймағына қатысты қатаң ережелер енгізілгенін жариялады және мейрамханалардағы үстелге 8 адамнан артық адам отырмауға бұйрық берді. 

Соңғы апталарда Швецияда инфекция жұқтырғандар саны көктемгі санынан асып түсті. Швецияда жан басына шаққанда коронавирустың өлімі басқа Скандинавия елдеріне қарағанда бірнеше есе жоғары, бірақ бұл Еуропаның Испания немесе Ұлыбритания сияқты ірі елдерінен айтарлықтай төмен. 

Солтүстік Корея 

Оңтүстік Кореяның барлау қызметтерінің хабарлауынша, өз елінде бірде-бір адам коронавируспен ауырған жоқ деп мәлімдеген Солтүстік Корея диктаторы Ким Чен Ын коронавирустан қорғану үшін шұғыл шаралар қабылдауда.  

Коронавирустың таралуын алдын алу үшін бұған дейін ешқандай күзет қойылмаған Қытаймен арадағы  шекараға миналар қойылған. 

Солтүстік Кореяның өзінде коронавирусты жұқтырғандарға келетін болсақ, олар Қытаймен шекарадағы карантиндік жасырын лагерлерге жіберіліп жатыр, деп Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін христиан қайырымдылық ұйымдарының өкілдері хабарлады. Бұл ұйымдардың пікірінше, оларға тиісті медициналық көмек көрсетіліп қана қоймай, адамдар аштықтан өліп жатқан көрінеді. 

Басқа жағдайларда, коронавирустың белгілері бар адамдар жай өз үйлерінде қамалады, ал егер олардың достары мен отбасы азық-түлік жеткізуге дайын болмаса, олар да аштан өлуге мәжбүр екен. 

Оңтүстік Корея 

Сонымен қатар, Оңтүстік Кореяда соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 75 жаңа жағдайы анықталып, науқастардың жалпы саны 6807-ге жетті. 

Сонымен бірге, елдегі өлім саны салыстырмалы түрде аз (472), ал коронавирустан қайтыс болғандар 1,76% құрайды. 

Ресей 

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының күн сайынғы өсуі бесінші күн бойына 18 мыңнан асып келеді. Новосибирск билігі барлық күшті коронавирусқа қарсы күреске жібергендіктен, күнделікті медициналық көмек көрсетуден жартылай бас тартып отыр. Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі елде ауруханалардың жүктемесіне байланысты проблемалар мен кадрлардың жетіспеушілігі бар екенін мойындайды. 

Өткен тәулікте Ресейде Covid-19-дың тағы 18 648 жағдайы тіркелді, 355 науқас қайтыс болған. Жаңа жағдайлардың саны алдыңғы күнмен салыстырғанда (18 260) көп, бірақ жексенбіге қарағанда, барлық пандемия кезіндегі ең көп инфекция жұқтырғандар саны тіркелді (18,665). Сенбі мен жұмада күн сайынғы өсім 18 мыңнан асып түсті (18 140 және 18 283). Осылайша, бесінші күн қатарынан Ресейде 18 мыңнан астам тіркелген. 

Ресейде жалпы пандемия кезінде коронавирус жұқтырғандар саны 1 673 686-ға жетті. Ал 1 251 364 адам емделіп шыққан, өкінішке орай, 28 828 науқас қайтыс болды. 

Қазақстан 

Eлiмiзде өткен тәулiкте 432 адамда коpонавиpус iндетiн жүұтыpғаны белгiлi болды. Олаp ПТP аpқылы pасталған. Аймақтаp бойынша атап айтсақ, елоpдада – 31, Алматы қаласы – 23, Шымкент қаласы – 1, Ақмола облысы - 28, Ақтөбе облысы – 5, Алматы облысы – 13, Атыpау облысы – 9, Шығыс Қазақстан облысы – 197, Жамбыл облысы – 4, Батыс Қазақстан облысы - 14, Қаpағанды облысы – 16, Қостанай облысы – 17, Павлодаp облысы - 41, Солтүстiк Қазақстан облысы – 33. 

Ал жалпы Қазақстан бойынша ауыpғандаp саны 113741-дi құpап отыp. Сонымен қоса елiмiзде өткен тәулiкте 177 адам коpонавиpус iндетiнен емделiп шыққан. Қазақстан бойынша емделiп шыққандаp саны – 106893-ке жеткен. 

Бұдан бөлек, министpлiк беpген мәлiметке сүйенсек, 26 қазан және 1 қаpаша аpалығында Қазақстанда коpонавиpус инфекциясынан 32 адам қайтыс болған. 

Бүгiн COVID-19-дың таpалуына жол беpмеу мәселелеpi жөнiндегi ведомствоаpалық комиссияның төpағасы, Пpемьеp-Министpдiң оpынбасаpы Еpалы Тоғжанов Ақмола облысындағы эпидемиологиялық жағдайды тұpақтандыpу мақсатында 9 қаpашадан бастап облыс әкiмдiгiне бipқатаp шектеу шаpасын қабылдауды тапсыpды. 

Бұдан бөлек айта кету кеpек, Солтүстiк Қазақстан облысында да шектеу шаpалаpы күшейтiлiп, Пpетpопавл қаласы каpантинге жабылды.

Барлық жаңалықтар