• Басты
  • COVID-19: АҚШ-та жұқтырғандар саны 25 млн-ға жетті, Нидерландыда наразылық шаралары күшейді

COVID-19: АҚШ-та жұқтырғандар саны 25 млн-ға жетті, Нидерландыда наразылық шаралары күшейді

25 Қаңтар, 2021 11:56

Америка Құрама Штаттарында коронавирустың таралуы біршама бәсеңде, елде қазірдің өзінде елде 25 миллион вирус жұқтырған адам тіркелген. Ковид-19-дың жұқпалы Оңтүстік африкалық штаммы табылған Британияда ел билігі адамдарды алғашқы вакцинациядан кейін де сақ болуға шақырып отыр, ал, Францияда тіпті ЕО азаматтары шекара бақылауынан өткен кезде ПТР тестілеуден өтуі тиіс. Нидерландыда елдегі күшейту шараларына қарсы шыққан тұрғындар наразылық акциясын ұйымдастырды. Ал, 70-ке келген Мексика президенті де коронавирус жұқтырып алған. Әлемдегі коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтер Strategy2050.kz тілшісінің шолу материалында.

АҚШ-та жұқтырғандар саны 25 миллионға жетті

Джон Хопкинс университетінің дерегі бойынша, қазіргі таңда АҚШ-та коронавируспен ауыратындар саны 25 миллионнан асқан. Бірақ сарапшылардың пікірінше, аурудың нақты таралу деңгейі бұдан да көп болуы мүмкін. Ал, 417 мыңға жуық американдық коронавирустан қайтыс болды, соңғы апталарда елде күніне 4 мыңнан астам жаңа жағдай тіркелуде.

АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байден қызметіне кіріскеннен кейін бірден коронавируспен күресуге қатысты бірнеше жарлыққа қол қойды, соның ішінде вакцинация мен тестілеу бағдарламасын кеңейту туралы құжат та бар. Ол, сондай-ақ, американдықтарды үнемі бетперде киіп жүруге шақырды. Әйтпеген жағдайда, оның сөзінше, қайтыс болғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін.

Америка Құрама Штаты әлемде коронавирустан ең көп зардап шеккен мемелкеттердің қатарында, өйткені қайтыс болғандардың саны да, жұқтырған адамдар саны да басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда көп. Қаңтар айында американдық ауруханаларда Covid-19 пациенттерінің саны рекордтық деңгейге жеткен. Бірақ соңғы күндері аурудың таралу қарқыны бәсеңдеп, медициналық мекемелерде жаңа диагноздар мен науқастар саны аздап азая бастаған.

Оңтүстік африкалық штамм Ұлыбританияда

Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкоктың айтуынша, қазірдің өзінде Британияда Оңтүстік Африка Республикасында табылған коронавирустың жаңа штамммен ауырған 77 жағдай тіркелген. Науқастардың барлығы шетелден келген, яғни, олар оңтүстік африкалық вирус түрімен Ұлыбритания аумағында емес, басқа мемлекетте жұқтырған.

Дүйсенбі күні, яғни бүгін ел үкіметі елге кіретін адамдарға қатаң шектеулер енгізу туралы мәселені қарастырады деп күтілуде.

Ғалымдар Оңтүстік Африкада кездесетін коронавирустың жаңа нұсқасы Covid-19 вакциналарының тиімділігіне әсер етуі мүмкін екенін айтады. Сонымен қатар, бұл вирустың коронавирустың алдыңғы штамдарына қарағанда тезірек таралатыны белгілі болды бұған дейін.

Сонымен қатар, Ұлыбритания билігі коронавирусқа қарсы вакцинациядан өткен адамдарды барлық сақтық шараларын сақтауға шақырады. Вакцинациядан кейінгі алғашқы екі-үш аптада адам коронавирусты жұқтыруы мүмкін, тіпті өзі ауырмаса да, ол вирусты басқа адамға тасымалдауы әбден мүмкін екенін ескертті Ұлыбританияның бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Джонатан Ван Там жексенбі күні.

«Біз вакцинаның тасымалдауға қалай әсер ететінін әлі білмейміз», - деп жазды дәрігер The Sunday Telegraph басылымында жарияланған мақаласында.

Ұлыбританияда халықты жаппай вакцинациялау жалғасуда. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, қазірдің өзінде 80-нен асқан адамдардың 75% -ы вакцинаны қабылдады, ал республикада жалпы вакцинациядан өткендердің саны 5,4 млн-нан асқан.

