- Басты
- Cайлау-2021: Үкімет басшысы, Сенат Төрағасы, Мемлекеттік хатшы алғаш болып дауыс берді
Cайлау-2021: Үкімет басшысы, Сенат Төрағасы, Мемлекеттік хатшы алғаш болып дауыс берді
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 20 қазанында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Бүгін 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы 7-де басталды. Алғаш болып дауыс бергендер қатарында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин бар, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Конституциялық мерзімге сай өтіп жатқан Мәжіліс сайлауына елімізде тіркелген 5 саяси партия – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Nur Otan» партиясы, «ADAL» саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақстанның Халық партиясы» қатысып жатыр.
Бүгін таңғы сағат 07.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» концерт залында орналасқан №138 сайлау бөлімшесінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин өз таңдауын жасады. Үкімет басшысы аталған сайлау учаскесінде тіркелгенін растап, бюллетень алып, дауыс берді. Ол әлеуметтік ара-қашықтықты сақтап кезекте де тұрды. Учаскеде санитарлық нормалар барынша мұқият сақталған. Жауапты мамандар әрбір адамның дене қызуын өлшеп, медициналық маска, қолғаптың болуын тексеруде.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында орналасқан #111 сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады.
Қазақстанның Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттары сайлауында елордадағы 66 мектепте орналасқан 113 сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Бүгін Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау күні өтіп жатыр. Менің ойымша, әр азамат өз таңдауын жасап, конституциялық құқығын пайдаланғаны жөн. Және сол арқылы еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына өз үлесін қосады»,- деді Айқын Қоңыров.
«Ауыл» партиясы төрағасы Әли Бектаев та Нұр-Сұлтан қаласындағы №66 мектепте дауыс берді.
"Бүгін халық келіп, өз қалауларын жасап жатыр. Сайлау алдында көп жұмыс атқардық. Өз жоспарымыздағы жұмыстың барлығын атқарып шықтық деп ойлаймыз. Сондықтан бұл сайлаудан үлкен үмітіміз бар. Шынын айтқанда, биылғы сайлау өте ерекше сайлау болып отыр. Өзім талай сайлауға қатысып та, дауыс беріп те жүрген адаммын. Ерекшеліктері өте көп болды. Партиялар арасында өте үлкен тайталас, жарыс болды. Әр партия өзіне лайықты дауыс жинау үшін елді, елді мекендерді қамтуға тырысты", - деді ол.
ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев елордадағы №126 сайлау учаскесінде Мақсұт Нәрікбаев атындағы №79 мектеп-лицейге келіп дауыс берді.
«Бүгін еліміз үшін айрықша сәт деп ойлаймын. Халқымыздың ең асыл мұраты – Тәуелсіздікті нығайту жолында мақсатымыз, сондай-ақ өскелең ұрпақ алдында үлкен жауапкершілігіміз бар. Соны есінде ұстай тұра халқымыз бұрыннан танбай келе жатқан өзінің парасаттылығын, ынтымағы мен бірлігін көрсетеді деп ойлаймын. Сол жауапкершіліктің деңгейінде боламыз. Әлемде әртүрлі жағдай орын алып, қоғамды жік-жікке бөлген әрқилы оқиғалар болып жатыр. Осы сайлау – халқымыздың бірлігі мен ынтымағының, Тәуелсіздік жолында ең ізгі қасиеттерімізді көрсетеді деген ойдамын», - деді Қырымбек Көшербаев.
ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас ғимаратында орналасқан 110-сайлау учаскесінде дауыс берді. Жалпы 110-учаскеде 2606 тұрғын тіркелген.
Учаскеде барлық санитарлық талап сақталған және кіреберісте дене қызуы өлшеніп, тегін бетперде мен қолғаптар таратылады.
-
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды
-
Жаңа үкімет құрамы жасақталды
-
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ»
-
Мамин қайтадан Премьер-министр болып тағайындалды
-
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды
-
Қ.Тоқаев Парламенттің VII шақырылымының алғашқы сессиясын ашты
-
Заңнамадағы жаңа түзетулер: Студенттерге мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді
-
Парламент Мәжілісі депутаттына ҚХА кандидаттарына дауыс беру нәтижесі жарияланды
-
ҚХА мүшелерінің дауыс беруі басталды
-
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Сайлау-2021: Сайлаушылардың 52,5%-ы дауыс берді
-
А.Сарғазин: Бүгін дауыс беру шарттарын бұзу туралы шағым түскен жоқ
-
Сайлау-2021: Мәжіліс Төрағасы, «Ақ жол» мен «Адал» партияларының төрағалары дауыс берді
-
Сайлаушылар дауыс беруге белсенді келуде
-
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді

