• Басты
  • COVID-19: Қашықтан оқыту процесі қашанға дейін жалғасады/ Қазақстан коронавирустың екінші толқынына дайын ба
10 Қыркүйек, 2020 13:33

COVID-19: Қашықтан оқыту процесі қашанға дейін жалғасады/ Қазақстан коронавирустың екінші толқынына дайын ба

Бүгін Орталық коммуникациялар орталығында «Эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020-2021 жылдарға арналған оқу процесін ұйымдастыру» туралы баспасөз мәжілісі өтті. Жиынға қатысқан Білім және ғылым министрі Асхат Аймағаметов пен Денсаулық министрі Алексей Цой қашықтан оқыту қашанға дейін созылатыны, неліктен қашықтан оқыту форматына көшірілгендігін жөнінде айтып берді. Сонымен қатар коронавирусқа қарсы вакцина сатып алу, екінші толқыны бола қалған жағдайдағы дайындық шаралары сөз болды. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісі дайындаған материалдан оқи аласыздар.

COVID-19: Қашықтан оқыту процесі қашанға дейін жалғасады/ Қазақстан коронавирустың екінші толқынына дайын ба

Қазақстандағы және әлемдегі эпиджағдай 

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзінше, қазір елдегі жағдай тұрақты. Күн өткен сайын ауырғандар мен қайтыс болғандар саны азайып отыр. Оған қарамастан, біз көрші мемлекеттер мен әлем елдеріндегі жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Қазір әлемде аурудың күрт өсуі байқалуда. Атап айтсақ, Италияда, Испанияда, Германияда, Түркияда және Оңтүстік Кореяда. 

«Сонымен қатар, ТМД елдерінде ауру деңгейі 5 пайызды құрайды, бұл Қазақстанға қарағанда 5 есе жоғары. Бұл жағдай бізді алаңдатпай қоймайды. Қазақстан барлық елдер сияқты коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындалып жатыр», - деді Алексей Цой. 


Қазақстан коронавирустың екінші толқынына дайын ба 

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы коронавирустың екінші толқынына дайындық бойынша қабылданған шараларға тоқталып өтті. Оның айтуынша, 71 126 төсек орналастыруды жоспарланған. Қазіргі кезде 10257-сі қолданыста. Төсек сыйымдылығының 15 пайызы қазіргі уақытта коронавирус немесе коронавирустық пневмониямен ауыратын науқастар пайдалануда. 

Бұдан бөлек 13 модульді инфекциялық аурухана салу жоспарлануда. Екі ірі клиника қайта қалпына келтірілуде. 

«Азаматтарға арналған емханалар деңгейінде 3640 жылжымалы бригада ұйымдастырылды. Қазіргі эпидемиялық маусымда 5098 ИВЛ аппараты жеткізіледі. 21 566 төсек оттегімен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар 100 жылжымалы медициналық кешен, 53 рентген аппараты ауылды елді мекендерге жіткізілмек», - деді министрлік басшысы. 

Қазіргі таңда оның сөзіне сенсек, әр аурухана мен емханалар екі айға жететін дәрі-дәрмек қорымен қамтамасыз етілген. Министрлік коронавирус инфекциясына қарсы 5,5 миллион дозаны сатып алу мәселесі бойынша жұмыс істеп жатыр. Министрдің айтуынша, әртүрлі елдермен, яғни вакцинал өндірушілермен бірге Қазақстанға сатып алу және жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар Қазақстан вакцинасын өндіру және тіркеу мәселесін де қаралуда. 

Білім беру ұйымдарындағы қашықтан оқыту форматының сақталу себептері 

Коронавирус инфекциясының екінші толқынының алдын алу үшін министрлік бірқатар шектеу шараларын қабылдады. Мәселен, 1 қыркүйектен бастап мектептердің басым көпшілігінде сабақ қашықтан жүріп жатыр. Министрдің айтуынша, бұл мәжбүрліктен туындаған. Қазіргі таңда жеңілдету шаралары қарастырылуда, бірақ бұл кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ. Ол білім беру ұйымдары үшін онлайн режимінде оқыту режимінің сақталуының бірнеше себебі бар екенін атап өтті. 

Министрдің сөзінше, қабылданған шараларға қарамастан Қазақстанда наурыз айынан бастап балалар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2418 жағдай тіркелді. Оның ішінде балалардың 98 пайызы сауыққан, ал 34-і емделуде. Балалардың жабық ғимаратта білім алуы инфекцияның таралу қаупін арттырады. Екіншіден, ДДҰ мәліметтері бойынша, 12 жасқа дейінгі балалар тарату жылдамдығы аз болғанымен, бәрібір де тарату мүмкіндігіне ие. Ал 12 және одан жоғары жаста олар коронавирус инфекциясын белсенді түрде таратушы болып саналады. 

«Мектепте балалар бір-біріне жұқтырып, олар ата-анасына, кейін басқа адамдарға таралып, қоғамда қайта күйшеюі мүмкін. Сондықтан қазіргі жағдайда балалардың мүмкіндігінше қашықтан білім алғаны тиімді. Өйткені мектеп ішінде әлеуметтік қашықтықты, маска режимін, сақтау оңайға соқпайды. Оның үстіне бастауыш сыныпта оқитын балаларды бір жерде ұстап отыру да мүмкін емес», - деді Алексей Цой. 

Оның сөзінше, мысалы, егер сыныптағы бір оқушы ауырып қалса, онда бүкіл сынып пен мұғалім 14 күндік карантинге жатқызылады. Сонымен қатар олар отбасы мүшелерімен байланысқа түседі. Егер ауру адамның сыныптан тыс жерде басқа біреумен байланыста болғаны анықталса, онда сәйкесінше бұл адамдарға да карантин шаралары енгізілетін болады. 

800 мың бала дәстүрлі форматта білім алуда 

Бұдан бөлек ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазіргі таңда қашықтан жұмыс істеп жатқан мектептердегі жағдайға тоқталып өтты. Оның сөзінше, дәстүрлі форматта білім беруді жалғастырып жатқан мектептер де баршылық. 

«Балалардың басым көпшілігі, яғни 2,6 млн бала қашықтан оқып жатыр. Ал 800 мың бала дәстүрлі форматта білім алуда. Кезекші сыныптарда 507 мың оқуда. Елімізде 7 мың мектеп бар, оның 3 мыңы шалғайдағы ауылдарда орналасқан. Олар дәстүрлі форматта жұмысын жалғастырып жатыр. 1-4 сыныптар арасындағы балаларды мектепке ата-аналарының рұқсатымен толық қабылдауға дайынбыз. Алайда мектептегі балалардың саны 50 пайызға да жетпейді. Мәселен, 1 сынып 50 пайыз, 2 сынып – 31 пайыз, 3 сыныпта – 27 пайызы, 4 сыныпта - 24 пайызы ғана қатысып жатыр. 1-4 сыныпқа дейін 1 млн 300 мың бала болса, тек 547 мыңы ғана кезекші сыныптарды білім алуда», - деді министрлік басшысы.  

Оның айтуынша, балабақшада да кезекші топтар жұмыс істейді, балаларды қабылдауға дайын. Десек те 30 пайызы ғана кезекші топтарға келіп жүр. Бұл ата-аналардың індеттің алдын алу мақсатында қолданып отырған шаралары десек те болады. 

Жалпы оқыту үшін 435 мың компьютер уақытша берілген. Тағы да 300 мыңнан астам компьютер жіткізілетін болады, қазіргі таңда бұл жұмыспен жергілікті әкімдіктер айналысып жатқанын атап өтті. 

Орта есеппен күніне 2 млндай сабақ жүргізіледі. Күніне 70-80 млн рет біздің онлайн сабақтарымызды плаформалардан көріледі. Бір аптада 12 млн жеке қолданушы интернет платформаларын пайдаланған. Мәселен, «Күнделік» платформасын алсақ, 700 мың баға қойылып отыр, 1 млн тапсырма берілуде. Сонымен қоса теледидар арқылы да сабақ жүріп жатыр. Бұл өте қолжетімді инструмент. 

«Сабақ болмай жатыр деп айту дұрыс емес. 500 мың әріптсеміздің жұмысын сызып тастауға болмайды. Мен айтып өткендей, көп жұмыс істеліп жатыр және жалғасатын болады. Педагогтар жазда дайындық курстарынан өтті. Киберқауіпсіздік, IT саласы бойынша көптеген вебинарлар қйымдастырылды. Біздің мақсатымыз – балалардың білім сапасына қатысты проблемаларды анықтап, сол бойынша жұмыс істеу», - деді министр. 

Бұдан бөлек Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде, кейбір бұқаралық ақпараттарында тараған қашықтан оқуға 70 млн доллар бөлінді деген қауесетке қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл шындыққа жанаспайды. Себебі оқытудың мұндай форматы елімізде биыл ғана енгізілді, яғни сәуір айынан бастап қашықтан оқу форматына көшірілді. Ал төртінші тоқсанда бұл үшін ешқандай қаржы бөлінбеді. Ол кезеңде түрлі интернет платформалары ресурстарын тегін пайдалануға рұқсат берген болатын. Сондықтан да ол мұндай пікір шындыққа қайшы екенін баса айтып өтті.

Барлық жаңалықтар
34.237.138.69, 192.168.88.100