Бірақ бұл сандар вакцинаның алғашқы дозасын алған адамдарға қатысты. Препаратты мүмкіндігінше көп адамға қолжетімді ету үшін Ұлыбритания билігі бірінші және екінші дозалар арасындағы кезеңді үш аптадан 12 аптаға дейін ұзартты, бірақ бұл шешім мамандар арасында бірқатар келіспеушілік туғызуда.

Ұлыбританияның медициналық қауымдастығы вакцинаның екі дозасының арасын 12 аптаға созу қауіпті болуы мүмкін екенін, алғашқы дозаның тиімділігін жоюы мүмкін екенін айтып отыр. Олар билікті 12 аптаны қысқартуға шақырды.

Францияда шекаралық бақылау қызметінде шектеу шаралары күшейтілді

Францияның шекара бақылауқызметінде жаңа шектеу шаралары күшіне енді. Бұдан былай ЕО-ның басқа елдерінен Францияға әуе немесе теңіз жолымен келетін жолаушылар коронавирустың ПТР сынағын ұсынуы керек. Тест сынағы сапардан кем дегенде 72 сағат бұрын жасалған болуы тиіс. Алайда, автокөлікпен, автобуспен немесе жүк көлігімен кіретіндерге бұл тест сынағы қажет емес.

ЕО-ға мүше емес елдерден келетіндерге де осыған ұқсас ереже қолданылады. Сонымен қатар, олар Францияға келгеннен кейін жеті күн бойына өзін-өзі оқшаулауы тиіс.

Дубай вакцинациялауды бәсеңдетпек

Дубай билігі Pfizer өндірген вакцинаның жеткізілуіндегі қиындықтарға байланысты вакцинацияны бәсеңдетуге мәжбүр. Сонымен бірге, олар екінші дозаны қабылдауы керек барлық азаматтарды өздеріне тағайындалған күндері келуге шақырады.

Фармацевтикалық компания Pfizer өткен аптада вакцина қорын қысқартуға мәжбүр болып жатқанын, ал Бельгиядағы зауыт өндірісті ұлғайтуға тырысып жатқанын мәлімдеді.

БАӘ-де вакцинаның алғашқы дозасын он миллион тұрғыннан екі миллион адам ғана алған.

Пандемия басталғалы бері елде 274 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған. Ал, 783 адам қайтыс болған.

Норвегия: Қарттар үйіндегі өлімнің вакцинаға қатысы жоқ

Норвегия билігі қарттар үйіндегі өлім мен коронавирус вакцинасының алғашқы дозасын алу арасындағы байланыс туралы мәліметтерді жоққа шығарды. Норвегия қоғамдық денсаулық сақтау институтының мәліметі бойынша, қайтыс болған 33 қарттың кемінде 13-і егде жастағы адамдар қатарынан емес, сонымен қатар денсаулығында да қиын мәселелер болған. Жалпы алғанда, Норвегияда қарттар үйінің 20 мың тұрғыны вакцинаны қабылдады.

Францияда жұмаға дейін егілген 800 мың адамның ішінен қарттар үйінің тоғыз тұрғыны қайтыс болды. Француз дәрі-дәрмек қауіпсіздігі агенттігі де бұл өлім мен вакцинаның арасында ешқандай байланыс болмағанын баса айтып отыр.

Швецияда 13 қарттың қайтыс болғаны, сонымен бірге, Исландиядан 7 адамның қайтыс болғандығы жөнінде ақпарат тарады, алайда, екі елдің билігі де бұл өлімді вакцинациямен байланыстырып отырған жоқ.

Еуропалық дәрі-дәрмектер агенттігі де әртүрлі елдерден, мамандардан және пациенттердің өзінен алынған вакцинациямен туындауы мүмкін проблемалар туралы есептерді қарастыратын жағдайды бақылайды. Олардың айтуынша, вакцинацияланған адамдар арасындағы өлім саны әдеттегі көрсеткіштерден емес, бұл өлімдерді вакцинамен байланыстыруға себеп емес екенін айтып отыр.

Британдық дәрі-дәрмекті реттеуші компания MHRA де дәл осындай қорытындыға келді.

«Кейбір адамдар вакцинациядан кейін көп ұзамай жасына және денсаулығына байланысты ауруға шалдығуы ғажап емес. Бұл вакцинамен байланысты емес», - дейді аталмыш ұйым.

Мексикада ел президенті вирус жұқтырды

Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Латын Америкасы мемлекетінің басшысы жексенбі күні кешке Twitter-де хабарлады.

«Өкінішке орай, мен коронавирус жұқтырып алдым. Симптомдары жеңіл, бірақ мен қазірдің өзінде ем қабылдап жатырмын. Әдеттегідей, мен жазылып кететініме сенімдімін», - деп жазды ол әлеуметтік желісінде.

67 жастағы саясаткердің айтуынша, таңертеңгі жиналыстарда президентті ішкі істер министрі Ольга Санчес Кордеро ауыстыратын болады. Ал, мемлекет басшысы оны Ұлттықс арайдан бақылайтынын жеткізді.

Сонымен қоса, бұған дейін Мексика президенті дүйсенбіде ресейлік әріптесі Владимир Путинмен телефон арқылы келіссөздер жүргізетінін атап өткен.

«Ертең, мысалы, мен президент Владимир Путинмен телефонмен сөйлесемін, өйткені <...> олар бізге Sputnik V вакцинасын жіберуі мүмкін», - делінген жазбада.

Эбрард 19 қаңтарда Латын Америкасы елінің билігі осы жылдың қаңтар мен наурыз айлары аралығында Sputnik V вакцинасының 7,4 миллион дозасын сатып алмақ ниетте екенін мәлімдеген. Мексиканың реттеушісі республикада ресейлік препаратты қолдануға қашан рұқсат беретіндігі әлі белгісіз.

2020 жылы Мексика үкіметінің бірнеше мүшесі, оның ішінде қаржы және мемлекеттік несие министрі Артуро Эррера коронавирусты жұқтырған еді. Олардың барлығы сауығып, өз жұмыстарына оралды.

Амстердамда полиция жүзден астам адамды қамауға алды

Нидерланд полициясы Амстердамда 100-ден астам адамды COVID-19 эпидемиясына қарсы күресте ел билігі қабылдаған қатаң шектеу шараларына байланысты наразылық акциясына қатысқаны үшін ұстады. Бұл туралы жексенбіде Нидерланд хабар тарату корпорациясы хабарлады.

Полицияның мәліметінше, жалпы қала билігі тыйым салған акцияға 1,5 мыңға жуық адам қатысты. Демонстранттарды тарату үшін тәртіп сақшылары су бүріккіштер мен таяқшаларды қолдануға мәжбүр болды. 100-ден астам адам тәртіп сақшыларының талаптарын орындаудан бас тартқаны үшін ұсталды.

Мұражай алаңындағы демонстрацияны басқаннан кейін наразылық білдірушілер мен полиция арасындағы кішігірім қақтығыстар жалғасып, қоқыс жәшіктерін өртеу басталды. Сақтық шаралары аясында қала әкімі Фемке Халсеманың резиденциясы ерекше қорғауға алынды.

Проблемалар Эйндховенде де байқалды, мұнда полиция су бүріккіштер мен таяқшаларды қолдануға, сондай-ақ көзден жас ағызатын газдарды қолдануға мәжбүр болған.

Елде коменданттық сағаттың енгізілуіне байланысты наразылық түстен кейін басқа қалаларда да белең ала бастады. Атап айтқанда, Арнем, Апелдорн, Венло, Гаага, Роермонд, Штайн, Тилбург, Гельмонд және Энсхеде елді мекендерінің тұрғындары да көшеге шықты. Кейбір қалаларда жағдай айтарлықтай шиеленіскен. Қоғамдық көліктердің қозғалысы бұзылды, демонстранттар от жағып, полицияға тас лақтыруда, жол белгілерін, сонымен бірге, көше жарықтандыру тіректерін жұлып алуда. Заңсыз наразылықтарды тарату үшін арнайы жасақ бөлімшелері тартылуда.

Өзінің үндеуінде Әділет және қауіпсіздік министрі Фердинанд Грапперхауз құқық қорғау органдары тарапынан шешімді әрекетті қолдады.

Наразылық білдірушілердің негізгі наразылығын коронавируспен күресу жөніндегі үкіметтік шаралар тудырып отыр. Елде 2020 жылдың желтоқсан айының ортасынан бастап жалпыға бірдей карантин енгізілді, оның шеңберінде азық-түлік пен қажетті тауарларды сатпайтын барлық дүкендер, сондай-ақ спорт залдары мен мәдени-сауық мекемелері жабылды. Коменданттық сағат 23 қаңтарда күшіне енді және 21: 00-ден 04: 30-ға дейін күшінде болады.

Соңғы апталарда елде күн сайын анықталатын коронавирус инфекциялары мен қайтыс болғандар саны азайды, бірақ билік 60-тан астам елде анықталған коронавирустың инфекциялық штамдарының таралуын болдырмау үшін қосымша шаралар қабылдау қажет деп санайды.

Айта кетейік, Нидерландыда инфекцияның алғашқы жағдайы былтыр 27 ақпанда анықталған. Ұлттық денсаулық сақтау және қоршаған орта институтының мәліметінше, бүгінгі күнге дейін елде коронавирусты 944 мыңнан астам адам жұқтырған. Ал, 13,5 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Барлық жаңалықтар