• Басты
  • Жаңалықтар
  • COVID-19: Денсаулық сақтау минситрлігінің өкілдері өзекті сұрақтарға жауап берді

COVID-19: Денсаулық сақтау минситрлігінің өкілдері өзекті сұрақтарға жауап берді

18 Қыркүйек, 2020 19:28

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов апта сайынғы елдің эпидахуалымен таныстырды. Коронавирусқа байланысты елде қалыптасқан жағдай туралы Strategy2050.kz тілшісінің шолу материалынан оқи аласыздар.


Бағдат Қожахметов жағымды жаңалықтан басталды. Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұрақты Өңірлік комитетінің төрағасы болып сайланыпты. Қазақстан өкілінің Төраға бойып сайлануы тарихта тұңғыш рет болып отыр. Қожахметовтың айтуынша, бұл – өте маңызды оқиға.

Бұған дейін Қазақстан 1995-1997 жылдар аралығында аталған Комитеттің қатысушысы болған. Енді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының 70-ші сессиясының төрағасы болды. Комитетте 12 елдің өкілдері бар. Тұрақты комитеттің жұмыс кеңестері жылына кемінде 4 рет өткізіледі. Ал ұсынымдар қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер мен стратегиялық құжаттар өңірдегі мүше мемлекеттер үшін міндетті болып табылады. ДДСҰ бағалауы бойынша, мұндай шешімдер Еуропалық Одақтың, Орталық және Шығыс Еуропаның, Кавказ бен Орталық Азияның 900 миллион тұрғынының денсаулығы мен әл-ауқатына әсер етеді, - деді Б.Қожахметов.
Бағдат Қожахметов бұл жаңалықтан соң дәл қазіргі эпидемиологиялық жағдайды қысқаша баяндады. Оның айтуынша, елде аурудың таралауы біршама төмендеген.

Бүгінгі таңда елімізде 107 134 науқас тіркелген, соңғы тәулікте 78 адам COVID-19-бен ауырған. 3835 адам емделуде. Өкінішке орай, 1689 азамат қайтыс болды. Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның 30579 ықтимал жағдайы (ПТР) тіркеліп, 26533 адам емделді, қайтыс болғандар саны 337 адам.

Қожахметов коронавирусқа ұқсас пневмония ауруымен ауырып жатқандар туралы айтты.

14 қыркүйекте Coronavirus.kz сайтында КВИ-ге ұқсас пневмониядан айыққан 6 853 пациент туралы ақпарат жарияланды, ал 15 қыркүйекте бұл сан 26 335 адамды құрады. Мұндай күрт өсу 1 тамыздан 13 қыркүйекке дейін стационарлық, амбулаториялық деңгейде және үйде емделген барлық пациенттердің мәліметтер базасына енгізілуіне байланысты болды. Осылайша, біз Қазақстанда коронавирустық инфекцияға ұқсас пневмониядан сауыққандардың саны ауырғандар санынан асып түсті деп айта аламыз, - деп нақтылады ведомство өкілі.
Қожахметов үш минуттық регламентте осы ақпараттармен ғана бөлісті. Модератор кезекті ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожаповаға берді.

Оның айтуынша, теміржол, теңіз, өзен көлігі, автоөтпе жолдардағы өткізу пункттері арқылы келгендер термометриядан, сауалнамадан өтеді және COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтама ұсынады. Бұл құжат 5 тәуліктен соң жарамсыз болып қалады. Егер құжатыңыз болмаса, онда сіз шекарада тест тапсыруыңызға тура келеді.

Әуе рейстері бойынша бірінші санатқа 12 ел кірді. Енді мына елдерге жол ашық: Қытай, Тайланд, Моңғолия, Малайзия, Египет, Гонконг, Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур, Германия, Беларусь, Әзірбайжан. Бұл елдерден ұышып келгендер тек термометрия мен сауалнамадан өтеді. Екінші санатқа 21 ел кірді. Термометрия мен сауалнамадан басқа, оларда КВИ жоқтығы туралы анықтама болуы тиіс, - деп түсіндірді Қожапова.

Қожапова карантиндік шектеу шараларының жеңілдеуіне қатысты жаңа ақпарат айтты.

16 қыркүйекте ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 53 қаулысына қол қойылды. Оған сәйкес тиісті жеңілдіктер енгізілді. Балалар кабинеттерінде, түзету орталықтарында білім беру топтары 5-тен 15 адамға дейін ұлғайтылды. Мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда және өзге де ұйымдарда, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінде қызметкерлердің кемінде 50 пайызы қашықтан жұмыс істеу нысанында болуы тиіс. Ашық ауада және ұжымдық іс-шараларды өткізбей, залда 50-ден аспайтын орын санымен қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Сән салондары, шаштараз және косметологиялық кабинеттер демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат берілді, - деді ол.
Қазақстан онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы Диляра Қайдарова пандемия кезінде онкологиялық ауруханалардың жұмыс істеуі туралы баяндады. Оның айтуынша, коронавирус жұқтырған онкологиясы бар науқастар ковидтан толық айықпайынша, арнайы ем-шара жүргізуге тыйым салынғанын айтты. Өйткені, онкологиялық ауруларды емдеуде сәулелі терапия қолданылады. Бұл жұқпалы дерт кезінде аса қауіпті екен.

Егер онконауқас ковид ауруына шалдықса,.ол барлық халықаралық стандарт бойынша емдеуді тоқтатады. Коронавирус жұқтырған науқасқа химиотерапия, сәулелік терапия және хирургиялық емдеу қабылдауға қатаң тыйым салынады. Бұл ауруды асқындырып жібереді. Сондықтан ем алушыларымыз өзін қорғауы үшін қатаң ескертеміз. Науқаста коронавирустың жеңіл түрі болса, ол емханаға баруы керек немесе үйде 14 күн емделуі қажет. Содан кейін ПТР талдауы теріс нәтиже көрсеткенде емдеуді жалғастыра алады. Біз емдеуді тоқтатпаймыз., - деп хабарлады еліміздің бас онко дәрігері.

Қайдарованың баяндамасынан соң БАҚ өкілдері спикерлерге сауалдарын жолдады.

Сауалдар мен оған берілген жауаптарды қысқаша Strategy2050.kz тілшісі тарқатады:

Коронавирустың қайта жұғуы тіркелді ме?

Қожапова: Қазақстанда коронавирус инфекциясын қайта жұқтыру жағдайлары тіркелмеді. Бұл жаңа инфекция болғандықтан, оның қайтадан жұғуы мүмкіндігі туралы нақты айта алмаймыз. Өкінішке қарай, бұл сұраққа ешбір елде нақты жауап берілмей отыр. Осы орайда коронавируспен ауырған адам ұзақ бақылауда болған кезде ғана анықталуы ықтимал. Айтпақшы, бүкіл әлемде ковидпен қайта ауырған пациент тіркелмеген.

Күні кеше Зағипа Балиева депутаттық сауал жолдады. Ол ересектерге жаппай пневмококқа қатысты вакцина салуды ұсынды. Осыған қатысты министрліктің арнайы жоспары бар ма?

Б.Қожахметов: қазіргі уақытта дәл осы вакцинаны жаппай салу қажеттілігі жоқ.

Қазақстан Үкіметі 13 наурыздан бері коронавирус туралы барлық деректі халыққа ашық түрде жариялады. Алайда, шілде айының ортасынан бері коронавирустық пневмония туралы ақпараттар дұрыс жарияланбады. Қазақстан Үкіметі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқаулығын ескерген жоқ. Коронавирустық пневмония туралы ақпарат алу неге қиын?

Біз бұл сұраққа жиі жауап береміз. Біз ПТР тесттің расталған және расталмаған жағдайы бойынша статистиканы бөліп береміз. Мұндай ақпарат Қытайда, Бельгияда және т.б. елдерде бар. Барлық ақпарат ашық түрде ресми сайттарда жарияланған.

Коронавирус пневмониямен өкпе аппаратында жатқандар бар ма?

Бұл ақпаратты алдағы уақытта жариялаймыз.

Осы уақытқа дейін қосымша өтемақы алып келген сол жағалаудағы жедел жәрдем қызметі операторларының ақшасын осы айдан бастап төлемей қойған. Бұл жағдайдың себебі не?

