• Басты
  • COVID-19: Қазақстандағы карантин шаралары жеңілдетілмейді, әлем елдері қатаң шектеу шараларын енгізіп жатыр
5 Қараша, 2020 16:02

COVID-19: Қазақстандағы карантин шаралары жеңілдетілмейді, әлем елдері қатаң шектеу шараларын енгізіп жатыр

Қазiргi таңда әлемдi жайлаған коронавирустың салдарынан көптеген елдер карантин жариялап, шектеу шараларын күшейтiп, тiптi кейбiрi локдаунға қайта оралып жатыр. Статаитикалық мәлiметке сүйенсек, Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай да мәс емес. Күн өткен сайын жұқтырғандар саны қайтадан арта бастады. Осыған орай бүгiн елордададағы коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша есеп және карантин режимiнiң сақталуын бақылайтын мониторинг тобының жұмысына қатысты баспасөз мәжiлiсi өттi. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрiгерi Жанна Пiралиеваның айтуынша, елiмiздiң бас қаласындағы жұқтырғандар саны соңғы жетi күн iшiнде 27 пайызға өскен. Елдегi және әлемдегi эпидемиологиялық жағдай туралы Strategy2050.kz тiлшiсiнiң материалынан оқи аласыздар.

COVID-19: Қазақстандағы карантин шаралары жеңілдетілмейді, әлем елдері қатаң шектеу шараларын енгізіп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрiгерiнiң дерегiнше, соңғы аптада елордада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1,3 есеге немесе 27 пайызға өскен. 4 қарашадағы жағдай бойынша барлығы 14 709 коронавирустық инфекция тiркелдi. Оның iшiнде 9 030 адамда коронавирустың белгiлерi болса, 5 679 азаматта инфекция белгiлерi жоқ. Жанна Пiралиеваның дерегiнше, бас қаладағыа аурудың деңгейi орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге жоғары, сонымен қатар 100 000 тұрғынға шаққанда 1273-тi құрайды.

«Бүгiнде Нұр-Сұлтан қаласында 1020 төсек орнымен жабдықталған жетi стационарлы аурухана бар. Онда 85 науқас коронавирустан, ал 29 науқас пневмонияға қатысты ем алып жатыр», - дедi қалалық бас санитар дәрiгер.

 

Оның мәлiметiнше, елорададағы жедел жәрдем қызметi күнiне 1561 қоңырау қабылдайды. Ал оның 14-i коронавирус инфекциясымен байланысты. Сонымен қоса ол қаладағы медициналық мекемелер тыныс алу құралдарымен жабдықталғанын атап өттi.

«Ауруханаларда 19 компьютерлiк томография, 27 рентген аппараты, 500-ден астам оттегi концентраторы және 1,5 мыңнан астам оттегi нүктесi бар», - дедi Жанна Пiралиева.

 

Бұдан бөлек елорданың бас санитар дәрiгерi шектеу және карантин шараларын сақтау бойынша түсiндiру профилактикалық жұмыстары жүргiзiлгенiне қарамастан, кәсiпкерлiк субъектiлерi мен жеке тұлғалар бетперде режимiн, нысандардың жұмыс режимiн бұзуды жалғастырып жатқанын айтты. Оның айтуынша, азаматтар әлеуметтiк арақашықтықты сақтамайды, антисептиктердi қолданбайды. Бұқаралық және отбасылық iс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан, тойлар мен кештер әлi де ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар ол бас қалада коронавирус инфекцияның таралуын аллдын алуға бағытталған Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiнiң қаулысында көрсетiлген санитарлық эпидемияға қарсы шаралардың орындалуына бақылау жүргiзу жалғасып жатқанын атап өттi.

Оның мәлiметiнше, 5 шiлде мен 4 қараша аралығында қалада 9 мобильдi топ жұмыс iстейдi. 4462 нысанға бақылау жұмыстары жүргiзiлген. Атап айтқанда, 1,5 мың тамақтандыру орны, 510 коммуналдық қызмет, 53 балабақша, 130 мектеп, 10 бiлiм беру орталығы - 10, 52 денсаулық сақтау мекемелерi, 1515 сауда нысандары, оның iшiнде дүкендер, базарлар, сауда орталықтары, сауда орталықтары, сауда орталықтары бар. Сонымен қатар 5 өндiрiстiк нысаны, 3 әлеуметтiк нысан, 35 ойын-сауық мекемесiне мониторинг жүргiзiлген.

Бұдан бөлек елорданың бас санитар дәрiгерi ғылыми зерттеулер коронавирус инфекциямен күресте маска киюдiң тиiмдi екенiн дәлелденгенiн атап өттi. Оның сөзiнше, бетперде кию коронавирус инфекциясының таралуын төмендетуге мүмкiндiк бередi. Осыған қатысты ол Гонконг университетi мен АҚШ-тың Мэриленд университетiнiң ғалымдары тобының ДДҰ сарапшыларының қатысуымен жүргiзген зерттеуiн тiлге тиек еттi. Оның дерегiнше, ғылыми зерттеудiң нәтижелерi ғылыми журналдарда жарияланған. Сонымен қоса ол Америкада жүргiзiлген зерттеулер адамдар көп шоғырланған жерлерге инфекция тез таралып жатқаны дәлелдегенiн атап өттi.

«Сондықтан да инфекцияның алдын алу үшiн қазiргi кезде адамдардың барлығы әрдайым бетперде киiп жүруi тиiс», - дедi ол.

 

Сонымен қоса ол толықтай респираторлармен жабдықталған бетперделер тек вируспен күресiп жүрген инфекциялық дәрiгерлерге қажет екенiн еске салды. Ал жұмысы медицинаға қатысы жоқ адамдар үшiн дәрiханаларда сатылатын қарапайым екi қабатты-үш қабатты бетперде жарайды. Оның сөзiнше, үйде жүргенде бетперде киюдiң аса қажеттiлiгi жоқ, бiрақ қоғамдық орындарда мiндеттi түрде бетпреде киiп жүру керек. Сонымен қоса ол бетперденi екi-үш сағат сайын ауыстыру керегiн тағы бiр еске салды.

Бұдан бөлек ол әлемде және елiмiздiң кей аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағанын баса айтып өттi. Оның айтуынша, тiптi кейбiр елдерде коменданттық сағат енгiзiлiп жатыр. Кинотеатрлар, спорт залдары, театрлар қайтадан жабылды, тамақтану нысандарының жұмыс iстеу режимi өзгеруде. Сондықтан да ол қазақстандықтарды барлық санитарлық талаптарды сақтауға шақырды.

Әлем елдерiндегi де жағдай ушығып тұр. 5 қараша түн ортасынан бастап Англияда басқа мекен-жайда тұратын адамдармен кездесуге тыйым салынады, екеуден көп адам жиналуға болмайды. Сонымен қатар, барлық бiрiншi кезектегi емес дүкендер мен қызметтер жабылады.

Ал, Австрияда эпидемия басталғаннан берi алғаш рет коронавирустың жаңа жағдайларының саны күнiне 6 мың адамнан асып, 6 211-ге жеттi.

Францияда өткен тәулiкте коронавирустың салдарынан қаза тапқандар саны 854 болды, бұл сәуiр айының ортасынан бастап тiркелгендердiң ең көп саны болып тұр.

Германия денсаулық сақтау министрi елдiң эпидемиямен күрестiң маңызды кезеңiнде тұрғанын айтты. Қарашаның басынан бастап Германияда қосымша шектеу шаралары енгiзiлдi.

Грекия бiр айға түнде жүруге тыйым салып, ең көп қоныстанған аудандардағы, соның iшiнде Афиныдағы мейрамханалар, театрлар мен мұражайларды жауып тастады.

Португалияда қосымша шектеу шаралары енгiзiлдi. Олар ел халқының 70 пайызына қатысты.

Сондай-ақ, Польшада да жаңа шектеулер енгiзiлуде, оларда ауру санының рекордтық өсуi байқалуда, яғни бiр күнде 21897.

Өткен тәулiкте Бразилияда Covid-19 жұқтырғандар саны 11843-ке артып, 243 қайтыс болды. Ал аурулардың жалпы саны 5,5 миллион адамнан асты, оның 160 496-ы қайтыс болды. Бұл көрсеткiш қайтыс болғандар саны бойынша Бразилияны АҚШ-тан кейiнгi екiншi орынға шығарады.

Ресейде пандемия басталғаннан берi алғаш рет коронавирус жұқтырғандардың жаңадан тiркелгендер саны 19 мыңнан асып, 19 768 адамды құрады. Аурулардың жалпы саны бiр жарым миллионнан асып, 1 693 454 389-ға жеттi. Өткен тәулiкте 389 адам қайтыс болды. Ал жалпы қайтыс болғандар саны 29 217-ге жеттi.

Швецияда Covid-19-дан қайтыс болғандар санының өсуi байқалды. Эпидемия басталғаннан берi елде 6 мыңға жуық адам қайтыс болды. Швеция премьер-министрi Стефан Левин бұл ел «өте күрделi жағдайда» екенiн атап өттi. Елде ауру жағдайларының күрт көбеюi нәтижесiнде жаңа шектеулек енгiзiлдi: кафелер мен мейрамханалардағы бiр үстелге отыратын адамдар саны сегiз адамнан аспауы керек. Сонымен қатар, елдiң тағы үш провинциясының тұрғындары - Халланде, Эребро және Йенкопингке қоғамдық көлiктi пайдаланбауға және тек керек жағдайда ғана дүкендерге баруға кеңес берiледi.

Бiздiң Қазақстанда да бiрқатар аймақтарға карантин жарияланды. Мәселен, бүгiн Қостанай қаласында карантин енгiзiлдi.

Барлық жаңалықтар
3.94.21.209, 192.168.88.100