• Басты
  • COVID-19: 10 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай

COVID-19: 10 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай

10 Тамыз, 2020 09:43

Қазақстанда өткен тәулікте 741 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Толығырақ Strategy2050.kz ақпараттық порталының материалынан оқи аласыздар.

Оның ішінде 340 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 163 / 56
Алматы қаласы - 132 / 61
Шымкент қаласы - 1 / 1
Ақмола облысы - 42 / 19
Алматы облысы - 18 / 15
Атырау облысы - 30 / 29
Шығыс Қазақстан облысы - 58 / 20
Жамбыл облысы - 20 / 10
Батыс Қазақстан облысы - 49 / 16
Қарағанды облысы - 87 / 37
Қостанай облысы - 31 / 16
Қызылорда облысы - 5 / 3
Маңғыстау облысы - 28 / 23
Павлодар облысы - 21 / 9
Солтүстік Қазақстан облысы - 38 / 12
Түркістан облысы - 18 / 13

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 99442.


Қазақстанда өткен тәулікте 250 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша
Нұр-Сұлтан қаласы - 28
Алматы қаласы - 21
Шымкент қаласы - 4
Ақмола облысы - 25
Ақтөбе облысы - 18
Атырау облысы - 27
Шығыс Қазақстан облысы - 12
Батыс Қазақстан облысы - 24
Қарағанды облысы - 7
Маңғыстау облысы - 8
Павлодар облысы - 33
Солтүстік Қазақстан облысы - 43

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 72 523.


Коронавирус әлемде


Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, 10 тамызда таңертең әлемде 19,778,566 адам ауруға шалдығып, 729 768 адам қайтыс болды.

Жексенбіге қараған түні жаңа коронавирус анықталған америкалықтардың жалпы саны 5 миллионнан асып, Бразилияда Covid-19-дан көз жұмғандар саны 100 мыңнан асқан.

Британия премьер-министрі оқушылар мектепте оқулары керек екенін айтса, Парижде көшеде де маска тағып жүру міндеттелді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА ВВС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ крронавирустық инфекция жұқтыру бойынша әлем бойынша бірінші орында. Алғашқы үштікке Бразилия да кіреді. Ол жақта аталған ауруды жұқтырғандар саны 3 миллионнан асады. Одан кейінгі орында Үндістан тұр. Ол жақта Covid-19 жұқтырғандар саны 2 миллионнан асады.

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 880 мың. Бұл мемлекет ауру жұқтыру бойынша төртінші орында тұр. Соңғы тәулікте Мәскеуде инфекция жұқтырғандар көп тіркелген. Саны - 689.

Ресми дерек бойынша, кеше Ресейде Covid-19 диагнозы қойылған 77 адам көз жұмған. Ал осы дерттен көз жұмғандардың жалпы саны 15 мыңға жуықтап қалған.

Барлық жаңалықтар