• Басты
  • Жаңалықтар
  • COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді

COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді

20 Қыркүйек, 2021 16:57

Әлемде COVID-19 вирусының 228 206 406 жағдайы анықталған. Елімізде 20 қыркүйектегі мәлімет бойынша 70 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Оның ішінде 13 333 науқас стационарда, 56 967 науқас амбулаторияда ем қабылдауда. Әлемдегі және еліміздегі эпидемиологиялық жағдай туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Еліміздегі эпиджағдай

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің 20 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 70 290 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 13 333 науқас стационарда, 56 957 науқас амбулаторияда ем қабылдауда.КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 1 051 адамның жағдайы ауыр, ал 278 пациенттің жағдайы өте ауыр және 143 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 20 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы сәйкес, еліміздің екі өңірі «Жасыл» аймақта орналасқан. Олар Түркістан және Жамбыл облыстары. Сондай-ақ, 2 944 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан. Инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентімен 7 300 062 адам егілген, ал 2 - ші компонентін 6 161 154 адам салдырған.

Оңтүстік Кореяда тәулігіне 1,6 мыңнан астам коронавирус тасымалдаушысы анықталған

Оңтүстік Кореяда өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 1605 жағдайы анықталған. Мәліметтерге сәйкес, инфекцияның 1577 жағдайы жергілікті аумақтан анықталған болса, 28 жағдай шетелден келгендердің арасына анықталған. Елде расталған жағдайлардың жалпы саны 287 536-ға дейін өскен.

Елде пандемия құрбандарының саны бес адамға — 2409 адамға дейін жеткен. Өлім деңгейі 0,84%-ды құраған.

Аргентинада күніне 622 коронавирус тасымалдаушысы анықталды

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, өткен тәулікте Аргентинада коронавирустық инфекцияның 662 жаңа расталған жағдайы анықталған. Ведомствоның мәліметінше, нәтижесінде елде SARS-CoV-2 жұқтырғандардың жалпы саны 5 239 232-ге жеткен.

Сондай-ақ, осы кезеңде Аргентинада COVID-19-дан 61 науқас қайтыс болып, өлімнің жалпы саны 114 428-ге жеткен. Қазіргі уақытта елде 49 017 568 адам жаңа ауруға қарсы вакцинадан өтті, оның ішінде 20 011 380 вакцинаның екі дозасын да алған.

Украинада тәулігіне 2,2 мыңнан астам коронавирус тасымалдаушысы анықталды

Украинаның денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, өткен тәулікте елде коронавирустық инфекцияның 2265 жаңа расталған жағдайы анықталған.

«19 қыркүйекте Украинада 2265 жаңа расталған covid-19 коронавирус оқиғасы тіркелді (оның ішінде балалар — 275, медицина қызметкерлері — 22)», — делінген хабарламада.

SARS-CoV-2 жұқтырғандардың жалпы саны 2 646 350-ді құрайды. Сондай-ақ, қазіргі таңда вирус жұқтырғандар арасында қайтыс болғандардың жалпы саны 54 919-ға жеткен. Сонымен қатар, қазіргі уақытта елде 2 417 231 адам аурудан айығып, жалпы алғанда коронавирусқа 12 484 445 птр тест өткізілгені нақтылануда.

Украина аумағында жаңа карантиндік ережелер қолданыла бастады

Украина Үкіметінің қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап елде вакцинаның дәлелі болып табылатын "сары" және "жасыл" COVID сертификаттары енгізілген.

Бұл ретте «сары» сертификат COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін алғандарға 120 күнге, ал қолданылу мерзімі вакцинадан толық өткендерге бір жылға «жасыл» сертификат берілетін болады. Сонымен қатар, сертификатта коронавирусқа тесттің теріс нәтижесі туралы қолданыстағы 72 сағат деректер немесе ауырған ауру туралы мәліметтер болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұл жаңалықтар Украинаны "сары" карантин аймағына ауыстырғаннан кейін басталған. Фитнес-орталықтарға келушілер мен бұқаралық іс-шараларға қатысушылар саны шектеулі, ал кино мен театрларда залдардың толықтығы 50% - дан аспауы керек.

Австралияның Мельбурн қаласында пандемияға байланысты төрт полиция учаскесі жабылды

Мельбурнның батыс маңындағы төрт полиция бекеті алты полиция қызметкері COVID-19-мен ауырғаннан кейін уақытша жабылды.

Полиция учаскелерінің жабылуына байланысты тәртіп сақшылары көшеде көп уақытты қызметтік көліктерде өткізуге мәжбүр. Полиция қызметкерлері әлі де қызметтік міндеттерін атқарады, бірақ учаскелерге бара алмайды.

Бразилияда тәулігіне 9,4 мыңнан астам коронавирус жұқтырғандар анықталды

Өткен тәулікте Бразилия аумағында коронавирусты жұқтырудың 9,4 мыңнан астам жаңа расталған жағдайы анықталған. Ведомствоның мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде елде 9458 жаңа SARS-CoV-2 жұқтырған. Нәтижесінде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 21 239 783-ті құраған. Сондай-ақ, осы уақыт ішінде Бразилияда COVID-19-дан 244 науқас қайтыс болған және қазіргі таңда қайтыс болғандар саны 590 752-ге жеткен.

Барлық жаңалықтар