- Басты
- COVID-19: 30 шілдедегі эпидемиологиялық жағдай
COVID-19: 30 шілдедегі эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 1472 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Оның ішінде 644 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.
Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 226 / 104
Алматы қаласы - 208 / 107
Шымкент қаласы - 55 / 34
Ақмола облысы - 59 / 36
Ақтөбе облысы - 24 / 13
Алматы облысы - 69 / 46
Атырау облысы - 64 / 52
Шығыс Қазақстан облысы - 211 / 66
Жамбыл облысы - 52 / 24
Батыс Қазақстан облысы - 79 / 46
Қарағанды облысы - 107 / 25
Қостанай облысы - 67 / 19
Қызылорда облысы - 54 / 30
Маңғыстау облысы - 44 / 8
Павлодар облысы - 65 / 14
Солтүстік Қазақстан облысы - 65 / 4
Түркістан облысы - 23 / 16
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 87664.
Ал коронавирус инфекциясын жұқтырып, жазалып шыққандар саны өткен тәулікте тағы 1 177 адамға толықты.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 288
Алматы қаласы - 151
Шымкент қаласы - 35
Ақмола облысы - 190
Ақтөбе облысы - 5
Алматы облысы - 93
Атырау облысы - 44
Шығыс Қазақстан облысы - 16
Батыс Қазақстан облысы - 48
Қарағанды облысы - 125
Қостанай облысы - 10
Қызылорда облысы - 29
Маңғыстау облысы - 27
Павлодар облысы - 9
Солтүстік Қазақстан облысы - 86
Түркістан облысы - 21
Жалпы Қазақстанда жазылып шыққандары саны 57 815 адамға жетті.
Карантин тағы екі аптаға созылады
Президентке есеп берген Премьер-министр Асқар Мамин 5 шілдеден бастап елімізде қатаң карантин шаралары енгізілгеннен кейін індет жұқтырушылардың саны 29 пайызға төмендегенін баяндады.
Бір күнде індет жұқтыратын адамдардың саны 1500-1600 аралығында тұрақтаған. Стационарлардағы емделушілердің қатары 43 пайызға, оның ішінде, реанимациялық палаталардағы науқастар саны 27 пайызға азайған. Сауығып шыққандардың саны 63 пайызға дейін өскен. Жедел-жәрдем шақыру жағдайы төмендеген. Осылайша, денсаулық сақтау жүйесінің негізгі жүктеме көрсеткішін төмендетуге қол жеткізілген.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мемлекет басшысына инфрақұрылым нысандарының эпидемиологиялық ахуалға және экономикаға әсерін ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету жолдарын баяндады.
Мемлекет басшысы коронавирус індетіне шалдығушылардың және соның салдарынан болатын өлім-жітімнің көрсеткішін одан әрі төмендетудің аса маңызды екенін атап өтті.
Шілде айында енгізілген шектеу шараларының оң әсерін одан әрі арттыру мақсатында, сондай-ақ, Қазақстандағы және шекаралас мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсу ықтималдығын ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырды.
«Эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсартуымыз қажет. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі карантиндік шараларды біртіндеп алу жоспарын ұсынып отыр. Ағымдағы жағдайды және осы айдың қорытындысын ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның отырысында бұл Жоспар қарастырылып, тиісті шешім қабылданатын болады», - деді А. Мамин.
Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, 30 шілде күні таңертеңгі жағдай бойынша әлемде 16 957 763 адам ауруға шалдығып, 665,486 пациент инфекциядан қайтыс болды.
«29 шілдедегі жағдай бойынша 2,3 миллион адам коронавирусқа тексерілді, олардың 400 663-і оң», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта 13 491 науқас ауруханаға жатқызылды, 1427 адам жансақтау бөлімінде, 18 816 адам қайтыс болды, 280 044 науқас сауығып кетті.
Әлемнің көптеген елінде ауру көрсеткішінің өсуі Еуропа билігін Еуропалық Одақтың сыртқы және ішкі шекараларын жабу туралы тағы да ойлануға мәжбүр етті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының топшылауынша, қайтадан ауру көрсеткішінің артауына себеп болып отырған әлеуметтік қашықтықты сақтау ережелерін сақтамайтын жастар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аймақтық директоры Ханс Клюге Би-Би-Си радиосына бүкіл әлем елдерінің басшылары өздерінің ұсыныстарын нақтылап, мәлімдеуге міндетті екенін айтты.
«Көптеген елдерде аурудың өсуі байқалып отыр. Бұл адамдардың мінез-құлқының өзгеруіне байланысты болғанын білеміз. Әр түрлі елдердің денсаулық сақтау басқармалары әсіресе жастар арасында инфекциялар көп екенін хабарлайды. Менің ойымша, біз жастармен қалай жұмыс жасау керектігі туралы тағы ойлануымыз керек», - деді Клюге.
-
Елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлады – Бас санитар дәрігер
-
COVID-19: Германия қатаң локдаунды 10 аптаға ұзартты, ал Малазиядағы төтенше жағдай 1 тамызға дейін жалғаспақ
-
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар
-
COVID-19: Ұлыбританияда қайтадан локдаун, Токио төтенше жағдай жарияламақ
-
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды
-
Covid-19: эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз
-
ҚР Төтенше жағдай министрі қар құрсауында қалмаудың жолдарын түсіндірді
-
Елдегі эпиджағдай: Бірқатар аймақта карантин шаралары жеңілдетілуде
-
СҚО-ның дамуы: Зауыт-фабриканың іске қосылуы, инвестиция көлемінің артуы және өңірдегі эпиджағдай
-
Алматыдағы эпиджағдай: Тұрақтандыру қорында 8 млн дәрі-дәрмек бар, 3 көпсалалы клиника салынбақ
-
Жаңа жағдайдағы неке мен отбасы мәселелері
-
Коронавирустың екінші толқыны: Жағдай күрделі, бірақ бақылауда
-
ШҚО-ның дамуы: Білім саласы, ауыл шаруашылығы, ШОБ-ты қолдау шаралары, эпиджағдай туралы
-
Әлемдегі эпиджағдай: Румыниядағы өрттен 10 адам қайтыс болды, ал Австрия екінші рет ұлттық локдаун енгізді
-
COVID-19: Француздар карантин талаптарын жаппай бұзуда, ал Германия эпиджағдай бұдан әрі ушығатынын айтып отыр