Б.Қожахметов: Ондай фактілер болса бізге міндетті түрде деп нақты хабарлаңыздар. Жағдай орын алған өңір, аудан, аурухана – бәрі толық жазылу керек. Негізі медицина саласының кез келген қызметкері коронавирусқа шалдықса,өтемақы алу үшін жергілікті комиссияға өтініш берсе жеткілікті. Комиссия қарастырып шешім қабылдайды. Егер комиссия шешімімен өтеақы төлемеу туралы шешім болса, онда дәлелдеуге тырысу керек. Жалпы, шешім қабылданбаса, онда оның себебі бар деген сөз. Егер медицина саласының маманы тиісті санатқа сай келетін болса, онда оған міндетті түрде үстемақы төленеді.

Ашық аспан астындағы кинотеатрлар қалай жұмыс істейтін болады? Ережелері қандай, қанша адам бір мезгілде кино тамашалай алады?

Р.Қожапова: Ашық аспан астында өтетін ойын-сауық шаралар мен кинотеатрдың жұмыс істеу алгоритмі еліміздің бас санитар дәрігерінің 43-қаулысымен бекітілді. Міндетті түрде санитарлық талаптар сақталу қажет, билет тек онлайн сатылады, көрермендерді отырғызу арнайы ережеге сай жүргізіледі.

Шалғайдағы ауыл тұрғындарын дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін жылжымалы дәріханалар ұйымдастырылған ба?

Б. Қожахметов: Қалалар немесе үлкен елді мекендер медициналық көмек көрсету орталықтарымен, ауруханалармен, дәріханалармен нарықтың сұранысына орай қамтамасыз етілген. Бірақ, қазіргі кезде ауылдық жерлерде, әсіресе аз адам тұратын шағын ауылдарда медициналық көмек көрсету жоқ немесе деңгейі төмен десек болады. Сондықтан бұл қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігінің алдында тұрған маңызды мақсаттардың бірі саналады. Өздеріңіз білетіндей, 3,5 мыңнан астам жылжымалы ұтқыр бригадалар ұйымдастырылды. Олардың ең басты мақсаты - 1 сағаттың ішінде кез келген ауылдағы науқасты жақын арадағы ауруханаға жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсету. Қалалар немесе үлкен елді мекендер медициналық көмек көрсету орталықтарымен, ауруханалармен, дәріханалармен нарықтың сұранысына орай қамтамасыз етілген. Бірақ, қазіргі кезде ауылдық жерлерде, әсіресе аз адам тұратын шағын ауылдарда медициналық көмек көрсету жоқ немесе деңгейі төмен десек болады. Сондықтан бұл қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігінің алдында тұрған маңызды мақсаттардың бірі саналады. Өздеріңіз білетіндей, 3,5 мыңнан астам жылжымалы ұтқыр бригадалар ұйымдастырылды. Олардың ең басты мақсаты - 1 сағаттың ішінде кез келген ауылдағы науқасты жақын арадағы ауруханаға жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсету.

ҚР Денсаулық сақтау министрі журналистер алдына шығып, жеке брифинг береді?

Біздің жоспарымыз бойынша 30 қыркүйекте Алексей Цой байланысқа шығып, брифинг береді деп жоспарлануда. Министрдің әр минуты бос емес.

Бас санитар дәрігер лауазымында болған Айжан Есмағамбетованың қызметтен кетуіне не себеп?

Бұл қадам Бас санитар дәрігерінің мәртебесін көтеру мақсатында жасалғанын атап өткен жөн. Бас санитар дәрігер вице-министр лауазымын да қоса атқаратын болды. Осы шаралар бұл салаға ерекше назар аударуға және Қазақстанда санитарлар мен эпидемиологтардың жұмысын жақсартуға ықпал етеді.

Тұмауға қарсы вакцина қанша адамға салынды? Дәл қазір тұмаумен ауырып жатқандар көп пе?

Әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар, балалар мен зейнеткерлерге тегін вакцина салынып жатыр. Әрбір қазақстандық тұмауға қарсы вакцинаның дәл қазір маңызы өте жоғары екенін түсіну керек.

Брифингте 32 журналист барлығы 60 шақты сұрақ қойды. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов әр жұма сайын БАҚ өкілдерімен онлайн байланысқа шығып, елдегі жпидемиологиялық ахуал туралы сұрақтарға жауап береді.

Фото: ашық дереккөз

 

Барлық жаңалықтар