- Басты
- Жаңалықтар
- COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар статистикасын жариялады, деп хабарлады Coronavirus2020.kz.
4 қазандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда екпенің I компонентін 7 716 723 адам салдырған. Вакцинаның II компонентін алған адам саны - 6 671 959.
Сонымен бірге, 4 қазандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, елімізде 4 өңір «қызыл» аймақта тұр.
Атап айтсақ, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. Ал, «сары» аймақта Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан. «Жасыл» аймақта - Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.
Еске салайық, өкінішке орай, 2 қазан күні Қазақстан аумағында 31 адам - коронавирустан, тағы 6 адам - пневмониядан қайтқан. Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында - 5 науқас. Алматы және Шымкент қалаларында - 4, Қызылорда облысында - 3, Ақмола, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында - 2, Жамбыл, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған. Тек Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді