• Басты
  • COVID-19: Қазақстандағы асқынған шағы сәуірдің соңы мен мамыр айына болжануда
13 Сәуір, 2020 16:05

COVID-19: Қазақстандағы асқынған шағы сәуірдің соңы мен мамыр айына болжануда

Қазақстандағы асқынған шағы сәуірдің соңы мен мамыр айына болжанып отыр. Бұл туралы елдегі коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай туралы өткен баспасөз мәжілісінде ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

COVID-19: Қазақстандағы асқынған шағы сәуірдің соңы мен мамыр айына болжануда
"Ғалымдардың алдын-ала есебі бойынша, Қазақстандағы коронавирус инфекциясының ең асқынған шағы сәуірдің соңы мен мамыр айында болады деп болжанып отыр. Сол кезде аталмыш індетті жұқтырғандар саны 2000-ға жетуі мүмкін", - деді ол. 

Комитет төрайымы өткен тәулік ішінде елімізде 86 жаңа жағдай тіркелгенін атап өтті. Оның сөзінше, өсім 9,9 пайызды құрап отыр.

"Соңғы 24 сағатта Қазақстанда 86 адам коронавирус жұқтырды деп тіркелді. Оның ішінде Нұр-Сұлтан - 20 (8,7 пайыз), Алматы - 28 (20,4 пайыз). Ал елде 34 236 адам медициналық бақылауда, оның 28 пайызы - стационарда,  68 пайызы - үйде карантинде. Ал өсім 9,9 пайызды құрайды", - деді Людмила Бюрабекова.

Сонымен қатар комитет төрайымының айтуынша, елде COVID-19-ды 211 медицина қызметкері жұқтырған. Республика бойынша олардың үлесі - 20,5 пайыз. 

"Коронавирус жұқтырған дәрігерлер еліміздің 13 аймағынан тіркелген. Олардың ең көп үлесі Алматы қаласы (37 пайыз), Нұр-Сұлтан қаласы (34,7 пайыз), Солтүстік Қазақстан (34,9 пайыз)және Атырау облыстарына (27,1 пайыз) тиесілі. COVID-19 инфекциясымен ауыратын медициналық қызметкерлердің 74-і (32,8%) науқастармен және күдіктілермен байланыс кезінде профильді стационарларда жұқтырған. Инфекциялық емес стационарларда 51 медициналық қызметкер COVID-19 ауруына шалдыққан. Олардың 21-і - санитарлық-эпидемиологиялық қызметте істеген", - деді комитет төрайымы.

Оның сөзінше, санитарлық-эпидемиологиялық қызметте істейтін мамандар арасында аурудың көп үлесі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына тиесілі.

Сонымен қатар Людмила Бюрабекова COVID-19 ауруын жұқтырған науқастарды емдеу жұмыстарына қатыспайтын медициналық ұйымның медициналық қызметкерлері арасында да коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың тіркелгенін атап өтті.  

"13 сәуірдегі жағдай бойынша, COVID-19 жұқтырған науқастарды күту және емдеуге қатыспайтын 82 дәрігер (40,2%) аталмыш індетке шалдығып отыр. Олардың басым көпшілігі Нұр-Сұлтан (36 ) және Алматы қаласынан (33).  Ал аймақтарға келетін болсақ, Атырау облысында 6, Ақмола облысында - 3 дәрігер жұқтырған. Сонымен қатар Қарағанды, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында бірді-екілі жағдай тіркеліп отыр", - деді комитет төрайымы. 

Оның сөзіне сенсек, COVID-19 -ды жұқтырған науқастарды емдеу жұмыстарына қатыспаған, алайда коронавирусқа шалдыққан медицина қызметкерлерінің басым көпшілігі Нұр-Сұлтанға тиесілі. 

"Өкінішке орай, Алматы қаласында Орталық қалалық ауруханада қолайсыз жағдай орын алып, бүгінде медицина қызметкерлерінің арасында COVID-19-тің 37 жағдайы тіркелді. Жалпы алғанда, медицина қызметкерлерінің арасында аурудың таралуы олардың COVID-19 инфекциясына шалдыққан науқастармен байланыс кезінде тіртіпті сақтамағандығын көрсетеді. Мәселен, инфекциялық бақылаудың принциптерін орындамау, гигиенаны сақтамау себеп болып отыр", - деді Людмила Бюрабекова. 


Айта кетейік, Қазақстанда 979 адам коронавирус iндетiн жұқтырған. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қaласы бoйынша 257 адам, Алматы қаласында – 172 адам, Қарағaнды облысында - 76 адам, Ақмола oблысында - 71 адам, Атырау облысында - 59 адам, Жaмбыл облысында - 46 адам, Шымкeнт қалaсында - 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Aлматы облысында - 21 адам, Ақтөбe облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 26 адам, Павлодар облысында - 10 адaм, Маңғыстау облысында - 10 адам, Қызылорда облысында - 119 адам, Батыс Қазақстан oблысында - 9 адaм, Түркістан облысында - 43 адaм, Қoстанай облысындa - 3 адам тiркелген.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды