- Басты
- Жаңалықтар
- COVID-19: аурудан кейін психикалық ауытқу болуы мүмкін бе
COVID-19: аурудан кейін психикалық ауытқу болуы мүмкін бе
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде COVID-19 таралуы кезінде психкалық денсаулықты сақтауға көмек көрсету тәсілдері мен халыққа онлайн көмек беру туралы айтылды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы бас директоры Николай Негайдың психикалық денсаулықты сақтауды насихаттау керектігін айтты.
Психикалық денсаулық сақтау саласы 2017 жылдан бері елеулі өзгерістерге ұшырап келеді. Біз 4 басым бағытты анықтады. Ол: психикалық денсаулықты насихаттау, мақсатты алдын алу, бұзылуларды анықтау және басқару, оңалту және көмек көрсету, - деді ол.
Негай атап өткен 4 басым бағытқа жеке тоқталып көрейік:
Психикалық денсаулықты насихаттау - тұтас халыққа насихат жұмыстарын жүргізу.
Мақсатты алдын алу – ауру салдарынан психикасы әлсіреген адамдардың артық іс-әрекетке баруының алдын алу. Бұл бағытқа тәуекел топтар жатады. Мысалы, тәуекел тобына жататын азаматтар өзіне-өзі қол жұмсау, зорлық-зомбылық сияқты әрекеттерге баруы мүмкін.
Ауруларды анықтау және басқару – мұнда жалпы медицинадағы сияқты психикалық күйзеліске ұшырағандарға алғашқы әрдем көрсетіледі. Бұған алғашқы медициналық-санитарлық желі үлкен рөл атқарады.
Негайдың айтуынша, жалпы практика дәрігерлеріне, терапевтерге және педиатрларға физикалық аурулармен қатар болатын психикалық бұзылуларды анықтау бойынша емдеуге рұқсат беріледі.
Мәселен, жүрек немесе асқазан-ішек жолдарының іс жүзінде 80-90%-ы мазасыздық, көңіл-күйдің төмендеуі, ұйқының бұзылуы әсерінен туындауы мүмкін. Дәрігерлер оны анықтап, емдеуі керек. Егер олар оны емдемесе, ал бұл жиі орын алатын жайт, онда олар соматикалық ауруларды асқындырып, науқастың халі нашарлайды. Көптеген адамдар барлық аурудың астарында психикалық әлсіреу, күйзеліс жатқанын біле бермейді. Осылайша, психикалық денсаулық қызметі көп жұмыс атқарады, психиатрия қоғам үшін қауіпті ауыр психикалық аурулар деп айтылып келді. Бірақ олай емес. Психиатрияның да көптеген тармағы ьар екенін ұғыну керек. Сонымен қатар психикалық ауытқуларға кез келген адам тап болуы мүмкін - деді ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Николай Негай.
Дәрігердің айтуы бойынша пандемия кезінде коронавирусқа шалдыққан адамдар арасында психикалық әлсіреулер жиі кездескен. Соған орай ақысыз онлайн-кеңестер беретін арнайы сайттар ашылған. Қазіргі таңда сайттар жұмыс істеуін тоқтатпаған.
Негай статистикалық есептен келтірді:
2020 жылдың 4 сәуірінде Қазақстанда covid-19.mentalcenter.kz сайты іске қосылған болатын. Бұл платформа - БҰҰ орталығы мен ЮНИСЕФ балалар қорының жобасы. Бұл платформаға көмек үшін хабарласу үшін ешқандай шектеу талаптары қойылмайды. Демек, кез келген жастағы, әлеуметтік жағдайы әр түрлі, мүмкіндіктері де әр түрлі адамдар хабарласа алған. КВИ-мен күреске тартылған медицина қызметкерлері мен білім беру психологтарына да кәсіби кеңестер беріледі. Хабарласқан азаматтар туралы барлық ақпарат құпия сақталады, - деді ол.
Негайдың мәлімдеуінше, осы күнге дейін 40 мыңнан астам адам сайтты қолданған. 100 мыңнан астам адам қажетті сессиялар өткізген, сонымен қатар 350 адам online-кеңес алған.
Сайт екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімінде кеңес беріледі. Онда физикалық жағдайдың бұзылуын, мазасыздықты, ұйқының бұзылуын қалай реттеуге болатынын, яғни пандемия кезінде стрессті басқару жолдары түсіндіріледі. Екінші бөлімде қажетті көмек көрсетіледі. Қолданушы өзін мазалаған кез келген сұрақты жазып жібере алады. Дәрігерлер жазбаша түрде жауап жазады, - деді Негай.
Арнайы платформадан тиісті көмек алу үшін телефоныңыз болса жеткілікті. Онлайн-кездесу уақыты абонентке СМС арқылы жіберіледі. Сондай-ақ анықтама қызметі, байланыс орталығы және электрондық мекенжай арқылы жүгінуге болады.

-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр
-
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері
-
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты
-
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары

