• Басты
  • COVID-19: 7 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай
7 Тамыз, 2020 09:16

COVID-19: 7 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай

Қазақстанда өткен тәулікте 980 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады Strategy2050.kz.

COVID-19: 7 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай

Оның ішінде 502 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 186 / 75

Алматы қаласы - 175 / 111

Шымкент қаласы - 26 / 15

Ақмола облысы - 31 / 19

Ақтөбе облысы - 2 / 0

Алматы облысы - 46 / 36

Атырау облысы - 44 / 41

Шығыс Қазақстан облысы - 92 / 29

Жамбыл облысы - 40 / 20

Батыс Қазақстан облысы - 58 / 22

Қарағанды облысы - 85 / 35

Қостанай облысы - 35 / 8

Қызылорда облысы - 33 / 18

Маңғыстау облысы - 33 / 28

Павлодар облысы - 22 / 6

Солтүстік Қазақстан облысы - 45 / 22

Түркістан облысы - 27 / 17

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 96 922.


Қазақстанда өткен тәулікте 1809 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 204

Алматы қаласы - 161

Шымкент қаласы - 437

Ақмола облысы - 47

Ақтөбе облысы - 205

Атырау облысы - 63

Шығыс Қазақстан облысы - 339

Жамбыл облысы - 6

Батыс Қазақстан облысы - 43

Қарағанды облысы - 37

Қостанай облысы - 47

Қызылорда облысы - 67

Маңғыстау облысы - 8

Павлодар облысы - 61

Солтүстік Қазақстан облысы - 51

Түркістан облысы - 33

Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 70 680.

photo5289613041387810821.jpg

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 053 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 108 өскіншек бала бар. Стационарларда 5 364 науқас жатыр. 19 689 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 171 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 28 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады.


Әлемдегі жағдай

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, 6 тамызда таңертең әлемде 19 021 922 адам ауырып, 713 813 адам қайтыс болды.

 

Еуропа елдері

Францияда өткен тәулікте 1 695 жаңа жағдай тіркелді. Бұл соңғы екі айдағы ең жоғары көрсеткіш. Пандемия басталғалы бері республикада 228,5 мыңнан астам адам ауруға шалдыққан.

Германияда Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі Бельгияның үлкен қаласы Антверпенді қауіп-қатер аймағы деп атады, сондықтан ол жақтан кіргендердің бәрі оқшаулануға тиіс. Сонымен қатар Роберт Кох институтының мәліметі бойынша, Германияда үш ай ішінде күнделікті инфекциялардың саны ең жоғарысы - 1045. 7 мамырдан бері алғаш рет бұл көрсеткіш мыңнан асып кетті.

Маусым айында карантиндік шаралар жеңілдей бастаған Испанияда 24 сағат ішінде 1772 адам вирус жұқтырғаны белгілі болды. Жалпы, республикада 305,7 мыңнан астам инфекция жұқтырғаны тіркелген.

Польшаның кейбір аймақтарында, негізінен елдің оңтүстігінде және шығысында, бетперде кию тағы да міндетті болатынын айтты денсаулық сақтау министрі Лукаш Сумовски. Оның айтуынша, коронавирус ауруының өсуіне байланысты шектеулер ауру деңгейі ең жоғары 19 әкімшілік аймақта енгізілмек. 


Бұған дейін ДДСҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының атқарушы директоры Майк Райан барлық елдердегі жастар коронавирустың таралуын бәсеңдету үшін ойын-сауық кештеріне деген көзқарастарын өзгертуі керек екенін атап өткен болатын. Себебі жастар арасында инфекция жұқтыру көптеп кездесіп отыр.

«Жастар жауапкершілікті сезінулері керек. Өзіңізден сұраңыз - бұл кешке баруым керек пе, жоқ па? Мен клубқа немесе дискотекаға баруым керек пе?», - деді ол. 

ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс сонымен қатар жастардың таңдауы олардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін екенін айтып, жастарды ойын-сауық кештеріне барудан бас тартуға шақырды.

Барлық жаңалықтар