• Басты
  • COVID-19: 5 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай
5 Тамыз, 2020 09:47

COVID-19: 5 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай

Қазақстанда өткен тәулікте 1062 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлады Strategy2050.kz.

COVID-19: 5 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай

Оның ішінде 493 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 210 / 108

Алматы қаласы - 176 / 101

Шымкент қаласы - 14 / 8

Ақмола облысы - 46 / 22

Ақтөбе облысы - 11 / 3

Алматы облысы - 22 / 12

Атырау облысы - 38 / 26

Шығыс Қазақстан облысы - 122 / 50

Жамбыл облысы - 41 / 15

Батыс Қазақстан облысы - 59 / 28

Қарағанды облысы - 92 / 21

Қостанай облысы - 55 / 23

Қызылорда облысы - 28 / 15

Маңғыстау облысы - 30 / 17

Павлодар облысы - 46 / 23

Солтүстік Қазақстан облысы - 52 / 9

Түркістан облысы - 20 / 12

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 94 882.


Қазақстанда өткен тәулікте 1899 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 331

Алматы қаласы - 50

Шымкент қаласы - 43

Ақмола облысы - 102

Ақтөбе облысы - 10

Атырау облысы - 46

Шығыс Қазақстан облысы - 836

Жамбыл облысы - 15

Батыс Қазақстан облысы - 51

Қарағанды облысы - 19

Қостанай облысы - 69

Қызылорда облысы - 40

Маңғыстау облысы - 71

Павлодар облысы - 16

Солтүстік Қазақстан облысы - 189

Түркістан облысы - 11

Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 67 031.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 27 597 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 172 өскіншек бала бар. Стационарларда  6 351 науқас жатыр. 21 246  адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 172 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 26 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 44 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Сонымен қатар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады.


Коронавирус әлемде

Еуропа елдері инфекцияның өршуімен күресуде. БҰҰ барлық үкіметті оқушыларды мектепке қайтаруды, оқуларын жалғастыруға шақырды.

Австралия карантинді бұзғандарға 3,5 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл енгізді. Үндістанда пандемия басталғалы індет жұқырудың ең жоғары көрсеткіші тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш сейсенбі күні білім берудегі коронавирустың салдарынан туындаған «үзіліс» планетаның бүтіндей бір буыны үшін үлкен қауіп болғалы отырғандығын айтты. Оқушылардың мектепке оралуы және осы реттегі қауіпсіздік басты қазіргі таңда басты мәселе болуы керек, деп атап өтті ол БҰҰ сайтында жарияланған өзінің бейнехабарламасында.

Шілде айының ортасындағы жағдай бойынша 160 елдің шамамен 1 миллиард оқушысы үшін мектептер жабық, ал 40 миллионға жуық бала мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бара алмай қалды, деп атап өтті Гутерриш. Сонымен қатар, індет тарағанға дейін 250 миллион бала білім ала алмаған болатын, ал дамушы елдердің орта мектеп оқушыларының төрттен үш бөлігі мектептерден тіпті базалық білім алмай жатып кетуге мәжбүр болған.

Соңғы тәулікте Үндістанда өзге елдермен салыстырғанда, коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары көбірек тіркелді. Дүйсенбі күні Үндістанның 50 мыңнан астам тұрғынынан ауру анықталса, коронавирус диагнозы расталған 800-ден астам адам көз жұмған.

Аустралияның Виктория штаты коронавирусқа байланысты оқшаулау режимін бұзғандарға жаңа жаза тағайындалғаны туралы жариялады. Ұсталған заң бұзушыларға сол жерде 5 мың Австралия доллары (шамамен 3,5 мың АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Осы мақсатта штат көшелеріне 500 әскери қызметші жіберіледі.

Франция үкіметі жанындағы Ғылыми кеңес күзде немесе қыста елде коронавирустың екінші толқынының пайда болу қаупі өте жоғары екенін ескертті. Соңғы аптада елде жаңа жағдайлардың саны көбейе бастады. Соңғы үш күнде 3,4 мыңға жуық жағдай тіркелді, реанимация бөлімшелеріндегі пациенттер саны да өсті.

Соңғы аптада ауруға шалдығудың жаңа жағдайларының өсуі Еуропаның басқа елдерінде де, оның ішінде Бельгия, Люксембург және Испанияда анықталды. Сейсенбіде Польшада коронавирус жұқтырудың төртінші рекордтық көрсеткіші тіркелді. Бір күнде 680 жаңа жағдайы анықталып, алты адам қайтыс болды.

Сейсенбіден бастап ондаған миллион филиппин азаматы қайтадан карантинге алынды. Үйлерінен кетпеу туралы бұйрық ел астанасы Манила мен оның айналасына таратылды. Жексенбіде елдің дәрігерлері президент Родриго Дутертті Денсаулық сақтау жүйесінің құлдырауына жол бермеуге шақырды.

Барлық жаңалықтар