• Басты
  • COVID-19-дан қорғайтын вакцина қаншалықты тиімді
11 Қараша, 2020 18:02

COVID-19-дан қорғайтын вакцина қаншалықты тиімді

Ғалымдар коронавирустан 90 пайызға қорғайтын вакцина жасап шықты. Pfizer және BioNTech компанияларының вакцина әзірлеушілері бұл оқиғаны ғылым мен бүкіл адамзат үшін ұлы күн деп атады. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

COVID-19-дан қорғайтын вакцина қаншалықты тиімді

Клиникалық сынақтардан әлемнің алты елінен 43,500 адам қатысқан, сынақ барысында ешқандай кері әсер беретін жанама әсерлері байқалмаған. Әзірлеушілер жаңа вакцинаны қараша айының соңына дейін қолданысқа енгізу үшін жедел сертификаттау рәсімін жасауды жоспарлап отыр.

Мамандардың айтуынша, бұл вакцина соңғы кездері адамзат өміріне енген шектеулерден арылуға мүмкіндік бермек. Қазіргі таңда клиникалық зерттеулердің соңғы сатысында он шақты вакцина бар, бірақ бұл вакцина жоғары тиімділігі дәлелденген алғашқы вакцина болып отыр. Ол адамның иммундық жүйесін онымен күресуге дайындау үшін вирустың генетикалық кодының бір бөлігін енгізуді көздейтін эксперименттік тәсілге негізделген.

Осыған дейінгі өткізілген сынақтарға сәйкес, вакцина коронавируспен күресетін денеде антидене мен т-лимфоциттерін қалыптастырады. Вакцинаның екі дозасы үш аптадан кейін жасалады. АҚШ, Германия, Бразилия, Аргентина, Оңтүстік Африка және Түркиядағы клиникалық зерттеулер вакцинаның коронавирустан 90%-ға қорғайтыны 7 күннен соң белгілі болған.

Pfizer компаниясы биыл жыл соңына дейін 50 миллион дана вакцина, ал 2021 жылдың аяғына дейін шамамен 1,3 миллиард дана вакцина жасай алатынын айтты.

Алайда жаңа вакцина өте төмен -80 ° C температурасында сақталуы керек. Оның әрекет ету ұзақтығы да күмән тудырады, сонымен қатар әзірлеуші ​​компаниялар вакцинаның әртүрлі жас топтары үшін тиімділігі туралы деректерді әлі ұсынбаған. Осыған қарамастан, Pfizer-дің бас директоры доктор Альберт Бурла әзірлеушілер бүкіл әлемді вакциналармен қамтамасыз етіп, жаһандық дағдарыстан шығуға көмектесуге жақындады дейді. Ал, BioNTech негізін қалаушылардың бірі, профессор Угур Шахин жаңа вакцинаны үлкен жетістік деп атады. 

Дегенмен, әзірге вакцинаға қатысты мәліметтерді толық деп айту ерте, қазіргі деректер Covid-19 диагнозы қойылған алғашқы 94 ерікті емдеу нәтижелеріне негізделген. Сондықтан барлық нәтижелер өңделгеннен кейін оның тиімділігі туралы дәлірек мәліметтер пайда болады. Соған қарамастан, осы саладағы сарапшылардың бірі, Оксфорд университетінің профессоры Питер Холби вакцина туралы жаңалық оны қаунтақанын айтқан. Оның сөзінше, бұл вакцинаның көп дүниені өзгертуі үшін біраз уақыт қажет, дегенмен қауантарлық жағдай.

Әзірлеушілер қарашаның үшінші аптасында вакцинаны ресми мақұлдау үшін бақылаушы органдарға жүгінбек, сол кезде нақты ақпарат шығады дейді. Оған дейін ұлттық вакцинация науқандары басталмайды. Алайда Ұлыбритания қазірдің өзінде 40 миллион данасын алуға өтініш берді.

Дегенмен, Ұлыбританияда вакцинация желтоқсан айында басталуы мүмкін. Ел билігі ел тұрғындарын жаппай вакцинациялау үшін клиникаларға 150 миллион фунт стерлинг (шамамен 200 миллион доллар) бөлмекші. Бұл туралы ішкі істер министрі Мэтт Хэнкок мәлім етті. Толық тиімді болу үшін екі инъекцияны қажет ететіндігін ескерсек, 20 миллион адамға вакцина егуге болады.

«Егер де осы немесе басқа вакцина мақұлданса, біз вакцинацияның ауқымды бағдарламасына дайын боламыз», - деді Хэнкок парламентте сөйлеген сөзінде.

Министр ВВС-ге берген сұхбатында вакцинация бірінші кезекте қарттар үйінде жүргізілетінін және осы мақсатта аптасына жеті күн жұмыс істейтін жаттығу залдары мен клиникалар сияқты ірі орталықтарда қолданылатынын айтты.

Бразилия қытайлық вакцинаны сықтан өткізуді тоқтатты

Ал Бразилия билігі қытайлық Coronavac деп аталатын вакцинасының клиникалық сынақтарын тоқтатты. Өйткені жанама кері әсер беретіні анықталған. Жергілікті денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның 29 қазанда болғанын мәлімдеген, бірақ оқиғаның жай-жапсарын әлі жариялаған жоқ.

Алайда, Бразилияда тестілеу өткізген Бутан институты бұл шешімді қате деп санайды. Институт жетекшісі Димаш Коваш ешқандай жанама әсерлер тіркелмегенін, ал тестілерді тоқтату туралы шешімі ұйымдастырушылармен ақылдаспай қабылданғанын және бұл оның ашу-ызасын тудыратынын жеткізген.

Отандық вакцина

Осыған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) қазақстандық деактивті вакцинаны клиникалық зерттеулерге ресми түрде қосқаны туралы хабарланған еді.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген вакцина әлемнің 19 елінен клиникалық сынақтарға жіберілген 33 вакцина тізіміне енгізілді.

The Washington Post басылымы Қазақстанда жасалатын COVID-19 вакцинасын перспективалы, тәжірибелік 200 вакциналар тізіміне енгізген болатын.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинация тамыз айында басталды. КВИ-ден алғашқы вакцинаны орталық директоры Қайсар Табынов қабылдады. Оған Австралияда өндірілген COVAX-19 деп аталатын дәріні салған. Бұған дейін вакцина клиникалық зерттеулердің I кезеңінде екені хабарланған.

Барлық жаңалықтар
66.249.70.70, 192.168.88.100