• Басты
  • COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді

COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді

7 Қыркүйек, 2021 17:20

ДДСҰ мәліметтері бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 220 миллионнан асқан. Ал елімізде өткен тәулікте 3583 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Сондай-ақ, 6362 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Толығырақ әлемдегі және еліміздегі эпидемиологиялық жағдай туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Әлемдегі короновирус жағдайлары

ДДСҰ мәліметтері бойынша пандемия басталғалы коронавирус әлемнің 220 миллионнан астам тұрғынынан анықталған. Қайтыс болғандар саны 4,5 миллионнан асқан. Расталған жағдайлардың саны бойынша АҚШ жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың саны бойынша көшбасшы болып тұр. Онда 39 945 059 covid-19 жұқтырғандар анықталды, ал қайтыс болғандардың саны 648 472-ге жеткен. Вирус жұқтырғандар саны бойынша екінші орында Үндістан тұр, онда Сovid-19 расталған жағдайлардың саны 33 027 621-ге жеткен, ал елде вирус жұқтыру салдарынан қайтыс болғандардың жалпы саны 440 752-ге жеткен. Вирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде үшінші орында Бразилия тұр, онда 20 890 779 жағдай тіркелді, 583 628 адам қайтыс болған.

Еліміздегі эпиджағдай

Елімізде өткен тәулікте 3583 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Сондай-ақ, 6362 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

7 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 90 160 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 19 279 пациент стационарда, 70 881 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 479 адамның жағдайы ауыр, 387 пациенттің жағдайы өте ауыр, 209 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Болгарияда СOVID-19 ауруының өсуіне байланысты шектеулер күшіне енді

Болгарияда COVID-19 ауруының өсуіне байланысты бірқатар жаңа шектеулер 7 қыркүйектен бастап күшіне енді. Уақытша шектеу шаралары елде 31 қазанға дейін қолданылады.

Шектеулер коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты елдің Денсаулық сақтау министрі Стойчо Кацаровтың бұйрығымен енгізілді. Сондай-ақ, елде кез келген бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Балалардың ойын-сауық орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылды, ал үй-жайлардағы спорттық іс-шаралар көрермендерсіз өткізілетін болады.

Мейрамханалар мен кафелер түнгі сағат 23:00-ден 07:00-ге дейін жұмыс істемейді. Түнгі клубтар мен дискотекалар 31 қазанға дейін жұмысын тоқтатады. Кинотеатрларда, театрларда және концерт залдарында көрермендердің 50% - ына ғана рұқсат етіледі. Сонымен қатар, жұмыс берушілерге қызметкерлердің 50% - ын қашықтан жұмыс режиміне көшіру ұсынылды.

Айта кету керек, бірқатар азаматтар жаңа карантиндік шаралардың енгізілуін теріс қабылдап, денсаулық сақтау министрлігінің коронавируспен күрестегі саясатына наразылық артуда.

АҚШ-та бір аптада миллионнан астам коронавирус жұқтырғандар анықталды

30 тамыздан 5 қыркүйекке дейін АҚШ-та бір апта ішінде миллионнан астам коронавирус ауруы анықталған. Бұл туралы медициналық статистика жинаумен айналысатын Джонс Хопкинс Университетінің мәлімдеді.

Бүгінде АҚШ елінде 666 559 адам қайтыс болды, өлім-жітім 1.63% құрайды. 31 335 278 адам вирустан толық емделген.

Италия коронавирусқа қарсы міндетті вакцина енгізіледі

Италия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы коронавирусқа қарсы міндетті вакцина енгізілетіндігін растады. Роберто Сперанца Италия Еуропада бірінші болып медицина қызметкерлеріне міндетті вакцина енгізгенін, кейін басқа елдер оның үлгісін іске асырғандығын жеткізді.

Жапонияда желтоқсан айына дейін сандық егу паспорттары енгізіледі

Қазіргі уақытта елде иммунизацияны растайтын қағаз сертификат алуға болады. Цифрлық паспорттар, ең алдымен шетелге сапар шегу кезінде пайдаланылады деп болжанады. Франциядағы санитариялық өткізу аймағының кеңеюіне қарсы наразылық акциясына 140 мыңнан астам адам келді. 9 тамыздан бастап француздар кафелерге, мейрамханаларға, мұражайларға, кинотеатрларға, сауда орталықтарына барған кезде, сондай-ақ алыс теміржол және әуе сапарлары кезінде рұқсат қағазын ұсынуы керек.

Оңтүстік Корея халқының 60%-ы коронавирусқа қарсы егілген

Өткен тәулікте Оңтүстік Кореяда 741 052 адам Сovid-19 вакцинасын алған. 7 қыркүйекте сағат 00:00-де вакцинаның алғашқы дозасын 30 747 214 адам алды. Осылайша, Оңтүстік Кореяда вакцинация деңгейі 59,9% құрады.

Соның ішінде, Pfizer препаратымен 15 952 326 адам, AstraZeneca препаратымен — 11 082 493 адам, Janssen препаратымен — 1 278 030 адам, Moderna препаратымен — 2 444 365 адам егілген. Өткен тәулікте вакцинаның екінші дозасын 632 986 адам алған. Жалпы алғанда вакцинаның екі дозасын 18 385 936 адам қабылдаған. Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырудың 1597 жаңа жағдайы анықталды.

Польшада бір тәулікте коронавирустық инфекцияның 406 жаңа жағдайы анықталды

Польшаның Денсаулық сақтау министрлігі 7 қыркүйекте Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында республикада соңғы тәулікте SARS-CoV-2 жұқтырудың анықталған жағдайларының саны туралы жаңа деректерді жариялады.

Сонымен, Польшада соңғы 24 сағат ішінде коронавирустық инфекцияның 406 жаңа жағдайы анықталды. Бұл ретте, соңғы тәулікте Сovid-19 инфекциясы бар 12 адам қайтыс болған. Польшада пандемия басталғаннан бері коронавирустық инфекцияның жалпы 2 891 070 жағдайы расталып, қайтыс болғандардың саны 75 392-ге жеткен. 7 қыркүйектегі жағдай бойынша ауруханаларда COVID-19 бар 570 пациент бар, олардың 63-і өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған.

Барлық жаңалықтар