• Басты
  • Covid-19: Қазақстанда ауырғандардың 62 пайызы емделді
22 Маусым, 2020 18:36

Covid-19: Қазақстанда ауырғандардың 62 пайызы емделді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық денсаулық сақтау ұлттық орталығының жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Бекенов Жұмабек Елтекұлы, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Кисикова Сәуле Дүйсебекқызы, Зертханалық қызмет бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Сулейменова Жанар Нурланқызы осы уақытқа дейінгі эпидемиологиялық жағдайды қорытындылады.

Covid-19: Қазақстанда ауырғандардың 62 пайызы емделді

Бүгінге келіп түскен мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 27 541 болды.

«Оның ішінде 9 809 науқас COronaVIrus Disease 2019-дың симптомсыз түрін жұқтырған. Аурудың симптомды түрі – 17 732 адамда тіркеліп отыр. Кеше 1 471 науқас тіркелген. Оның 507-сі симптоммен, 964-і – симптомсыз. Қайтыс болғандардың жалпы саны – 126 адам. Ауырғандардың 62 пайызы сырқаттан жазылып шықты. Бұл шамамен 10 962 адам. Қазақстандағы барлық стационарлық карантинде 1 868 адам, үй карантинінде – 11 563 адам емделуде. Ауруханада жатқан науқастар саны – 8 052. 8 472 адам амбулаториялық бақылауда», - деді Жұмабек Бекенов.

Елордадағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қаладағы соңғы аптаның эпидемиологиялық жағдайы туралы мәлімет берді.

«Осы уақытқа дейін ел астанасында 3 348 коронавирус инфекциясы жұққан науқас тіркелді. Өткен бір апта ішінде 587 науқастан COVID-19 расталды. Аталмыш көрсеткіштер алдыңғы аптамен салыстырғанда 21 пайызға жоғары. Күн сайын 3 пайызға өсіп отыр. Ал, жалпы қаламыз 2 291 науқас емделіп шықты. Ауруханада 2 610 науқас емделуде. Емделушілер саны алдыңғы аптамен салыстырғанда үш есе көп. 92 пайызынан пневмониямен ауыратыны анықталды. Ауруханадағы 126 науқастың жағдайы тұрақты болса, 50 науқас, яғни, 40 пайызы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Он күн бұрын медициналық ұйымдардағы төсек-орын саны 825-ке дейін жеткізіліп, 53 пайызға ұлғайды», - деді елордамыздағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.

Сәуле ханым қала бойынша емделіп шыққандардың қаншасынан антитела табылғаны туралы мәліметті кейінірек айтатынын, ол жұмыстар әлі де зерттелу үстінде екенін жеткізді.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау басқармасының басшысы өкпені жасанды желдету керек болмаған жағдайда науқастардың үйде емделгені тиімдірек екенін алға тартты. Оның айтуынша науқастар жылы суды көбірек ішіп, аспирин 150 гр, парацитамол дәрілерімен емделеді.

Еліміздің Көліктегі бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов әуе рейстерінің қашан ашылатынын, қазақстандықтарға қазан айының басына дейін шетелден келіп үлгеруге кеңес берді.

«Бірінші санаттағы елдерге әуе рейстері әзірге ашылмайды. Оларға: Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия, Тайланд және Қытай Халық Республикасы жатады. Қытайда вирусқа шалдығудың екінші толқыны жүріп жатыр. Екінші санаттағы елдерге шектеу жоқ. Аталмыш елдерде жағдай тұрақты. Екінші санаттағы елдерге ұшу үшін азаматтардан термометрия мен сауалнамадан ғана өтеді. Түркияға баратындардарда коронавирус инфекциясына тест тапсырғаны туралы анықтама болуы керек. Анықтамасы жоқтар 48 сағаттың ішінде ПТР әдісімен тест тапсыру туралы ескерту беріледі. Әзербайжан, Ұлыбритания, Ирак, АҚШ, Чехия сында елдерге әзірше ұшақ ұшпайды. 20 маусымнан бастап Түркиямен арада әуе рейстері ашылған. Осы уақыт аралығында 6 рейс ұшты. Осы аралықта елімізге шамамен 905 жолаушы келді. Олардың 203-нен коронавирус инфекциясына тесттен өткендігі туралы анықтамасы болды. Қалғандарына тестен өту қажеттігі туралы ескерту берілді», - деді Сәдуақас Байғабылов.

Сондай-ақ, қазақстандықтарға шетелге шыққысы келіп жүргендер немесе шетелде жүргендер қазан айының басына дейін елге келу керектігі ескерілді. Мамандар азаматтарды өзі ғана емес, жақындары үшін де қауіпсіздікті сақтап, маска тағу, арақашықты сақтау, антисептик қолдану секілді санитарлық шараларды ұстануға шақырды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды