• Басты
  • COVID-19: 4 тамыздағы басты жаңалықтар
4 Тамыз, 2020 09:42

COVID-19: 4 тамыздағы басты жаңалықтар

Қазақстанда өткен тәулікте 1158 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлады Strategy2050.kz.

COVID-19: 4 тамыздағы басты жаңалықтар

Оның ішінде 555 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 220 / 108

Алматы қаласы - 178 / 96

Шымкент қаласы - 31 / 26

Ақмола облысы - 56 / 34

Ақтөбе облысы - 5 / 0

Алматы облысы - 52 / 29

Атырау облысы - 35 / 22

Шығыс Қазақстан облысы - 124 / 46

Жамбыл облысы - 47 / 12

Батыс Қазақстан облысы - 61 / 34

Қарағанды облысы - 90 / 23

Қостанай облысы - 57 / 42

Қызылорда облысы - 42 / 28

Маңғыстау облысы - 25 / 18

Павлодар облысы - 67 / 27

Солтүстік Қазақстан облысы - 51 / 4

Түркістан облысы - 17 / 6

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 93 820.


Қазақстанда өткен тәулікте 2621 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 513

Алматы қаласы - 504

Шымкент қаласы - 181

Ақмола облысына - 50

Атырау облысы - 437

Шығыс Қазақстан облысы - 9

Жамбыл облысы - 584

Батыс Қазақстан облысы - 72

Қарағанды облысы - 43

Қостанай облысы - 45

Қызылорда облысы - 74

Маңғыстау облысы - 32

Павлодар облысы - 31

Түркістан облысы - 46

Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 65 132.

 
Коронавирус әлемде

3 тамыздағы жағдай бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 18 миллионнан асты, делінген Джонс Хопкинс университетінің сайтында.

690 мыңға жуық пациент көз жұмған. 10,7 млн науқас жазылып шыққан. Өткен тәулікте ауру жұқтырудың 228,7 мың жаңа жағдайы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си агенттігіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы көптен күткен Covid-19 вирусына қарсы вакцина панацея болмауы мүмкін деп мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта жағдайды реттейтін «сиқырлы таяқша» жоқ, ол ешқашан болмауы да мүмкін», - деді ДДҰ басшысы Тедрос Аданом Гебреисус.

Індетке шалдыққандар саны жөнінен АҚШ көш бастап тұр. Мұнда 4,6 млн адам ауру жұқтырған. Екінші орында Бразилия (2,7 млн), үшінші орында Үндістан (1,8 млн), төртінші орында Ресей (854,6 мың) тұр.

Австралияда дүкендер жабылуда. Коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары көбейіп бара жатқан Австралияның Виктория штаты карантин шараларын күшейтті. Мельбурнде алты аптаға дүкендер жабылады.

Осы уақытқа дейін Австралия инфекцияның таралуымен жақсы күресе білді. Бірақ соңғы ай бойы Мельбурндегі жағдай нашарлай бастады. Елде тіркелген 18,3 мың науқастың жартысынан көбісі Виктория штатына тиесілі. Австралияда Covid-19 вирусынан 215 адам қайтыс болған.

Манчестерде төтенше жағдай жарияланды. Манчестер мен оған іргелес аудандардың билігі коронавирус жұқтыру оқиғаларының өсімін төтенше жағдай деп атады. Бірақ қала әкімшілігі бұл хабарлама жергілікті тұрғындарды алаңдатпауы керек деп мәлімдеді. Өйткені бұл жағдай барлық мемлекеттік қызметтерді инфекциямен күресу үшін қосымша ресурстар тартуға қажет.

Бұған дейін билік Үлкен Манчестерде, Ланкаширдің кейбір бөліктерінде және Батыс Йоркширде карантин шараларын қайта енгізді.

Британия – Еуропа елдеріндегі Covid-19 вирусынан қатты зардап шеккен елдердің бірі. Мұнда барлығы 306 мың адам індетке шалдықса, 42,6 мың науқас қауіпті вирустан көз жұмған. Соңғы екі айда инфекцияның таралуы азаюда. Бірақ вирус елдің аймақтарында өршіп барады.

Германияға Covid-19-ға қатысты қолайсыз жағдайы бар мемлекеттерден келгендердің барлығы коронавирусқа тест тапсыруы міндетті, деп хабарлады елдің Денсаулық сақтау министрлігі.

Германиядағы коронавирусқа байланысты ахуал жақсы болатын. Бірақ соңғы күндері коронавирус жұқтырушылар саны арта бастады. Бір тәулікте 509 адам вирус жұқтырды. Covid-19 жұқтырған жағдайлардың жалпы саны 210 мыңнан асады. Індет тарағалы тарай бастағалы 9148 адам көз жұмған.

Норвегиялық «Руаль Амундсен» круиздік кемесінде кем дегенде 40 жолаушы коронавирус жұқтырды. Борттағы тағы бірнеше жүз адам карантинде жатыр және тест нәтижелерін күтуде. Норвегиялық Hurtigruten компаниясына тиесілі кеме жұмадан бастап Норвегияның солтүстігіндегі Тромсё портына тоқтады. Компания барлық круиздері тоқтатылғанын хабарлады. «Қазір біз барлық мүмкіндікті және ресурстарымызды қонақтарымыз бен әріптестерімізге көмектесуге жұмылдырамыз», - деді Hurtigruten басшысы.

Филиппинде қатаң карантин шаралары қайта енгізілді. Манила мен оның маңындағы қалаларда шектеу енгізілді. Ел президенті Родриго Дутерте бұл шешімге келуге дәрігерлердің сөздері әсер еткенін түсіндірді. Олар елдің вируспен күресте әлсіз екенін ескерткен және денсаулық сақтау жүйесі ауру жұқтырғандар санының өсуіне төтеп берме алмауы мүмкін деген қауіп барын айтқан.

11 тамыздан бастап Сингапурда міндетті оқшауланған адамдар арнайы құрылғылардың көмегімен бақыланады. Бұл үй карантиніне жіберілген адамдарға қатысты. Құрылғылар GPS трекерлердің көмегімен адамдардың орналасқан жерін бақылайды. Сингапурде карантин шараларын бұзғандар қатаң жазаланады: құрылғыны алып тастаған немесе өзін-өзі оқшаулау ережесін бұзған адамға ірі мөлшерде айыппұл салынады немесе алты айға түрмеге қамалады.



Барлық жаңалықтар