• Басты
  • COVID-19: 12 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай
12 Тамыз, 2020 09:44

COVID-19: 12 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай

Қазақстанда өткен тәулікте 691 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Толығырақ Strategy2050.kz материалынан оқи аласыздар.

COVID-19: 12 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай

Оның ішінде 377 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 143 / 105
Алматы қаласы - 97 / 75
Шымкент қаласы - 7 / 1
Ақмола облысы - 50 / 27
Ақтөбе облысы - 16 / 6
Алматы облысы - 22 / 15
Атырау облысы - 21 / 18
Шығыс Қазақстан облысы - 75 / 26
Жамбыл облысы - 19 / 16
Батыс Қазақстан облысы - 45 / 20
Қарағанды облысы - 66 / 9
Қостанай облысы - 29 / 17
Қызылорда облысы - 9 / 6
Маңғыстау облысы - 15 / 11
Павлодар облысы - 26 / 8
Солтүстік Қазақстан облысы - 35 / 10
Түркістан облысы - 16 / 7

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 100855.


Қазақстанда өткен тәулікте 975 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша: 

Нұр-Сұлтан қаласы - 34
Алматы қаласы - 255
Шымкент қаласы - 1
Ақтөбе облысы - 65
Атырау облысы - 47
Шығыс Қазақстан облысы - 98
Жамбыл облысы - 5
Батыс Қазақстан облысы - 23
Қарағанды облысы - 143
Қостанай облысы - 121
Қызылорда облысы - 26
Маңғыстау облысы - 30
Павлодар облысы - 4
Солтүстік Қазақстан облысы - 79
Түркістан облысы - 44

Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 74677.

photo5305370413108407769.jpg

12 тамызда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды. Кеше коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 1 423 жағдайы және 8 өлім жағдайы тіркелді.

1 тамыздан бері жалпы ауырғандар саны – 14 760, 181 өлім жағдайы тіркелді


Коронавирус әлемде

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, 12 тамызда таңертең әлемде 20 209 647 адам ауырып, 739 960 пациент қайтыс болды. Жұқтырғандар саны Америка Құрама Штаттарында - 5,141,013, Бразилияда - 3,057,470 және Үндістанда - 2 268 675-ке жетті.

Ұлыбритания билігі карантин салдарынан жұмыссыздықтың өсімі рекордтық көрсеткішке жеткенін атап өтті. Ұлттық статистика бюросы сәрсенбіде жұмыссыздар саны соңғы тоқсанда 220 мың адамға көбейгенін хабарлады.

Жалпыға бірдей жәрдемақы алатын британдықтардың саны жұмыссыздарға да, салыстырмалы түрде аз мөлшерде алатындарға шілде айында наурызбен салыстырғанда 2,6 млн немесе 117% -ға өсті.

Ресейде әлемде алғаш рет коронавирусқа қарсы вакцина ресми түрде ұсынылды.

Бұл туралы президент Владимир Путин сәрсенбідегі үкімет отырысында мәлімдеді. Президенттің сөзінше, Ресейде тіркелген коронавирустық вакцинаның жаппай өндірісі жақын уақытта басталуы керек, ал вакцинация ектіру ерікті түрде болады.

Барлық жаңалықтар