• Басты
  • COVID-19: Қазақстанда эпиджағдайға қатысты болжам өзгерді

COVID-19: Қазақстанда эпиджағдайға қатысты болжам өзгерді

25 Мамыр, 2021 12:30

Әлемдегі коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Бүгінге дейінгі дерек бойынша, 167 миллионнан астам адамның инфекция жұқтырғаны белгілі болды. Қазір тәулігіне 450 мыңнан астам ауру тіркеледі. Сондай-ақ, 3,4 миллионнан астам адам қайтыс болды. Ал, Қазақстандағы жағдайға тоқталсақ, әлі бірнеше облыс, қала қызыл аймақта тұр. Елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Қазақстан 104-орында

Министрдiң мәлiметiнше, 221 елдiң әлемдiк рейтингi бойынша Қазақстан жұқтырғандар саны бойынша 104-орында, ал өлiм деңгейi бойынша 111-орында.

Сонымен қоса, министр Қазақстанның «сары» аймақта екенiн, алайда бiрнеше облыс, қала «қызыл» аймақта қалып отырғанын атап өттi. Атап айтқанда, «қызыл» аймақта - Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстары бар. Ал, Батыс Қазақстан облысы «қызыл» және «сары» аймақтардың шекарасында орналасқан. Сонымен қоса, сары аймақта 6 аймақ, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстiк Қазақстан облыстары және Шымкент.

Қалған 5 аймақ «жасыл» аймақта орналасқан.

Сонымен қоса Алексей Цойдың сөзiнше, қазiргi уақытта эпидемиологиялық жағдайдың жақсарып, жұқтырғандар санының азайып, бiртiндеп тұрақтанып келе жатқанын тiлге тиек еттi.

«Соңғы аптада анықталған КВИ ауруының саны сәуiр айының аяғы мен мамырдың басында болған апталық аурушаңдықпен салыстырғанда 4 мыңға азайды. Жалпы, соңғы бiр айда ауру 20%-ға төмендедi», - дедi ведомство басшысы.

Төсек-орынмен қамтылуы

Министрлiктiң мәлiметiнше, биылғы 25 мамырдағы жағдай бойынша төсек-орындардың күнделiктi мониторингiне сәйкес республикада жұқпалы төсектердiң 33%ы қолданыста. Бұл биылғы мамыр айының басымен салыстырғанда 8%-ға төмендеген. Осы жылдың мамыр айының басымен салыстырғанда, қарқынды терапия төсектерiнiң пайдаланылуы 2%-ға төмендеген.

«Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында төсек-орнының қолданылу көрсеткiшi төмендеген. Мәселен, мамыр айының басымен салыстырғанда төсек-орынның үлесi 60%-ан 47%-ға, Алматыда 57%-дан 35%-ға және Алматы облысында - 56%-дан 36%-ға төмендедi», - дедi министр.

Сондай-ақ, министрдiң айтуынша, емделiп жатқан науқастардың саны да 38 мыңнан 32 мыңға дейiн төмендегенi байқалып отыр. Оның iшiнде стационарлық емдеудегi науқастар саны 14 мыңнан 12 мың науқасқа, амбулаториялық емдеудегi 24,5 мыңнан 20 мыңға дейiн төмендеген.

Сонымен бiрге, министр 5 мамырдан бастап күнiне емделiп шыққан науқастардың саны тәулiгiне тiркелген сырқаттар санынан асып түскенiн атап өттi. Бұл, оның пiкiрiнше, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталып келе жатқандығын көрсетедi.

1 млн адам вакцинаның 2 компонентiн алды

Министрдiң мәлiметiнше, бүгiнге дейiн вакцинаның шамамен 3 миллион дозасы қолданылған. Оның iшiнде 2 015 053 адам 1 компонентпен егiлген, бұл вакцина алуға мүмкiндiгi бар халықтың 20%-ын құрайды. Екiншi компоненттi шамамен 1 миллион адам алып үлгерген.

Бүгiнде вакциналау орталықтарында вакцина мөлшерiнiң саны жеткiлiктi: бiрiншi компоненттiң шамамен 320 мыңы және екiншi компоненттiң 650 мың дозасы бар. Вакциналарды жеткiзу кестеге сәйкес жүргiзiлiп жатыр.

«Жаңа мутацияны анықтау үшiн бiз республикада айналымдағы коронавирус штамдарына генетикалық зерттеу жүргiзiп отырамыз», - дедi министр.

Сонымен қоса оның сөзiнше, осы жылдың сәуiр айында анықталған үлгiлердi зерттеу нәтижелерi бойынша сынамалардың 30% -ында «британдық штамның» таралымы орнатылған. Ал, үндi штамының республика аумағында айналымы анықталмаған.

«Эпидемиологиялық жағдайды және вакцинамен қамтуды ескере отырып, Министрлiк эпидемиологиялық жағдайдың болжамын жаңартты», - дедi Алексей Цой.

Сонымен, оның айтуынша, пессимистiк сценарий бойынша, вакциналау тиiмдiлiгi кем дегенде 60% болған кезде, 2021 жылдың маусым-қыркүйек айларында тiркелгендердiң саны 95 мың адамды құрайды.

Ал, екiншi нақты сценарий бойынша, вакциналау тиiмдiлiгi кем дегенде 80% болғанда, 2021 жылдың маусым-қыркүйек айларында тiркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 69 мың адамды құрайды.

Оптимистiк сценарий бойынша вакцинация тиiмдiлiгi кем дегенде 95% болған кезде 2021 жылдың маусым-қыркүйек айларында тiркелгендердiң саны шамамен 61 мың адамды құрайтын болады.

«Осы немесе басқа сценарийдiң жүзеге асырылуы азаматтардың вакциналау мәселелерiндегi белсендiлiгiне тiкелей байланысты болатындығын ескеру қажет», - дедi министр.

Осыған байланысты вакциналаумен қамтуды арттыру мақсатында жергiлiктi атқарушы органдардың вакцинамен қамтуды ұлғайту және халық арасында түсiндiру жұмыстарын жүргiзу бойынша шаралар қабылдауы орынды деп екенiн баса айтып өттi.

Еске салайық, Қазақстанда 25 мамырдағы жағдай бойынша, COVID-19 оң нәтижесiмен 376 572 науқас тiркелген.

Барлық жаңалықтар