• Басты
  • COVID-19 ақша мен телефон экранында қанша уақыт сақталады
14 Қазан, 2020 16:43

COVID-19 ақша мен телефон экранында қанша уақыт сақталады

Аустралия ұлттық ғылыми агенттігінің (CSIRO) зерттеушілері Covid-19 вирусы банкноттарда және смартфон экранында 28 күнге дейін сақталатынын хабарлады. Олардың сөзінше, бұл жұқпалы. Алайда, кей сарапшылар экранда, ақшада қалған вирус адамға қауіпті екеніне аса сенім білдірмейді. Көбінесе, коронавирус түшкіргенде, жөтелгенде немесе сөйлескенде ауада тамшылары арқылы беріледі. Ғалымдардың зерттеуі туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

COVID-19 ақша мен телефон экранында қанша уақыт сақталады

Аустралиялық ғалымдар қараңғыда тәжірибе жасаған. Алдыңғы зертханалық зерттеулер барысында SARS-Cov-2 банкноталар мен әйнек беттерінде екі-үш тәулікке дейін, ал пластмасса мен болатта – алты күнге дейін сақталатындығы анықталған.

Алайда қазір CSIRO ғалымдары коронавирустың әлдеқайда ұзақ өмір сүретінін, бөлме температурасында төрт аптаға дейін, пластикалық және қағаз банкноттар мен смартфондардың экрандары сияқты тегіс жерде ұзақ өмір алатындығын дәлелдеген. Мәселен, қарапайым тұмау вирусы, салыстырмалы түрде, 17 күн бойы тіршілік етеді.

«Вирустың смартфон экранында, ақша банкноттарында қаншалықты ұзақ өмір сүретінін анықтай отырып, біз оның таралуын болжай аламыз және вирусты жұқтыру көрсеткішін азайта аламыз», - деді CSIRO атқарушы директоры доктор Ларри Маршалл.

Калифорния университетінің медицина профессоры Моника Ганди өткен аптада «Наутилус» журналына берген сұхбатында коронавирус экран, ақша банкноттары арқылы берілмейді деп мәлімдеді. 

«Пандемияның басында көпшілік инфекцияны зат арқылы жұқтырып алудан қорқатын еді, бірақ қазір біз оның таралу себебі белгілі бір затты ұстап, одан соң көзді ұстағанда емес, вирус жұқтырған адамның мұрнынан және аузынан шыққан вирустар арқылы жұғатынын адамдар өздері елемейді», - деп түсіндірді профессор Ганди.

Жалпы, коронавирус негізінен ауа тамшылары арқылы таралады. Ғалымдар вирустың ауаға енуінен кейін үш сағаттан кейін осы жолмен жұқтыруға болатындығын анықтады. Болат заттың бетінде вирустың өмір сүруін бағалау жақсы нәтиже берді, бөлме температурасында 3-тен 14 күнге дейін сақталатынын анықталған.

Жаңа зерттеудің авторлары вирустың шыны, қағаз және пластикалық банкноттарда және болатта қаншалықты өміршең болатынын білгісі келді. Олар оның бөлме температурасында бұрын ойлағаннан әлдеқайда ұзақ өмір сүретіндігін анықтады.

Сонымен қатар сарапшылардың үнемі қолды жуумен бірге смартфондардың экрандарын жиі сүрту қажеттілігін еске салып отыр.

Барлық жаңалықтар