- Басты
- COVID-19: Төрт апталық карантиннің нәтижесі қандай
COVID-19: Төрт апталық карантиннің нәтижесі қандай
4 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 93820 науқас тіркелді, олардың 27 597-і ем қабылдауда, 65132 (69,4%) ауруханадан шығарылды, 1091 қайтыс болды. Жалпы елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы Денсаулық сақтау министрі Алекцей Цой үкімет отырысында баяндады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Министрдің сөзіне сенсек, жалпы республикада тіркелген жағдайларды өткен аптамен салыстырғанда 18% -ға төмендеу байқалып отыр.
4 апталық карантиннің нәтижесі
Ауруханалардағы жатын орындарды пайдалану 56% -ға, оның ішінде реанимация төсек орындарды қолдану 36% -ға азайды. Сауығып шыққандардың саны 69,4%-ға дейін өсті. Жедел жәрдем қызметіне, оның ішінде коронавирусқа қатысты қоңыраулар саны 40%-ға төмендеді. Инфекцияның көбею жылдамдығы 24% -ға, яғни 1,2-ден 0,89-ға дейін төмендеді.
«Осылайша, денсаулық сақтау жүйесіне түсетін ауыртпалықтың негізгі көрсеткіштері азайтылды. Қатаң шектеу шаралары енгізілгенге дейін көбею деңгейі 1,2 болды. Карантин енгізілгеннен кейін екі аптадан соң репродуктивті деңгейдің тұрақты төмендеу үрдісі байқалып отыр»,- деді министр.
23 шілдеден бастап инфекцияның көбею қарқынының тұрақты төмендеуі байқалып, 4 тамызда бұл көрсеткіш 0,89-ға дейін азайды. Оның айтуынша, бұл енгізілген карантиннің тиімділігі мен жағдайды тұрақтандыру үшін кеңінен қолданылып жатқан шаралардың тағы бір дәлелі.
«Коронавирус статистикасын есептеу тәртібінің өзгеруіне байланысты 1 тамыздан бастап Денсаулық сақтау министрлігі тамыздың алғашқы он күніндегі мәліметтер негізінде көбею қарқынын қайта есептейді. Біз бұдан әрі аймақтардағы жағдайды бағалауды жалғастырамыз», - деді Алексей Цой.
Қазақстандықтардың барлығы бетперде киюге міндетті
«Бепердені кию тиімді екенін халықаралық тәжірибе негізінде талдадық. Сонымен 1 айдан кейін бетперде кию режимінің мультипликативті әсері вирустың көбею әсерін 4 есеге дейін төмендетеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, егер маска киген адам инфекцияны 30% -ға азайтса (орта есеппен 1,7), бұл бір ай ішінде жұқтырған адамдар санын 300-ден 85-ке дейін азаюына мүмкіндік береді. Әлеуметтік қашықтықты сақтаумен қатар мультипликативті әсер айына 1 адамға дейін жұқтыру деңгейіне жетеді», - деді министр.
Сонымен қатар санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-алдын алу шараларын ұйымдастыру және өткізу тәртібіне енгізілген өзгерістер мен бетпердеге қатысты шыққан бұйрыққа тоқталып өтті.
«Бетперде кию қоғамдық орындарда, тұрғындарға қызмет көрсететін ғимараттарда және демалуға арналған үй-жайларда міндетті. Сонымен қатар қоғамдық көлікте, ашық ауадағы қоғамдық орындарда да бетперде тағу міндетті», - деді ол.
Кімдерге бетперде кимей жүруге рұқсат беріледі
«Бес жасқа дейінгі балалар, жеке және топтық спорт түрлерімен айналысатын адамдар, бірақ 5 адамнан аспау керек, сонымен бірге әлеуметтік қашықтықты толық сақтауы керек және медициналық бұйымдарға қарсы көрсетілімдері бар адамдарға маска тақпауға рұқсат. Сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік қашықтықты сақтаған жағдайда бетперде кимеуге болады», - деді Алексей Цой.
Сонымен қоса ол соңғы төрт апта ішінде санитарлық талаптардың күшеюіне байланысты барлық өңірлерде тұрғындардың ауыру деңгейі айтарлықтай төмендегенін айтты. Оның айтуынша, орташа алғанда, елде аурудың күн сайынғы өсуі шамамен бір жарым есе азайған.
-
Сарапшылар пікірі: "Президент Үкімет отырысында ең өзекті мәселелердің шешімін айтты"
-
МИБ пен ЖС-ны құру үшін не істеу керек, қандай құжаттар қажет және ХҚО-да қалай тіркейді
-
ИНФОГРАФИКА: ТМД-да тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші қандай
-
Мамин: 2021 жылы мұнай-газ өнімдерін 12 %-ға арттыру жоспарланды
-
Коронавирусқа қарсы вакцинаны кім ала алады, жанама әсерлері қандай
-
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады
-
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды
-
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы
-
Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды
-
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
-
COVID-19: Қазақстанда вакцина қашаннан бастап егiледi, кiмдер тегiн ала алады
-
Жаңа үкімет құрамы жасақталды
-
Қазақстан өңірлеріндегі эпидахуал: Вирус жұқтыру көрсеткіші өсті
-
Қазақстанға келген шетел азаматтарына пандемияға байланысты қандай жеңілдік қарастырылды

